Деңгейлік-саралау



жүктеу 24,05 Kb.
Дата12.11.2023
өлшемі24,05 Kb.
#44177
түріОқулық
Деңгейлік


Деңгейлік-саралау – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Сабақ барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасалады. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады.

  1. Оқушылық деңгей:

  • жаттап алуға лайықталған болу керек;

  • алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік берілуі;

  • тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Яғни, мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже анықтамаларын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмалар құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

  1. Алгоритмдік деңгей:

  • өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады;

  • оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар;

  1. Эвристикалық шығармашылық деңгей:

  • танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек;

  • өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтерді диаграмма, графиктер салу арқылы жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар;

  • оқушыларды белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару);

  • олимпиада есептерін шығару;

  • берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Демек бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

1-деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалау бойынша 2,3-деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемаларының шешілуіне жақсы жағдай жасалады. Олар:

  • әр оқушының барлық пән бойынша толық үлгеруіне кепілдік алуы;

  • оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу» үрейінің жойылуы;

  • әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы шешіледі;

  • оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі;

  • оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететінін саласынан дарын ашу проблемалары шешіледі;

  • оқушылардың мемлекеттік стандартты талаптарына сай білім алуын қамтамасыз ету.

Оқушылардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі тексерудің мәні зор. Бұл оқу процесінің ең қажетті элементі
жүктеу 24,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау