Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет9/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

34
«Матасу»  сөзінің  мәнін  ашу  (Түсіндірмелі  сөздіктен 
айту, құрамын талдау, мәнмәтіннен қарау).
Құрамы: 
мата+с+у 
(түбір 
етістік+ортақ 
етіс 
жұрнағы+тұйық етістік жұрнағы).
-Уа,  Жалпақ,  Ергенекті  елімізді  екі  шапты,бірінде  мен, 
бірінде сен тоналдың: мен малымды, сен жаныңды бердің. 
Жаныңды берген емей немене, қырық жетіні матап берген 
қалыңдығыңды әкетті (Ғабит Мүсірепов).
Матап берген – байлап, қосақтап беру.
Сонда  матасу  деген  не?  (Оқулықтан  қарап  оқып, 
ой түйінін сызба ретінде ұсыну) 
 
 
 
 
                                                                      Х
Жаңа  материалды  пысықтау.  Абай  өлеңінен  алынған 
үзіндіден матасуды тауып, тәсілдерін ажырату.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? (Абай).
IV. Бекіту жұмыстары.
248-жаттығу.  Әр  азат  жолмен  әр  топ  жұмыс  атқарып, 
матаса байланысқан тіркестерді тауып талдайды.
Жұмыс алгоритмі:
1. Берілген бөлімді оқиды.
2. Негізгі ойды ашады.
3.  Матаса  байланысқан  тіркестерді  дәптерге  жазып 
талдайды.
Пысықтау сұрақтары:
1. Бие сүтінің қасиеті туралы не айтасың?
2. Қымыз іштің бе, дәмі қандай?
 
Бағыныңқы 
басыңқы 


35
3.  «Ауырып  ем  іздегенше,  ауырмайтын  жол  ізде»  деген 
сөз бар, ауырмас үшін не істейсің?
Матасу: 1-топ бие сүтінің қасиетін, т.б. (4 тіркес); 2-топ 
дәрі-дәрмектің  қымбат  кезінде  (5  тіркес);  3-топ  жаз-күз 
айларында (3 тіркес).
Ілік септік жалғауы жасырын жерлерді тақтаға жазу:
Бие сүтінің;
Өзіміз куә екенімізді;
Жаз-күз айларында;
Өз тәжірибемізден.
251-жаттығу.  Мәтінмен жұмыс.
Жұмыс алгоритмі:
1. Мәтінді бөліп оқиды;
2. Негізгі ойды ашады;
3. Оқыған бөлімге ат қояды;
4. Матаса байланысқан тіркестерді тауып оқиды, тәсілін 
анықтайды.
Күтілетін жауап:
1. Отаны бар адам бақытты;
2. Ана тіліңдегі ән рухы;
3. Әнге, қазаққа құрмет.
(1-азат  жолда  7  тіркес,  2-азат  жолда  16  тіркес,  3-азат 
жолда 5 тіркес).
Пысықтауға арналған қосымша сұрақтар:
1. Мәтін авторы Майра Мұхамедқызы кім, ол туралы не 
білесің?
Майра  Мұхамедқызы  ҚХР-да  өнерлі  отбасында  туып 
өскен. Тарихи Отанына 1994 жылы оралды. Әкесі Мұхамед 
Әбдіқадырұлы  —  композитор,  профессор,  музыка  зерттеу 
саласы  бойынша  көптеген  кітаптардың  авторы.  Анасы 
Камал Қуанышқызы — әнші, ҚХР Халық әртісі.
Майра  Мұхамедқызы  Бейжің  Ұлттар  университетінің 
музыка  факультетін  (Джоу  Бен  Чин  сыныбы)  және  Пекин 


36
консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Алматыда 
Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық  консерваториясында 
(профессор Н.А. Шариповтің сыныбы) сынақтан өткен.
Майра  Керей  —  керемет  орындаушылық  шеберлігімен 
қоса  табиғат  берген  ажары  мен  өнері  астасқан  дарынды 
әнші.
Майра  Мұхамедқызы  Қазақтың  мемлекеттік  Абай 
атындағы академиялық опера және балет театрының сопрано 
дауысты жетекші әрі беделді әншісі.
Майра  Мұхамедқызы  —  Қазақстан  Республикасына 
еңбегі  сіңген  әртіс.  Әдебиет  және  өнер  саласындағы  2008 
жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көптеген беделді 
халықаралық байқаулардың лауреаты, жеңімпазы.
2.  Майра  Мұхамедқызының  орындауында  «Ағажай 
Алтай» әні (әнді тыңдату, әнші фотосуретін көрсету).
V. Шығармашылық жұмыс.
1. Әннен алған әсерің қандай? «Ән – көңіл ажары» деп 
неге айтады? (шағын ойтолғау жазу немесе айту)
Тақтада «Ән – көңілдің ажары»деген сөйлемнен матаса 
байланысқан тіркесті көрсету.
2. Ән-күй, өнер туралы мақал-мәтелдер айтқызу, тақтада 
жазылғанына матасуға сәйкес сөздер қойып толықтыру.
Өнерлінің өрісі кең.
Ел іші – өнер кеніші.
Өнерлі бала – елдің көркі,
Үкілі қамыс – көлдің көркі.
Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді.
VI.  Сабақты  қорытындылау.  Матасу  деген  не,  не  ой 
түйдің? (Алған білімін топтастыру).
VII.  Үйге  тапсырма  беру:  250-жаттығу.  Ілік  септігі 
жасырын  матасуға  мақал-мәтелдерден,  Абай  өлеңдерінен 
мысалдар келтіріп жазу.
VIII. Бағалау.


37
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Тойындық ЖОЛАМАНОВА,
Жанайдар Мусин атындағы 
педагогикалық колледж 
оқытушысы.
Көкшетау қаласы.
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДАҒЫ 
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС  
Қазақ  әдебиетін    басқа  пәндермен  байланыстыра 
оқытудың ғылыми-практикалық және тәрбиелік маңызы өте 
зор.
Мектептерде 
оқытылатын 
пәндерді 
бір-бірімен 
байланыстыра, ұштастыра оқыту оқушылардың жан-жақты 
білім  алуына  жол  ашады.  Олардың  білім  алу  жолындағы 
саналылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.
Тәжірибенің  дәлелдеуінше,  оқушылардың  әдебиеттен 
берілетін  білім  тармақтарын  толық  меңгеруі  тек  әдебиет 
пәні мұғалімі ғана емес, сол мектепте барлық пәннен дәріс 
беретін  мұғалімдерге  де  байланысты.  Өзінің  беретін  пәні 
мен  оған  байланысты  түрліше  жүргізілетін  практикалық 
жұмыстарды  оқушыларға  дәл  және  орнықты  меңгертіп 
отыру  үшін  мектептегі  барлық  пәннің  мұғалімдері  ең 
алдымен  өзінің  ана  тілін  жоғары  деңгейде  меңгеруі  керек, 
өйткені олар өз  пәндерін оқушыларға ана тілін шебер білудің 
нәтижесінде  ғана  үйрете  алады.  Сол  арқылы  оқушыларды 
білім алу жолында ойлана білуге, сауатты жазуға, білгенін 
жүйелі мазмұндап айтып беруге және өмірге шығармашылық 
тұрғыда пайдалана білу жолдарына дағдыландырады.
Пән мен пәнді бір-бірімен ұштастырып, байланыстырып 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау