Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет11/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

41
таусарымсақ,  қымыздық,  қалақай,  атқұлақ,  айылқияқ, 
саржағал,  құстаңдай.  Барлығы:  50.  Міне,  оқушыларға 
осындай терең білім берілсе, жас өскін жан-жақты дамиды.
7-сыныпта  Тахауи  Ахтановтың  «Окоп  үстіндегі  айқас» 
(«Қаһарлы  күндер»  романынын  үзінді)  әңгімесін  өткенде 
тарих  пәнімен  байланыстырып,  «Тарихи-салыстырмалы» 
әдісті қолданып талдау жұмыстарын жүргізуге болады.
Әдебиет  пәнін  өзге  пәндермен    байланыстыра  оқытуда 
оқушылардың  өздеріне  сыныптан  тыс  тапсырмалар  беріп 
отырудың  да  маңызы  ерекше  зор.  Оқушылардың  өздігінен 
жұмыс істеуі, шығармашылық тапсырмалар орындауы  жас 
жеткіншектің  функционалды  сауаттылығын  арттырады, 
ойлау шеңберін кеңітеді, білім сапасын арттырады.
Сағыныш ШОЛПАНБАЕВА,
                                                     «Қарқара орта мектеп 
мектепке дейінгі 
шағын орталығымен» 
мемлекеттік мекемесінің 
мұғалімі.
Алматы облысы,                                 
Райымбек ауданы.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»
(8-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – Қорқыт ата өмірінен 
мәлімет беру, Қорқыт ата айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік 
мәнін ашу; дамытушылық – оқушыларды  өз ойын еркін 
айтуға  дағдыландыру;  тәрбиелік  –  нақыл  сөздер  арқылы 
ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.


42
Түрі:  жаңа  білім  беру.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  топтық 
жұмыс.  Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  Қорқыт  ата 
шығармашылығынан    слайд,  сызба,  «Қорқыт  ата  кітабы» 
электронды  оқулығы.  Пәнаралық  байланыс:  қазақ  тілі, 
тарих.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру:  а)  оқушылармен    сәлемдесу,  сабаққа 
қатысуын  есепке  алу;  ә)  оқушылардың  зейінін  сабаққа 
аудару.
Өткен сабақты пысықтау:
а) Орхон-Енисей ескерткіштері қай жерден табылды? 
ә) Түрік қағанатының негізін құрған кім? 
б)  Орхон    жырларының  қазақ  эпостарымен  ұқсастығы 
неде?
Жаңа сабақ.
І. Ой қозғау. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Қорқыт ата кім болған? Қай ғасырда өмір сүрген? Шыққан 
тегі. Интерактивті тақтадан Қорқыт атаның суретін көрсету 
(1-слайд).
1. Қорқыт ата  VIII ғасырда  қазіргі Қызылорда облысы-
ның Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төмен-
гі  жағында,  Жанкент    қаласында  өмір  сүрген.  Қорқыттың  
әкесі  Қарақожа  оғыз  тайпасына  жататын  баят  руынан 
шыққан, анасы – қыпшақ қызы.
Қорқыт –  болашақты болжайтын сәуегей,бақсы, күйші, 
жырау, ел көсемі, дана абыз, мәңгілік өмір іздеуші.
2. Қорқыттың өмірге келуі туралы аңыз. Қорқыт туыларда 
анасы  тоғыз  күн  бойы  қатты  қиналады,  алай-түлей  боран 
соғады, нөсерлі жауын құяды, айналаны қара түнек  басып, 
күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін ұшырады. 
Халық жаңа туылған балаға «Қорқыт» деп ат қояды. 
3. «Қорқыт» сөзінің этимологиясы. 1) «Қорқ» сөзі – «ақыл 
айтушы», «насихат айтушы» деген мағанада қолданылады. 


43
2)  «Қорқыт»  сөзі  «құт  әкелуші  адам»  деген  мағынада 
қолданылады.
4.  Қорқыт  атаға  1980  жылы  Қызылорда  облысының 
Жосалы  стансасынан  18  шақырым  жерде  ескерткіш-кешен 
тұрғызылды .  
ІІ.  Қорқыт  шығармашылығы  (2-слайд).  Қорқыттан 
жеткен  11 күй бар.
 
         
     
«Қорқыт ата кітабы» – бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес 
халықтарға ортақ мұра. Кітаптың екі  нұсқасы сақталған. 12 
жырдан тұратын   нұсқасы  Германияда  Дрезден қаласында,  
6 жырдан тұратын екінші нұсқасы Италияда,  Ватикандағы 
Аристолика  кітапханасында сақталған.
 
Қорқыт                
күйлері 
«Ұшардың  
ұлуы» 
«Кілем 
жайған» 
«Желмая» 
«Аққу» 
«Қорқыт» 
«Сарын» 
«Тарғыл 
тана» 
«Қоңыр» 
«Башпай» 
«Әупбай» 
«Елім- ай, 
халқым-ай» 


44
 
          
     
«Қорқыт  ата  кітабы»  1986  жылы  тұңғыш  рет    Әуелбек 
Қоңыратбаев пен Мардан Байділдаевтың аударуымен   қазақ 
тілінде жарық  көрді.
ІІІ. Қорқыт айтқан асыл сөз.
Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.
Самай шашы ағарған баба көрікті.
Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.
Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі 
көрікті.
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. 
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі.
Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар. 
Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.
 
«Қорқыт ата 
кітабының» он екі 
жыры 
Дерсеханұлы  
Бұқаш туралы 
жыр 
Байбөрі 
баласы 
Алып Бамсы 
Тоқа баласы 
Ержүрек 
Темірұл 
Қазан Салар- 
бектің ауылын  
жау шапқаны 
Қазылық 
Қожаұлы 
Жүгенек 
туралы 
жыр 
Сыртқы 
оғыздардың ішкі 
оғыздарға қарсы 
шығуы және 
Бамсы-Бейректің 
өлімі туралы 
жыр  
Бегілұлы 
Әмрен 
жөніндегі 
жыр 
Үйсін-
Қожаұлы 
Секрек 
туралы жыр 
Қам-Бураұлы 
Бамсы-Бейрек 
жөніндегі жыр 
Хан 
Төрәлі 
Тобекөз 
дәуді 
өлтірген 
Бисат батыр 
Салар Қазанның 
тұтқынға түсуі 
және оны ұлы 
Ораздың 
босатуы туралы 
жыр 


45
Баба атын шығармаған жігерсіз ұл  баба белін бүгілткенше, 
бүгілтпегені игі.
Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі.
ІV. Шығармашылық жұмыс.  
Қорқыт  атаның  нақыл  сөздерінің    қазіргі  мақал-
мәтелдермен  ұқсастықтарын табу.
№ Қорқыт атаның нақыл сөздері
Қазіргі қазақ мақал-
мәтелдері
1
Қыз анадан көрмейінше, өнеге 
алмас, Ұл атадан көрмейінше, 
сапар шекпес.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
2
Баба атын шығармаған жігерсіз 
ұл  баба белін бүгілткенше, 
бүгілтпегені игі.
Жақсы бала әкесінің 
есіктегі басын төрге 
сүйрер,
 Жаман бала әкесінің 
төрдегі басын есікке  
сүйрер.
3
Жат баланы қанша сақтасаң да 
ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер 
де кетер, бірақ көрдім демес.
Кісі баласы кісендесе де 
тұрмайды.
Ер - туған жеріне, 
ит - тойған жеріне.
4
Жалған сөз бұл дүниеде 
болғанша, болмағаны игі.
Өтірікшінің шын сөзі де 
зая.
5
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Ажал жетпей жан 
шықпас.
6
Бас аман болса, бөрік табылады.
Бас аманның малы түгел.
VҚорытынды. 
№ Үйрендім
Алған әсерім
Қорқыт атаның әдеби 
тұлғасын танып, 
өмірі жайлы мәлімет 
алдым. «Қорқыт 
ата кітабының» 
жалпы мазмұнымен 
таныстым.
Нақыл сөздерінің мән-мағынасын 
танып, олардың үлгі-өнеге, 
өсиет түрінде айтылғандығына, 
адамгершілікке негізделгендігіне, 
қазіргі уақытта да қолданыста 
екендігіне көзім жетті. Мысалы: 
Көп қорқытады, терең батырады. 
Өтірік сөз өрге баспас.
VІ. Бағалау.
VІІ.  Үйге  тапсырма.  Қорқыт  атаның  нақыл  сөздерінің 
тақырыптарын анықтау.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау