Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет10/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

38
отыру  мұғалімнің  алуан  түрлі  қолданған  әдістері  мен  өз  
пәнін жан-жақты кеңейтіп үйрете білу шеберлігінен туады. 
Ол үшін әр мұғалім өзінің білім мен тәрбие беру ісіне ерінбей 
тәжірибе жасай білуі керек. 
Пән  мен  пәнді  байланыстыра  оқытудың  қазіргі  кездегі 
ұстанымдары  оқушылардың  алған  білімдерінің  тиянақты 
болуына  және  оны  нақтылы  фактілерден  өздері  бақылап, 
саналы  меңгеруіне,  алған  білімін  жан-жақты  зерттеп 
кеңейтуіне  және  ақыл-ойының  жан-жақты  дамуына  жол 
ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдіс болып отыр. 
Сондықтан  қазақ  әдебиетін  оқыту  жұмыстары  барлық 
пәнмен байланыстырылып отырылады.
Мектеп практикасында әдебиет пәні мен қазақ тілі пәні бір-
бірімен ұдайы байланыстырыла оқытылады. Оқушылардың 
лексикасын байытып, оны молықтырып отыратын тіліміздің 
ең  бай  қазынысының  бір  қоры  –  қазақ  халқының  көркем 
әдебиеті, оның алуан түрлі жанрлары. 
Әдебиетті  жақсы  білетін  адам  өмірдің  шындығын, 
халықтың тарихы мен тілін жақсы білетін болады.
Тіл  пәнін  әдебиет  салаларын  оқытуға  байланысты 
орынды пайдаланып отыру оқушыларға эстетикалық тәрбие 
береді  және  соған  оқушылардың  икемділігін  арттырып 
шеберлендіреді.  Соның  нәтижесінде  олар  өз  өміріне  және 
сол мақсатта істелетін өз ісіне көзқарасын қалыптастырып, 
сүйіспеншілігін  арттырады.  Мәселен,  мұғалім  әдебиет 
пәнінен мақал-мәтелдерді, жұмбақ пен ертегілерді оқытуда 
ондағы грамматикалық белгілерді талдаттырып ажыраттыру 
арқылы, біріншіден, қазақ халқының ескі өмірін, әлеуметтік 
тарихи жағдайлары мен мүддесін және олардың сол кездегі 
түрлі көзқарасын білдірсе,  екіншіден, тілдік материалдарды 
меңгеретін  болады.  Мысалы,  мәтіннен  мақал-мәтелдерді 
теріп жазып,  одан етістіктерді тауып, құрамына талдау.
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.


39
Жігіттің екі сөйлегені – өлгені, Еменнің иілгені – сынғаны.
Әдебиет  сабақтарында  өнер  тақырыптарына  жазылған 
шығармаларды  оқытуда  музыка  пәнімен  байланыстырған  
қолайлы.  Мәселен,  8-сыныпта  Тахауи  Ахтановтың  «Күй 
аңызы» әңгімесін оқытып талдатуда Ілияс Жансүгірұлының 
«Күй»  поэмасымен  салыстыра  отыра  талдап,  үнтаспадан 
«Боз інген» күйі мен «Нар идірген» күйін тыңдату. Сыныпта 
домбыра  тартатын  оқушы  болса,  солардың  біріне  екі 
күйдің бірін тарттырып, домбырамен күй құдіретін таныту. 
«Күй  аңызы»  әңгімесінде:  «..Нардың  тақырдай  қатып 
қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне 
тіршілік  дірілі  еніп,  бір-екі  рет  қозғалып  теңселгендей  де 
болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен 
көзі  жасқа  толып,  жаудырап  тұр  екен.  Күйші  осы  кезде 
күй  ырғағын  баяулатып  келіп,  ақырын  дірілдетіп  көтерді 
де,  ботадай  боздатып  жіберді.  Анадан  айырылған  жас 
ботаның  алғашқы  зарлы  үні  үзіліп-үзіліп  шығады.  Аруана 
осы  тұста  бір  ыңыранды.  Естемес  оны  да  домбыраның 
шегіне  әкетті...».  Ал  Ілиястың  «Күй»  поэмасында:  «Сол 
күйге жан жылынған, жүрек жерік, Шойындай сонау отта 
кеткем еріп. Қобыздың улы күйін қаннан сарқып, Соңғы күй 
тұла бойды кеткен керіп». Мәтіннен түйенің ботасын іздеп 
зарлаған  үні  суреттелген  жерді  тапқызып,  сол  сәт  күйде 
қалай берілгендігін қайтара тыңдату.
7-сыныпта 
Мұқағали 
Мақатаевтың 
«Аққулар 
ұйықтағанда»  поэмасын  өтуде  Сәкен  Сейфуллиннің 
«Аққудың  айырылысуы»  атты  поэмасымен  салыстыра 
талдай  отырып,  Нұрғиса  Тілендиевтің  «Аққу»  күйін 
үнтаспадан  тыңдату.  Күйде  суреттелген  аққу  үні  мен 
сыңарынан  айырылған  аққудың  үні  суреттелген  шумақты 
оқып салыстыра талдау.
Сәкен  Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасын  өткенде 
география  пәнімен    байланыстырып,  Ақмола  облысының 


40
картасын іліп, Оқжетпес, Жекебатыр, Жұмбақтас тауларын, 
Бурабай  көлін  көрсетіп,  сол  жердің  атауының  шығу 
тарихына  тоқталады.  Тарихи  мәліметтермен  танысып, 
картадан  тауларды,  көлдерді  көрсетіп  жұмыс  істеген  соң 
Сәкен  Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасындағы  жер-су 
атауларының шығу тарихына тоқталады. Тарихи дерек пен 
поэмада сөз болған аңыз әңгімелердің мазмұнын бір-бірімен 
салыстырады,  салыстырмалы  түрде    семантикалық  карта 
толтырып, шығармашылық жұмыстар атқарады.
Сәкен  суреттеген  Көкшетау  келбеті  мен  Мағжан 
суреттеген  Көкше  бейнесін  қатар  қойып  оқып  салыстыру 
жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.     
Ілияс  Жансүгірұлының  «Жетісу  суреттері»  өлеңін 
өткенде  география  пәні  бойынша  өлеңде  кездесетін 
өсімдік    атауларына  тоқталу,  анықтама  беру,  шөптердің 
суреттері  немесе  гербарийлер  көрсету.  (Гербарийлер 
көрсеткен тиімді болады.) География пәні мұғалімі өсімдік  
атауларын  әдебиет  пәні  мұғалімінен  терең  білетіндігі 
даусыз.  Сондықтан  биология  пәнімен  де  байланыстыруға 
болады. 
 
«Жер  түгі»  деген    бөлімнің  толық  нұсқасында 
шөптер  мен  ағаш    түрлерінің  81  түрі  айтылады.  Ағаштар 
мен бұталар: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, 
арша,  ақ  сасық,  қызыл  қайың,  барша,  шынар,  шырғанақ, 
сөңке,  терек,  сөгет,  емен,  үйеңкі,  шырғай,  тораңғы,  сары 
ағаш,  қойқарақат,  жиде,  тобылғы,  бауырқұрт,  қараған, 
бозқараған,  шеңгел,  шілік.  Барлығы:  31.    Шөп  түрлері: 
еңлік,  түйеқұйрық,  сарыкүйік,  тауқонақ,    шайшөп,  маңқа, 
құлынембес, сүттіген, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкмарал, 
бетеге, раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, уқорғасын, 
бәрпі,  атқұлақ,  жүлкеуір,  шырыш,  шытыр,  мыңтамыр, 
жуа,  рауғаш,  жаужапырақ,  сыбызғы,  жалбыз,  құлмақ, 
қарақияқ,  шоңайна,  меңдуана,  сора,  шақпақ,  шырмауық, 
кендір,  қылша,  жыланқияқ,  қанжыға,  қоға,  сасық,  аққой, 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау