8
Атап айтсақ, Париж қаласындағы - «Комеди Франсез», «Буфф дю Нор»,
«Одеон», «Норд Уест» (Франция), Мәскеу қаласындағы - «А.Чехов атындағы
Мәскеу Көркем театры», «М.Горький атындағы Мәскеу Көркем театры»,
«Современник», «Ленком», «Ресей академиялық жастар театры – РАМТ»,
Е.Вахтангов атындағы
академиялық драма театры, «Сатирикон», «П.Фоменко
шеберханасы», «Театр өнерінің студиясы – СТИ», «Мәскеу жас көрермендер
театры – МТЮЗ», «Драма өнерінің мектебі – ШДИ», «Ұлттар Театры»,
Вс.Мейерхольд атындағы орталық, «Практика» т.б., Санкт-Петербург
қаласындағы – БДТ, МДТ, Александриялық театры, Балтық үйі, т.б.,
М.Горький атындағы Орынбор академиялық драма театры, Самара мемлекеттік
драма театры секілді ресейлік театрлар, Берлин қаласындағы – Берлинер-
ансамбль, Шаубюне, Фольксбюне, Каммершпиле (Германия),
Милан
қаласындағы Пикколо театро ди Милано (Италия), Ш.Руставели атындағы
Грузин мемлекеттік академиялық драма театры, Тбилиси мемлекеттік сазды
драма театры т.б.
Әрине, Қазақстанның театр режиссурасындағы сабақтастық пен
жаңашылдық бағытты зерттеу жолындағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру
үшін отандық өнер ұжымдарының спектакльдерін
қоюшы-режиссерлермен,
суретшілермен,
композиторлармен,
актерлермен
бірігіп,
саралап,
шығармашылық труппалардың эстетикалық ұстанымдары мен көркемдік бағыт-
бағдарына үңілдік.
Олардың қатарында М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық
драма театры (Алматы), Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық
қазақ музыкалық драма театры (Астана), Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ
Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (Алматы), Астана
жастар театры, Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театры
(Алматы), М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
(Астана), Республикалық кәріс, неміс,
ұйғыр театрлары, сондай-ақ Алматы
қаласындағы экперименталдық тұрғыда құрылған «Арт и Шок» театры,
«Ақсарай» мюзикл театры, сонымен қатар, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау
облыстық қазақ музыкалық драма театры және басқа да облыстық театрлары
(Тараз, Орал, Атырау, Қызылорда, Көкшетау, т.б.) бар.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде әлемге
танымал кез-келген театр
режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық арасынан кейде керемет
жарасымның, кейде қарама-қайшылықтардың бар екендігіне көз жеткіздік.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде
белгілі отандық Б.Құндақбаев, Ә.Сығаев, А.Қадыров, С.Қабдиева, Б.Нұрпейіс,
А.Еркебай, А.Мұқан, М.Жақсылықова, З.Исламбаева мен бұрынғы одақтық
К.С.Станиславский, Вл.И.Немирович-Данченко, Б.Алперс, А.Бартошевич,
П.Марков, К.Рудницкий, М.Кнебель, Ю.Барбой және шетелдік театртану
саласындағы Б.Брехт, А.Арто, П.Брук, Е.Гротовский, Дж.Стрелер, Э.Бентли,
Э.Барба, Н.Саварезе, Ю.Альщиц, И.Уордл, т.б. режиссерлердің, ғалымдардың
әр жылдарда жарық көрген театр өнерінің
теориясы мен практикасы,
9
мәдениеттің эстетикасы саласында жазылған ғылыми еңбектері басшылыққа
алынды.
Режиссураның хронологиялық ауқымы тәуелсіздік алған кезеңді, яғни
1991-2015 жылдардың аралығын қамтитындықтан да режиссерлердің үздік
жұмысы саналатын кезеңдік спектакльдердің көркемдік тұтастығын талдау,
қорыту мәдени-тарихи, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы қарастырылды.
Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай өмір мен
өнердің, мәдениет пен ғылымның әр саласындағы өзара байланыстарды
тұтастай қамтуға назар аударылды. Режиссерлердің тәуелсіздік алған кезеңнен
бұрын ертерек қойылған кейбір қойылымдарына реконструкция жасай отырып,
тарихи-мәдени шолу,
мәдениеттанушылық, психологиялық, педагогикалық,
эстетикалық аспектілерге сүйеніп, зерттеу нысанының ыңғайына қарай әртүрлі
тарихи-функциональдық,
герменевтикалық,
семиотикалық
секілді
театртанушылық әдістер де пайдаланылды.
Режиссерлердің тұлға болып қалыптасуындағы олардың шығармашылық
және өмір жолын зерттеу, өздері өмір сүрген кезең мен қоғамның рухани
құндылықтар жүйесін көрсететін ішкі суреткерлік әлемін жақсы түсіну үшін
өмірбаяндық әдіс те қолданылды.
Қазақстан режиссурасының әлемдік
театр кеңістігіндегі даму, өркендеу
контексіндегі орынын бағамдау үшін зерттеудің салыстырмалы-типологиялық,
режиссерлердің театрдың репертуарлық саясатын жасаудағы, актер мектебін
қалыптастырудағы заңдылықтарын дәлелдеуге мүмкіндік беретін формальдық
және әлеуметтік әдістер, сонымен бірге қойылымдарды
талдау нәтижесінде
режиссурадағы табыстар мен кемшіліктерді кәсіби деңгейде бағалауға қолайлы
сыншылық талдау әдістері де пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: