Маемиров асхат максимович


Диссертациялық зерттеудің жаңалығы



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата12.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#42973
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Диссертациялық зерттеудің жаңалығы: 
Диссертациялық ізденістің 
сонылығы таңдап алынған тақырыптың бұрын-соңды театртанушылық 
қырынан арнайы зерттеле қоймағанымен, тың әдістемелік тәсілдердің 
қолданылуымен сипатталады. Бұл диссертациялық жұмыста тәуелсіз еліміздің 
өнер кеңістігіндегі сабақтастық пен жаңашылдық ұғымдары қазақ 
театртануында тарихи-зерттеушілік және теориялық тұрғыда алғаш рет 
қарастырылды.
Автор мемлекетіміздің театр режиссерлерінің шығармашылығын өнердегі 
дәстүршілдік пен инновация ұғымы аясында және классикалық туындылардың 
жаңашыл көзқараста сахналауын заманауи театр үрдісіне ықпалы мен әсері 
тұрғысынан сараптап, біртұтас жүйелі түрде зерттеу жүргізуге талпыныс 
жасады.
Қазақтанның театр режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық 
отандық театртануда бұрын-соңды жеке бөліп қарастырылып, арнайы 
зерттелмегенін жоғарыда атап өткенбіз. Осы себептен, бұл тақырып қазақ 
театртану ғылымында жаңа зерттеулерге жол ашып, әрі тәжірибелік 
құндылығы тұрғысынан пайдалы болады.


10 
Автор диссертация жұмысын кешенді түрде зерттеу барысында 
жаңашылдық мәртебесіне ие бірқатар нәтижелерге қол жеткізді, олардың 
негізгілері мыналар: 
– 1991-2015 жылдардағы, яғни тәуелсіздік алған кезеңдегі Қазақстанның 
театр режиссурасындағы ізденістер алғаш рет жеке дара сараланды;
– Режиссурадағы сабақтастық пен жаңашылдық ұғымдарының сипаттық 
белгілері 
айқындалып, 
отандық 
театртану 
ғылымындағы 
негізгі 
тұжырымдамалары жүйеленді; 
– Қазақстанның театр режиссурасының дамуы мен жаңғыру кезеңдері 
сабақтастық пен жаңашылдық арақатынасы негізінде қарастырыла келіп, театр 
мектептеріндегі 
әдістеменің, 
көркемдік-мағыналық 
ассосациялардың, 
символдардың, театрлық метафоралардың жүйелі түрдегі жалғастығы 
анықталды; 
– режиссура өнерінің ұлттық театрлардың болмыс-бітімін сақтап қалудағы 
рөлі айқындалып, кеңестік тоталитарлық жүйеден кейінгі шығармашылық
еркіндіктің нәтижесінде сахналанған спектакльдердегі суреткерлік ой мен 
режиссерлік тұжырымдар пайымдалды; 
– Қазақстанның мәдениетіндегі «театр – әлеуметтік институт» жаңа 
эстетикалық жүйесін қалыптастырған режиссердің әлеуметтік феномен 
екендігі анықталды; 
– көп ұлтты Қазақстан режиссерлерінің тәуелсіз мемлекетіміздің заманауи 
театр мәдениеті мен эстетикасын қалыптастыруға қосқан үлестері сараланды; 
– Еуропаның қазіргі театр әдістері мен жүйелерінің қазақ театр өнеріне 
тигізген ықпалы ашылды; 
– Заманауи қазақ театр режиссурасының жаңа үрдістері мен даму 
перспективалары белгіленді;
– Автор отандық ғылыми айналымға «режиссер – спектакль авторы» деген 
халықаралық театртанушылық ұғымды енгізуді ұсынды.
– қазақ театр мәдениеті мен эстетикасын көтерудегі режиссердің 
дүниетанымдық парадигмалары мен адамзат рухын көтерудегі режиссерлік
шешімдері айқындалды; 
– режиссерлердің суреткерлік тұлғасы мен шығармашылығы қоғамдық-
әлеуметтік және мәдени өмір контексінде қарастырыла келіп, театр өнерінің 
саяси-идеялық бағыт-бағдары мен қоғамдық рөлі анықталды;

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау