Маемиров асхат максимович



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет3/25
Дата12.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#42973
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Зерттеу жұмысының нысаны:
Қазақстанның театр режиссурасы болып 
табылады. 
Зерттеудің пәні: 
Мемлекетіміздің мәдениетіндегі жаңа көркемдік-
эстетикалық құбылыс болып табылатын Қазақстаның театр режиссурасындағы 
сабақтастық пен жаңашылдық бағыттарды тәуелсіздік алған кезеңдерден бастап 
театртанушылық тұрғыда қарастыру. 
Тақырыптың зерттелу деңгейі: 
Қазақстанның театр режиссурасындағы 
сабақтастық пен жаңашылдық үдерісі осыған дейін еліміздің театртану 
ғылымында арнайы әрі нақты зерттелмеген.
Бірінші топтағы еңбектердің қатарына қазақ театр тарихын зерттеумен 
арнайы айналысқан театртанушы ғалымдар Б.Құндақбаевтың, Ә.Сығаевтың, 
А.Қадыровтың, С.Қабдиеваның, Б.Нұрпейістің, А.Мұқанның, А.Еркебайдың, 
М.Жақсылықованың, 
Н.Шаукенбаеваның 
тарихи-талдаушылық 
бағытта 
жазылған ғылыми монографияларын, көрнекті театр режиссерлері мен 
актерлері 
А.Әшімовтің, 
М.Байсеркеновтың, 
Р.Сейтметовтың, 
Т.Жаманқұловтың, Ә.Рахимовтың кітаптарын жатқызамыз.
Аталмыш ғалымдардың зерттеу еңбектерінде қойылымдардың көркемдік 
деңгейі, тақырыптық-идеялық мазмұны мен актерлік ойындар жан-жақты 
талданады. Саңлақ сахнагерлер режиссурасының ерекшеліктері туралы 
спектакльдерді талдау барысында айтылып отырады. 
Әрине еліміздің театр режиссурасы ұлттық сипаты мен эстетикасы басқа 
ұлттардан ерекшелгенімен, оның даму үрдістерін әлемдік өркениеттегі мәдени 
контекстер тұрғысында салыстырмалы тұрғыда зерттейміз. Сондықтан 
шетелдік мамандардың ішінен ресейлік, франциялық, ұлыбританиялық, 
америкалық, германиялық және т.б. елдердің зерттеушілерін атауға болады. 
Олардың барлығында заманауи театр режиссурасының мәселелесін 
қарастырудың әртүрлі әдістемесі байқалады.
Ендеше екінші топтағы еңбектерге қазіргі театр өнерінің даму үдерісін, 
заманауи режиссураның өзекті мәселелерін терең зерттеумен арнайы 
айналысқан театртанушы ғалымдар; ресейлік - М.О.Кнебель, А.Бартошевич, 
В.Силюнас, Е.Крымова, М.Г.Литаврина, П.Богданова, А.Б.Ладыгина, 
В.В.Гринин, 
Н.Потапов, 
И.Рудакова, 
Р.Должанский, 
Ю.М.Барбой, 
Г.А.Праздников, 
В.И.Максимов, 
Н.В.Песочинский, 
Б.Н.Кудрявцев, 
И.И.Бойкова, 
Н.А.Таршис, 
А.В.Сергеев, 
А.П.Кулиш, 
А.А.Чепуров, 
ұлыбританиялық - Эрик Бентли, Айвор Браун, Ирвинг Уордл, Бернард Левин, 
Кеннет Тайнен, Джон Холлоуэй, Дэвид Адамс, франциялық - Пьер-Эме Тушар, 
Жорж Кравен, Ролан Барт, Жан-Пьер Тибода, американдық - Уолтер Керр, 
Старк Янг, Чарльз Мэровиц, Роберт Брустин, Фрэнк Ричи, польшалық - Котт 
Ян және т.б. көптеген зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. 
Үшінші топқа мерзімді газет-журнал беттеріне әр жылдарда жекелеген 
спектакльдер мен жекелеген режиссерлерге шығармашылық кескіндемелер 



жазып отырған мәдениеттанушы, сыншы Ә.Бөпежанова, С.Әбединова, А.Есали, 
А.Қорғанбаев, А.Ахметқызы, Ә.Бақдәулетқызы, Н.Жұмабай, А.Аханбайқызы 
т.б. режиссерлер туралы мақалаларында, режиссерлік өнер спектакльдің 
тақырыптық мақсаты мен міндеттері аясында бағаланған. 

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау