- 5-ші сынып
- Сәндік-қолданбалы өнер
-
- Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
-
- Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавл қаласы. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі. Бейнелеу өнері және сызу пәңі мұғалімі Тлеукин Куаныш Мажитович.
-
- Сабақтың мақсаты:
-
- Білімділігі: Филигрань деген көркемдік жұмыстардың бір түрі мен және оның әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
- Ұжымдық композиция орындау;
-
- Дамытушылығы: Әсемдік талғамдарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
- Тәрбиелік: Өнерге деген қызығушылығын арттыру, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу,
- топтасып еңбек етуге баулу.
- Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
-
- Сабақтың әдісі: баяндау, демонстрациялау, топпен жұмыс.
-
- Көрнекілігі: үлгілер, слайдтар, эскиздер.
-
- Оқу жабдықтары: тақтайшалар, мыс сым, ПВА және «Момент» желімдері, пинцет,
- гуашь, қылқалам, қайшы, палитра.
-
- Техникалық жабдықтар: интерактивті тақта, дрель.
- II. Жаңа сабақ:
- 1) Филигрань өнері туралы мәлімет беру.
- Бұрынғы заманнан келе жатқан «филигрань» немесе «скань» өнері – көркемдік жұмыстардың бір түрі.
- «Филигрань» мен «скань» сөздері осы өнердің мағынасын білдіреді.
- Филигрань - /латын сөзі/ - неден жасалады
- «Филюм» деген – жіп –
- «гранум» деген – дән –
- Скань /орыс сөзі/ - ширату – технология ерекшелігі.
- Сонымен, филигрань (скань) деген бұршақшаларды және алтын, күміс немесе мыс сымдарды ширатып
- әр түрлі әсем бұйымдарды жасау. Технология бойынша сымдарды және бұршақшаларды
- бір-біріне қалайды (олово) ерітіп дәнекерлеп қосады.
- Слайд бойынша үлгілер көрсетіледі.
- Филигрань бірнеше түрлерге бөлінеді:
- а) жазықтық;
- ә) бедерлі;
- б) ойма;
- в) көлемді;
- г) өрнекті;
- д) эмаль.
- Әр-бір түрінің өзінің ерекшеліктері бар. Біз бүгін өзіміздің шамаларымызға сәйкес
- шағын композиция орындап көреміз.
- Жұмыстың әдісі – «бастырма филигрань», немесе «бастырма сым» деп айтуға болады.
- 2) Жұмыс орындау технологиясы.
- 1. Жасайтын жұмыстың эскізін салу;
- 2. Суретті дайындаған негізге (тақтайша, ДВП т.б.) тусіру (көшіру);
- 3. Мыс сымды қоса ширатып, отқа қыздырып суық суға суытып жұмсарту;
- 4. Сымдарды тазарту және өңдеп жылтырату;
- 5. Суреттің контур сызықтарына сымдарды кесіп желімдеу (Момент – желім);
- 6. Түс шешемі бойынша гуашь және ПВА – желім қосындысымен бояу;
- 7. Дайын суреттің бетін лақтау.
- 3) Сарамандық жұмыс.
- Оқушылар жұмыс орындау технологиясы бойынша ұжымдық жұмыс жасайды.
- Әрбір топ өзінің бөлігін орындайды.
- Мұғалім жұмыс барысында бақылау жасап, балаларға жәрдем көрсетеді және кеңес пен түсінік береді.
-
- 4) Қорытындылау және бағалау.
- Әрбір топтың жұмыстарынан ұжымдық шығарма құрастырылады.
- Мұғалім қысқаша қорытынды жасап оқушыларға алғысын білдіреді.
- Әрбір топтың жұмыстары бағаланады.
-
- 5) Үйге тапсырма. Жеке жұмыстарының эскизін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |