«Сабақ – әдістемелік шеберлікті көтеру формасы ретінде»



жүктеу 0,83 Mb.
бет1/3
Дата17.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#7638
түріСабақ
  1   2   3

«Сабақ – әдістемелік шеберлікті көтеру формасы ретінде».
Асқар Айгүл Асқарқызы сервис колледжінің информатика пәнінің оқытушысы.

Мен «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығының 2 курс студенттеріне өткізілген сабағымды сіздерге ұсынып отырмын.



Сабақ жоспары

Пән: «Компьютерлік технология»

Сабақтың тақырыбы: «Интернетпен қатынас құру».

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жинап бір жүйеге келтіру, интернеттен қажетті ақпаратты іздеу жұмысын үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, ықшамдылыққа, адамгершілікке, бір-біріне көмек көрсетуге, өз бетінше және топпен белсеніп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, интерактивті технологияны қолдана білуге дағдыландыру. Тез ойлау, өз жетістігін бағалай білу, қарым-қатынасты күшейту дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: Топтық жұмыс

Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, дифференциалды түрде оқыту, ойын технологиясы.

Сабақтың жабдықтары: Слайдтар, видео, тест тапсырмалары, үлестірмелі тапсырмалар, сөзжұмбақтар, флипчарттар.

Оқытудың техникалық құралдары: Дербес компьютер, интерактивті тақта, интернет желісі.

Пән аралақ байланыс: Мұрағаттану, іс-қағаздарын жүргізу,экономика, экология, тарих.

Негізгі әдебиеттер: Г.Ә.Жапарова «Информатика негіздері», Алматы, 2006.

Қосымша әдебиеттер: Е.Қ.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар: информатикадан 30 сабақ», Алматы, 2005.

«Информатика негіздері» журналы 2008ж. - №6, 2007ж. - №5.



http://www.metod-kopilka.ru, http://www.youtube.com сайттары

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен сабақты қайталау.

  1. Ауызша сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Интернет қалай жұмыс істейді (видео).

  2. Интернеттен ақпарат іздеу тәсілдері, іздестіру жүйелері (слайдтар).

  3. Оқушылардың интернет желісінде ақпарат іздеу жұмысын ұйымдастыру.

IV. Сергіту сәті: Сөзжұмбақ, ребустар, анаграммалар шешу.

V. Жаңа тақырыпты бекіту. Сұрақтар қою, интерактивті тақтамен жұмыс.

VI. Рефлексия.

VII. Қортындылау, бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасамын. Кезекші арқылы оқушыларды түгендеймін. Сабаққа дайындықтарын тексеремін. Киімдеріне назар аударамын. Топты екіге бөліп отырғызамын. Сабақтың өту кезеңдері мен мақсатын түсіндіріп өтемін. 2 топтың топ басшылары сайланып, басшыларға бағалау парақтары беріледі. Әр кезеңдегі максималды ұпай саны аталып өтеді.

II. Өткен тақырыпты қайталау.

  1. Ауызша сұрақтар қою.

- Компьютерлік желі дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

- Жергілікті желі дегеніміз не? Онда қандай байланыс түрлері  қолданылады?

- Ауқымды желі дегеніміз не? Онда қандай байланыс түрлері  қолданылады?

- Бүкіләлемдік желі (интернет)  дегеніміз не? Онда қандай байланыс түрлері  қолданылады?



  1. Өткен тақырыпты қорытындылау (мұғалімнің қорытынды сөзі).

Өткен тақырыпты қайталау бойынша максималды ұпай саны – 4.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Жаңа тақырыпқа уәждеме: Неміс философ-идеалисті және социолог Георг Зиммель: «Білімді адам – өзі білмейтінді қайдан табу керектігін білетін адам» деген екен.

Осы сөздің мәнін қалай түсінеміз?

Интернет қалай жұмыс істейді (видео көрсету).
Интернеттен ақпарат іздеу тәсілдері, іздестіру жүйелері (слайдтар).

Интернеттің жетістіктері:


  • Электрондық поша:

  • Телеконференциялар;

  • Интерактивті қатынас құру;

  • Бүкіләлемдік өрмек (WWW);

  • Хабарламалар тақтасы;

  • Қашықтықтан оқыту;

  • Файлдық архивтер;

  • Мультимедия технологиялар;

Тірек конспект

Интернет сөзі ағылшынша Interconnected Networks (байланысқан желілер) екі сөздің туындысы. Интернет – жергілікті, аймақтық және ауқымды желілерден тұратын бүкіләлемдік желі болып табылады.

2008 жылғы статистика бойынша әлем халқының төрттен бірі интернетті пайдаланады екен. Ол дегеніңіз 1,5 млрд. адамды құрайды.

Алғаш жасалған желі ARPANET (ағыл.: Advanced Research Projects Agency Network) деп аталды.

ARPANET желісіндегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды.

1969 жылы 29-қазанда алғаш рет ұзақ қашықтықта (640 км) орналасқан екі ARPANET желілері арасында байланыс орнатылды.

1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалды. Бағдарлама бірден танымал болды.

70 жыдардың соңына қарай ARPANET желісі арқылы ақпарат алмасу потоколдары жақсы дамыды. 1983 жылы ARPANET желісіннің атын «Интернет» атауымен алмастыру орын алды.

1984 жылы домэйн атаулардың (Domain Name System, DNS) жүйесі жасалды.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) деген чат протоколы жасалды. Сол арқылы адамдар бір мезетте тікелей хабарласа алтын мүмкіндікке ие болды.

1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды.

1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.

1998 жылы рим папасы Иоанн Павел ІІ Бүкіләлемдік Интернет күнін 30 қыркүйек деп бекітті.

Желіде ақпарат іздеу тәсілдері:

1-тәсіл: Парақ адресін көрсету.

2-тәсіл: Гиперсілтемелер бойынша орынауыстыру.

3-тәсіл: Іздестіру жүйесіне қатынау.

Іздестіру жүйесі - интернетте ақпарат іздеу мүмкіндігін ұсынады. Іздестіру жүйелерінің көпшілігі ақпаратты бүкіләлемдік өрмек сайттарынан іздейді. Іздестіру жүйелері: www.yandex.ru, www.google.ru, www.rambler.ru, www.mail.ru, www.yahoo.com, www.nigma.ru, www.aport.ru, www. altavista.com.
Оқушылардың интернет желісінде ақпарат іздеу жұмысын ұйымдастыру (практикалық тапсырма беріледі).

Бұл практикалық жұмыста Internet  Explorer   бағдарламасының HYPERLINK www.google.ru , www.yandex.ru, www.rambler.ru және т.с.с

іздестіру жүйелернде – веб-парақтарды іздестіруге арналған сайтты ашуды, кез келген ақпараттарды алып, Word мәтіндік редакторына көшіруді үйрету.

1. Іздестіру жүйесін ("www.google.ru , www.yandex.ru, www.rambler.ru және т.с.с) іске қосу.

2. Практикалық жаттығулар: (уақыт белгіленіп, экранға сағат қойылады)

Мысал ретінде солардың бірнешеуін келтіріп кетейін:



1-тапсырма.

  1. ШҚО қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ресми сайтын табыңыз.

  2. Қазақстан Республикасының әнұран мәтінін тауып көрсетіңіз, оны өз бумаңызға көшіріп алыңыз.

  3. Герб суретін көшіріп алыңыз.

2-тапсырма.

  1. Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелеін тап, өзіңе көшіріп алыңыз.

  2. А.Құнанбаевтың өмірбаянын табыңыз.

  3. ҚР «Құрмет» орденінің суретін тауып көріңіз.

Белгіленген  уақыт ішінде  әрбір тапсырманың толық орындалуына 3 ұпайдан беріледі.

IV.Сергіту сәті.

Екі топқа 1 сөзжұмбақ, 1 ребус және 1 анаграммадан беріледі. 2 топ та өз топтарының ішінде ақылдасып, ұжыммен жауабын табады. Тақтаға топтан бір оқушы шығып жауабын береді.

Тапсырманың орындалу нәтижесіне байланысты топ мүшелеріне 2 ұпайдан беру.


  1. Windows-ң негізгі объектісі.

  2. Сыртқы жады.

  3. Ол жұмыс үстеліндегі орналасқан.

  4. Механикалық, оптикалық, лазерлік болады.

  5. Ақпаратты экран бетіне шығаратын құрылғы.

  6. Компьютер атасы кім?

  7. Жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдейтін құрылғы қалай аталады?

  8. Ойын ойнауға қажетті құрылғы.







6

4













2































5

1







7























































3













8







































































жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау