1 Жаңа нысандарды құруға арналған құрал – саймандар:
Қалам – қисық сызықты контурды құруға және редактирлеуге арналған.
Бұл батырма келесідей альтернативті нұсқауларға арналған:
1. произвольная ручка – бұл құралдың көмегімен орын ауыстыруды және произволдық (произвольные) жолдарды сызуға болады.
2. якорлық нүктелерді қосу (добавить якорную точку) - контур сегментінде бұл құралмен нүкте қойылады.
3. якорлық нүктені жою (удалить якорную точку) – контурдың үстінде шерткенде контурды үзбей нүктені жою.
4. нүктені өзгерту (преобразовать точку) – нүктенің типін өзгерту. Нүктенің орнын ауыстырады және оны бұрыштан доғаға өзгерту.
5. мәтін – бұл құралдың көмегімен мәтінді енгізуге және оны форматтауға болады.
6. тіктөртбұрыш - тіктөртбұрышфигурасын салады.
7. домаланған тіктөртбұрыш - домаланған тіктөртбұрышты салады.
8. эллипс – эллипс салады.
9. полигон – көпбұрыш салады
10. сызық – сызық салады.
11. қиғаш форма – қиғаш фигураларды салады.
пипетка – бейне терезесіндегі түсте пипеткамен шерту, бұл түсті суреттің түсі ретінде қолданады.
2 Қарап шығуды басқаратын құрал – саймандар:
қол – программа терезесінен шығып кеткен суреттерді жылжыту үшін қолданылады.
масштаб – үлкейтілген фрагментпен жұмыс.
Құрал – саймандар панелінің төменгі бөлігінде сәйкес шаршыға тышқанды
шерту арқылы негізгі және фондық түсті таңдауға арналған батырма
орналасқан.
2.2 тақырып. Контурлар және фигуралар Палитралар.
Палитра – бейнеге түрлі операцияларды қолдануға арналған көмекші терезелер. Палитралар, әдетте оң жақ бойымен 4 панельде вертикальды орналасқан. әр панельде тек бір палитра ғана көрінеді. Белсенді палитраның түбіршегі ашық түспен белгіленген. Басқа терезелер сияқты, панельдерді басқа жерге орналастыруға болады. Егер де қандай да бір панель керексіз болса, оны жабуға немесе орауға болады. Стрелка тәрізді батырманы шерткенде берілген палитраның командалар менюі ашылады. Бұл командалардың көмегімен палитралар опциясын басқаруға болады. Бірінші панельде навигатор және инфо палитралары орналасқан. Олар бейненің масштабын өзгертуге арналған, сонымен қатар таңдалған құралдардың параметрі жайында ақпарат сақталған. Екінші панельде түс, каталог және стиль палитралары орналасқан. Алғашқы екеуі таңдауға, құруға және түсті редактирлеуге арналған, ал стиль палитрасы мәтінді безендіруге арналған. Келесі топқа Слои, Каналы, Пути, История Действия палитралары енгізілген. Олар слои және каналдармен жұмысты қамтамасыз етеді. Онда соңғы орындалған 20
операциялар жайында нұсқаулар бар, сонымен қатар көп қайталанатын операциялардың атын жазуға мүмкіндік береді. Бөлінген аймақты созуға және кішірейтуге болады.
Рең коррекциялық негіздері
Түстерді қадағалау құралдары сапасыз боялған бейнелерді ашық түске ауыстыруға мүмкіндік береді. Бейне реңі пиксельдің жарығымен сипатталады. Олар 0 – ден 255 ке дейінгі диапозонда жатыр. Ең қараңғы реңдер 0 – ге, ал ең ашық жарық рең 255 сәйкес келеді. Бейнелер пикселінің диапозоны бейненің реңдік диапозоны деп аталады. Photoshop – тың әрбір бейнесі үшін изображение / гистограмма командасын орындау қажет. Көлденең осьте жарықтың мәні орналасқан: о- ден 255- ке дейін, ал тік ось бойынша әрбір жарық деңгей пикселінің мөлшері көрсетіледі. Көлеңке – жарығы төмен бейненің ең қараңғы бөлігі.
- ашық реңдер – жарығы жоғары бейненің ең ашық бөлігі. Көлеңке мен ашық рең арасында орташа рең орналасқан. Әртүрлі бейнелердің жарығының мәні :
қараңғы бейнелі гистограмма (пиксельдің көбі жарықтың төмен мәніне ие)
ашық бейнелі гистограмма (пиксельдің көбі жарықтың жоғарғы мәніне ие)
күңгірт бейненің гистограммасы (орташа реңге ие)
Рең коррекциясының негізгі міндеті – бейнеде пиксельді дұрыс жарықпен қамтамасыз ету. Сканер арқылы енгізілген суреттің рең диапозоны кішірейтілетіндіктен оны міндетті түрде коррекциялау қажет. Сондықтан сканер арқылы өткен фотосуреттер оригиналға қарағанда күңгірт болып келеді. Photoshop рең коррекциясы үшін мына команданы орындайды.
Изображение / настройки. Яркость / конраст командасы экранға 2 шкала шақыртады. Яркость шкаласын өзгерту бейнені қараңғы немесе жарықтандыруға мүмкінідік береді. Ал, регулятор бейненің нақтылығын өзгертуге арналған. Уровни командасы экранға белсенді бейненің гистограммасын және реңдік диапозонын өзгерту құралдарын шығарады. Төменгі оң жақ бұрыштағы үшбұрыштың көмегімен қараңғы не жарық реңнің параметрлерін өзгертуге болады. Бұл батырма гистограмманың астында орналасқан. Регуляция үшін керекті пипетканы таңдап, сәйкес келетін бейненің учаскесіне курсорды апару керек. Сонымен қатар, Авто немесе Автоуровни командасын орындауға болады. Кривые командасы экранға бейненің коррекциясы үшін диалогтық терезе ашылады.
Түсті баланстың коррекциясы.
Бейненің қалпын өзгертру үшін изображение менюі бар. Олар келесі пунктерден тұрады:
режим - редактирленетін суреттің режимінанықтауға мүмкіндік береді. Егер басқа режимді белгілесек, сурет сол режимге бейнені сапасыз күйге әкеледі.
настройка – бұнда суреттің реңін және түсін өзгертуге болады. Егер бөліп алатын болсақ, онда әрекет тек бөлінген фрагментке ғана орындалады.
Настройка менюінің кейбір пунктері туралы қысқаша сипаттама:
оттенки / насыщение – түстерді араластыруға мүмкіндік.
цветовой баланс – негізгі түстердің құрамын өзгертеді.
заменить цвет – суретте кез келген түсті өзгертеді.
Қабаттар
Қабат – дегеніміз бейне орналасатын калька беті немесе таспа. Компьютерлік калька өте мөлдір сондықтан оның 10 данасымен қабаттасақ та суретіміз өзгермейді. Қабаттармен жұмыс істеу үшін Қабат менюімен қатар қабаттар деп аталатын арнайы палитраны да қолдана аламыз.
Окно Показать слои
Фондық қабат – дегеніміз басқа қабаттардан төмен орналаса алмайтын қағаз беті. Жаңа қабат жасау үшін менюден «Новый Слой…» пунктін таңдап немесе палитры Слои терезесінің төменгі жағында орналасқан Ақ беттің батырмасын басу керек. Таңдалған қабатты өшіру үшін менюден «Удалить Слой» пунктін таңдаймыз немесе палитры Слои терезесінің төменгі жағында орналасқан Корзина батырмасын батырмасын басу керек. Сәйкесінше таңдалған қабаттың атын өзгерту үшін менюден «Свойства Слоя» пунктін таңдаймыз немесе Alt батырмасын басып тұрып, қабаттың атын екі рет шертеміз де, пайда болған терезеге жаңа атау енгіземіз. Қабатты мөлдір ету үшін сәйкес миниатюраға қарсы орналасқан Көз белгісін басамыз. Қабаттың дубликатын жасау үшін менюден «Дубликат Слоя…» пунктін таңдаймыз немесе ерекшеленген қабатты тышқанның көмегімен палитраның төменгі жағында орналасқан жаңа қабат құру батырмасына апарамыз. Құжатта тек бір ғана ағымдық қабат болу керек. Қабаттан қабатқа өту үшін атауларын шертеміз немесе қабат миниатюрасын таңдаймыз.. Коллаж жасау кезінде қабатты бір құжаттан екінші құжатқа көшіру үшін алмасу буферін немесе Сдвиг құралын пайдаланамыз. Бейне қабаттарының кез-келеген данасын бір данаға келтіруге болады. Қабатта орналасқан объектіні бейненің басқа бөліктеріне тиіспей-ақ оңай басқаруға болады. Суреттегі объектіні жылжыту Сдвиг құралы арқылы, ал оның көлемін өзгерту сияқты басқа әрекеттер Редактирование Трансформация командасы арқылы жүзеге асады:
PhotoShop таерекшелеуді сақтау функциясы қарастырылған. Бұл сақталаған ерекшелеуді маска деп атаймыз. Масканы құжат құрамына енгізіп қана қоймай, сонымен қатар бір құжаттан бір құжатқа ауыстыруға болады.
Маска – жартылай тонды бейне. Маска құжатта қосымша Альфа канал түрінде беріледі. Каналдармен жұмыс істеу үшін Каналы палитрасы қолданылады. Сіз масканы қосқан кезде ол ерекшеленеді. Қара түспен маскіленген облыстар, ал ақпен ерекшеленген облыстар боялады.
Сохранить выделение в канале Новый канал
Загрузка канала как в выделения Удалить канал
Ерекшелеуді каналда сақтамай ақ өңдеу үшін Быстрая маска режимі қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |