481
табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге жəне көріністерді тез
жəне жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған
хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулық арқылы түрлі
суреттер, видеокөріністер, дыбыс жəне музыка тыңдатып көрсетуге болады.
Бұл əрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен əлдеқайда тиімді, əрі
əсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға
ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады [3, 121 бет].
Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін,
шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану
интеллектуалдық, эстететикалық жəне ақпараттық сауаттылығын арттыруға
көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс
тиімділігін арттырады.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
1. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар», Алматы,
2003.
2. Дəстүрлі жəне электрондық оқытуды кipiстipy. Қазахстан мектебі, №7,8
- 2006ж. Лапчик М.П. Информатиканы оқыту методикасы. Аударған Абдиев
К.С.. // Алматы, 1994 ж.
5. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту əдістемесі. І
бөлім. Павлодар. 2013ж.
ЕрсултановаЗ.С.¹,Канешова Ш.К.²
1. Ғылыми жетекші, физика- математикалық ғылымдарының кандидаты, аға
оқытушы
2. «Информатика» мамандығының 4 курс студенті, информатика жəне
компьютерлік технологиялар кафедрасы
ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҰМЫС ДƏПТЕРІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУДЫҢ
ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кəсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан
жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға
негізделген, яғни ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп
жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Бəсекеге
қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Бұл проблемаларды шешуде жаңа
технологиялардың атқаратын орны бӛлек. Болашақта өркениетті елдердің
жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу - бүгінгі
күннің мақсаты. Солардың бірі білім беруді интерактивтік дидактикалық оқу
құралдарын жасау жəне қолдану.
Жаңа буын электронды оқыту ресурстары оқыту құралдырының кеңінен
құрастырылып жасалған түрлеріне ие.
482
Модульдік оқыту – жеке тұлғаны дамытуға бағытталған технология. Бұл
технология арқылы оқушы өзін жан-жақты дамытып, сынай алады. Модульдік
оқытуды ендіріп, ары қарай дамыту үшін дəстүрлі педагогикалық
технологиялармен бірлесе қарқынды жұмыс істей алатын электронды білім
беретін ресурстарды жасап шығаруды қажет етеді. Осындай электронды білім
беретін оқу құралдары арқасында оқытудың нəтижелілігі жоғары болмақ.
Модульдік оқыту негізінде заманауи білім беретін құрал болып
электронды кітап жəне электронды жұмыс дəптері болып табылады.
Электронды жұмыс дəптер өз кезегінде модульдік оқытудың негізгі тетігі
ретінде қарастырылады. Себебі электронды жұмыс дəптері сабақта өздік
жұмыс, түсінбеген тақырыпты тереңірек меңгеру, өткен тақырыпты бекіту
құралы ретінде теңдесі жоқ дүние. Қолданудың нəтижелілігі берілген оқыту
ақпаратының ғылыми деңгейіне жəне қолданатын оқыту əдісіне байланысты
болады. [1]
Электронды жұмыс дəптерін құрастыру кезеңдері:
Дереккөздерді таңдау
Мазмұнын жəне ұғымдар тізімін құрау
Тараулар бойынша мəтіндерді реттеп жөндеу
Гипермəтінді электронды күйде жасап шығару
Компьютерлік қамтуды жасап шығару
Мəліметтерді визуалдауға дайындау
Мəліметтерді визуалдау
Электронды дəптер келесі міндеттерді атқарады: оқыту-ақпараттық,
танымдық, дамытушылық,бақылау, кері байланыс жəне ынталандырушы.
Сіздердің назарларыңызға «Жаратылыстану – математика бағытында»
оқытылатын сыныптарға арналған информатика пəнінен электронды дəптер
ұсынылып отыр. Бағдарламаны құру барысында Borland Delphi7, Adobe
Dreamweaver, VeralTest Express бағдарламалары көмегімен жазылды. [2]
483
Сурет-1. Электронды дəптердің басты беті
Электронды дəптерде бақылау тапсырмалар жəне тест арқылы
жүргізілетіндіктен оқытылып отырған сабақ жақсы игерілетіне кепіл бола
алады. (сурет - 2,3)
Сурет-2. Тестілеу беті(үзінді).
Сурет-3. ЭЖД бағдарламасынан(үзінді).
484
Электронды дəптерді сабақта жеке де, топтық та форматта қолдануға
ыңғайлы.
Осы электронды ресурсты келесі дидактикалық бағдар ретінде
қарастыруға болады: өз бетімен оқу; компьютер мүмкіндіктерін жақсы
оқулықпен қатар қолдана білу; оқыту процесін жекешелендіру.
Оқыту процесінде электронды дəптері қолдану сабақты дəстүрлі əдіс-
тəсілдерден гөрі меңгеруде 30% тиімдірек.
Электронды дəптерді қолдану сабақты түсіндіруде ақпараттылықты жəне
тиімділікті айқын жоғарлатады, баяндап тұрған тақырыптың динамизмін жəне
айқындылық көрсеткішін көтереді, оқушының сабақта жалығуына жол бермей,
оқуға ынталандырады. [3]
Электронды дəптерді жүйелі жұмыс істеу жүйелілік жəне қорытындылай
білу, өз көзқарасын дəлелдей дағдысына икемдейді. Осының негізінде
мынандай қорытындыға келуге болады, заманауи білім беру жүйесіне сай,
дəстүрлі оқыту əдістерінен өзгешіліктерді назарға ала отырып, жан-жақты
тұлғаны дайындау үшін электронды жұмыс дəптерін жүйелі пайдалану
қажеттілігі туындап тұр.
Қолданылған əдебиет:
1. Рабиновича П.Д., Баграмяна Э.Р. Практикум по интерактивным
технологиям. БИНОМ. «Лаборатория знаний», 2007. – 700с
2. ГОСТ РК «Информационная технология. Электронное издание».
Электронное учебное издание. 2005
3. Башмаков И.А. Разработка компьютерных учебников и обучающих
систем. – М.: Информационно-издательский дом ―Филинǁ, 2003.
Цыганова А.Д.¹,Князев Р.Н.²
1. Научный руководитель, доцент, старший преподаватель
2. Студент 4 курса, кафедры информатики и компьютерных технологий,
специальность «Информатика»
ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ КОМПЬЮТЕРНОЙ ГРАФИКЕ
Область информатики, связанная с компьютерной графикой, охватывает
все виды и формы представления изображений, доступных для восприятия
человеком либо на экране монитора, либо в виде копии на внешнем носителе.
Занимая все более прочные позиции, она находит применение не только в
компьютерном мире, но и в различных сферах человеческой деятельности:
научных исследованиях (визуализация строения вещества, векторных полей и т.
д.), медицине (компьютерная томография), опытно-конструкторских
разработках и т. п. Компьютерная графика и анимация — необходимый
инструмент в таких областях, как кино, реклама, искусство, архитектурные
презентации, создание прототипов и имитации динамики, а также в создании
Достарыңызбен бөлісу: |