Үш нүктелі эллипс. Үш нүктелі эллипс үш нүктелі тіктөртбұрышты салғандай етіп салады.
Көпбұрыш. Көпбұрыш салу тіктөртбұрыш сияқты оңай. Қасиеттік тақтада бұрыштар санын көпбұрыштық не жұлдыздық режимін және бұрыштардың сүйірленуін көрсетуге болады. Көпбұрыш арқылы 3-тен 500 бұрышты көпбұрыш салуға болады.
Спираль. Спираль салынғаннан кейін қасиеттік тақтада орама санын, симметриялық не огарифмдік спираль қылып өзгертуге болады.
Диаграмдық тор. Қасиеттік тақтада тордың қатар мен баған санын және тордың шаршысының өлшемдерін өзгертіп, сан түрлі торлар салуға
болады. Автофигуралар. Автофигуралар – бұл динамикалық объектілер. Автофигураларды сырт көрінісінін бір не бірнеше контрольдық нүктелер (маркерлер) арқылы өзгертуге болады. Автофигуралар беске: негізгі фигуралар, бағдар, блок-схема, жұлдыз және шығарылған сөздер(выноски) болып бөлінеді.
Түзу салу құралдары. Түзу салу құралдары - Қисық(свободная рука), Безье қисығы, Көркемдік түзу(живопись), Қылқалам(перо), Сынық (Ломаной), Үш нүктелі қисық, Өлшемдік және Интерактивті түзу қосқыш (инструмент интерактивного соеденения ) құралдары. Түзу салу құралдарының мақсаты бір болса да, қолданатын жері мен қолдану ережелері әртүрлі. Барлық түзу тышқанды шетіп жібермей сызылады. Бұл құралдардың кейбірі бірнеше құралдардан тұрады. Төменде кейбір бір-біріне ұқсастығы бар құралдарға сипаттама берілген.
Көркемдік түзу. Көркемдік түзу әртүрлі “көркемдік түзулер” түрін салуға өте ыңғайлы. өркемдік түзу құралы режимінде 5 түрлі: Дайын штрихтар(загатовка), Бояғыш(кисть), Бүріккіш(пульверизатор), Каллиграфиялық қылқалам, Қысқышы бар қылқалам(перо с нажимом).
Дайын штрихтар қалыңдығы 0,03-тен 10 дюймге дейін жететін 23 түрлі штихтарды айдаланып түзу сызуға болады.
Бояғыш арқылы дайын штрихтар тізімінен әртүрлі штрихті пайдаланып түзулер сызуға болады.
Бүріккішпен жұмыс істеу қиындау. Ол сызылған түзу орнына дайын объектілер тобын салады. Мысалы, шарлар, шөп, гүлдер, адамдар, жапырақтар және адамның ізі – объект бола алады.
Каллиграфиялық қылқалам мен қысқышы бар қылқаламның қалыңдықтарын және бұрышын өзгертуге болады.
Осы құралдарды пайдалана отырып алынған түзуді дайын штрих ретінде сақтауға болады. Оны көп пайдаланатын түзулерге қолданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |