Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін
қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары
мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық
ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен
жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады. Табиғ ресурстар
әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және
потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына
(органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы
(жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми,
эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ)
байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын)
және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын
қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар
сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. 2.Ресурстардың жіктелуі.
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар
атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазба байлықтар,энергетикалық
және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу
жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.
Ресурстардың сарқылуы
бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті
ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын
ресурстар жатады. Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына
келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы
пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті
металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық,
химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс
материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай,
газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады Сарқылатын және қалпына келетін
жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға
болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс
халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның
құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың
түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Салыстырмалы
түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі
орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады.
Сарқылмайтын
ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен
құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның
ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы
ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз
суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар –
атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.
Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал
табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде
орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады. Ресурстардың ішінен судың
орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан)
сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың
қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера)
немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.
Пайдаланылған әдебиеттер :
Негізгі әдебиеттер:
1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003 2.Бейсенова Р.Р.
экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010
жыл.
3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы:
Экономика, 1999
Қосымша әдебиеттер:
1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі»,
1991.
2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
3.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: