табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік
иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын
қалыптастырады. Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін
қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.
Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта
оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән
учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау. 5. Табиғатты қорғаудың
теориялық негіздері Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат
пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен
өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы
заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен
құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы
бүтіннің бір бөлігі. Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы
өзарабайланыстар болатындығы
туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы
кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-
материализм дамығанда ғана пайда болды.
Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта
болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа
және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет.
Табиғат пен
қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және
сандық ерекшеліктерінен
табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен
әдістерінің сипаты тәуелді. 6.Қазақстанның қазба байлықтары Қазақстан
минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде
вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс
және цинк бойынша екінші, марганец және молибден- үшінші, мыс-төртінші, уран-
бесінші, алтын- алтыншы,темір кені- жетінші, қалайы мен никель-сегізінші, көмір
мен табиғи газ –тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде
хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі,
темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Бақылау сұрақтары: 1.Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз. 2.Табиғи
орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не? 3.Жер табиғи қорларының
жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз. 4.«Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.
5.Ластаушы заттардың жіктелуі қандай? 6.Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті
ластануына мысал келтіріңіз. 7.Қандай қалдықтар бірінші реттік, қандай заттар
екінші реттік қалдыққа жатқызылады ?
Пайдаланылған әдебиеттер :
Негізгі әдебиеттер:
1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003 2.Бейсенова Р.Р.
экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010
жыл.
3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы:
Экономика, 1999
Қосымша әдебиеттер:
1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі»,
1991.
2.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
3.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: