Атырау қаласы
№2 орта мектептің
Бейнелеу пәні мұғалімі
Агылепесова Нұржамал Ибрагимовна
Сабақтың тақырыбы: Жануар мүсіні.
Мақсаты:
білімділігі: мүсіннің көлемін,көлемді композицияның мәнерлілігін бере білу дағдысын қалыптастыру;
дамытушылығы: оқушылардың жұмыр мүсінді жасау «бүтіннен бөлшектеріне қарай» мүсіндеу дағдыларын дамыту;
тәрбиелігі:жануарлар әлеміне деген сүіспеншіліктерін арттыру,эстетикалық талғамын дамыту және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар мен жабдықтар:дайын үлгі,компьютер,бейне ролик,суреттер,ермексаз,тақтайша.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Оқыту әдісі: ақпараттық технологияны қолдану,түсіндіру,өзіндік жұмыс.
Күтілетін нәтиже: анималистика жанрының ерекшеліктері туралы білу,көлемді бейнелей алу; көркемдік мәдениетін, табиғатты бақылағыштықтарын, зейіндерін айқындау; суретші- мүсінші туралы білімдерін қолдану, кішкене мүсіндегі мүсіндерді жапсыру тәсілдерін меңгеру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Сабаққа дайындық. Қызығушылықты ояту.
Өткен сабақтарға шолу.
Біз бұл сабақта мүсін өнері туралы әңгімемізді жалғастырамыз.Латынның «Sculptura» сөзі «қашау», «ойып түсіру» деген мағына береді.
Мүсін – көлемді және белгілі бір пішінде жасалған, барлық жағынан айналдырып қарауға болатын (жартылай көлемдегі бедерлі мүсіндік бейнелерден басқасы) туынды.
Мүсінші өз шығармасын қатты материалдан (ағаш, тас) қиып, ойып, қашап немесе жұмсақ және бейімделгіш материалдан (сазбалшық, ермексаз) жапсырып жасайды.
Мүсінші шығармасы артық массаны алып тастау арқылы немесе керісінше, қажетті массаны қосып отырып немесе құю арқылы (металл) жасалады.
Кейде мүсіншінің (гипстен, ағашпен жасалғанда) бояу арқылы өң беретін кездері болады.
Оқушылардан мүсінші пайдаланатын материалдарды атап беруді сұраймыз. (Тас, ағаш, металл, бетон, сазбалшық, гипс, пластмасса, ермексаз және т.б.).
Жаңа материалды оқып-үйрену.
Оқушылар үшін мүсін жасауға ыңғайлысы ермексаз болып табылады.
Сазбалшық,ермексазбен жұмыс істеу кезінде қаңқа (каркас) пайдаланған орынды. Өйткені оны пайдаланбаса сомдалатын заттың пішіні бұзылып, өзгеріп кетіп отырады.
Мүсін жасауда тұлғаның сипатын,оның пропорциялары мен қимыл қозғалысын бірден ұстап қалуға тырысу керек. Ол үшін жалпыдан бастап жеке бөлшектерге көшу керек. Жұмыс жасауда үлкен пішінді жасай отырып, барлық жағынан қарау керек. Жануарды мүсіндеу үшін оң бүйір, сол бүйір, алдынан, ту сыртынан қарап жасау арқылы нақтылай түсу қажет.
Мүсінші өз ойын картинадағыдай тек бір қырынан немесе бір жазықтықта ғана кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей етіп, толық мүсіндейді.
Мүсінмен жұмыс істеу кезеңдері:
Мүсіндеуді мүсіннің көлемін және жинақталған қалыптың көлемді құрылымын анықтаудан бастаймыз. Алдымен мүсін кішкене етіп жасалады, содан соң оның көлемі үстінен ермексаз жапсыру арқылы үлкейтіледі.
Жалпы және сипаттамалық, шамалық байланыстарды анықтай отырып мүсіннің көлемін нақтылаймыз.
Әрі қарай мүсін бөлшектерін салуға, негізгіден қосалқы бөлшектерге көшеміз. Мүсіндеген кезде белгілі бір бөліктің қайда салынатынын түсіну үшін мүсінді үнемі тұтас қалпында елестетіп отыру керек.
Балалар жалпыдан бөлшектеріне қарай кезеңмен мүсіндей отырып, өзінің дайындайтын мүсінімен жұмыс істейді.
Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылаған кезде оқушылардан жұмысқа қойылатын негізгі талаптарды: мүсін бөлшектерінің шамалық байланысын сақтау;қозғалысты дәлме-дәл беру;ұсақ бөлшектермен мұқият жұмыс істеу; мүсіннің жалпы сұлулығы және оны аяқтаудың қалай сақталғанын сұраймыз. Мүсіннің қандай турлерін білесің? Мүсіндеу мен сурет салудың қандай айырмашылығы бар? Қаңқа не үшін керек? Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Жеке оқушыларға озық тапсырмалар беру: Жануарды қозғалыста мүсіндеу.
Үйге тапсырма: үйлеріндегі жануарларды мүсіндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |