Қазақстан Республикасының фаунасы.
Қазақстан фаунасының
инвентаризациясы тек қана омыртқалы жануарларға толық жасалған. Осы
мәлiметтер
бойынша
Қазақстан
территориясында
омыртқалы
жануарлардың 835 түрi мекендейдi, оның iшiнде: сүтқоректiлер-178, құстар-
489 (оның 398-сы осы жерде мекендейдi, қалғаны жылы құстар), бауырымен
жорғалаушылар
–49,
қосмекендiлер
–12,
балықтар-
104
және
домалақауыздылардың-3 түрi.
Омыртқасыздар фаунасы жартылай анықталған. Жыл сайын
мамандар
жәндiктердiң, өрмекшілердің, құрттардың, моллюскалар және тағы
басқалардың ондаған жаңа түрiн сипаттайды. Қазақстан территориясында
50 мыңға жуық омыртқасыздар түрi мекендейдi деп есептеледi,
соның
iшiнде 550 тұқымдастық, 28 отрядқа жататын жәндiктердiң 30 мың түрi бар
деп есептелiнедi. Тек қана қоңыздардың 10 мың түрi, көбелек және
жарғаққанаттылардың -5 мың түрi және т.б. бар
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың таксономиялық әртектiлiгiн
келесi түрде көрсетуге болады:
2-кесте.
Фаунаның таксономиялық әртүрлiлiгi
Кластар
Отряд
Тұқымдастық
Туыс
Түр
Түр
асты
Сүтқоректілер
6
33
39
178
244
Құстар
18
60
214
489
449
Бауырмен
жорғалаушылар
2
13
25
49
35
Қосмекендiлер
2
6
7
12
9
Дөңгелек-
ауыздылар
1
1
2
3
0
Барлығы
40
132
398
835
808
Сүтқоректiлердiң түрлiк құрамының жартысына жуығын кемiргiштер
(82 түрi бар) құрайды, оның iшiнде тек бiзде кездесетiн түрлерi - қарақас
және Батыс Тань-Шаньдағы мекендейтiн Мензбар суыры.
Аңшылық мақсаттағы сүтқоректiлердiң 33 түрi арасындағы бiрiншi
орында тұяқтылар (бұлан, қабан, бөкен, елiк, таутеке, марал) және
жыртқыштар (қасқыр, түлкi, қарсақ, борсық, аю және т.б.) және осы 2 түрдiң
арасында бiразы жоғалып кету қаупiне
байланысты Қызыл кiтапқа
енгiзiлген.
Мысалы, XX ғ. басында ақбөкендердің жоғалып кету қаупi туындады,
бiрақ ғалымдар мен мамандардың көпжылдық еңбегiнiң арқасында бұл
түр аман алып қалынды.
Құстардың 489 түрлерi арасында сулы-батпақта комплекстi
мекендейтiн 43 түрi аңшылық мақсатта бiрiншi орында (қазтәрiздiлер, гагар
т.б.)
Қазақстанда жыртқыш құстардың 35 түрi кездеседi: бүркiт, ақсары,
сұңқар, қырғи, қаршыға, тазқара, қазықұмай т.б. өкiнiшке орай, олардың
жартысы 50-60 жылдары шектеусiз ауланғандықтан,
қазiр қызыл кiтапқа
енгiзiлген, соның iшiнде мемлекеттiк гербiдегi бүркiт те бар.
Бауырымен жорғалаушылардың iшiнде далалық тасбақаның ұзақ
уақыт бойы аулануы нәтижесiнде (40-180 мың дана/жылына ) оңтүстiк және
оңтүстiк–шығыста оның саны азайып кеттi. Сол секiлдi улы жыландардың
саны (қалқантұмсық, кәдiмгi және далалық жылан) аулау нәтижесiнде
азайды. Соңғы жылдары әртүрлi өрмекшiлердiң уына да сұраныс өсiп
отыр.
Қазақстанның ихтиофаунасы басқа түрлердi жалпы акклиматизация
жасау нәтижесiнде күштi трансформацияға ұшырады.
Республиканың су
бассейiндерінде соңғы он жылдықтарда 32 жаңа түрлер тасталған және ол
қазiргi ихтиофаунаның 25
- дан көбiн құрайды.
Кейбiр бассейiндерде жергiлiктi балықтарды бұл түрлер ығыстырып отыр.
Үш негiзгi факторлар –акклиматизация, судың гидрологиялық режимiн
антропогендi бұзу және тиiмсiз аулау нәтижесiнде судағы жергiлiктi
түрлерге үлкен зиян келтiрдi. Кейбiр түрлер мүлдем жоғалып кеттi
(Мысалы, Балхаштағы маринканың бiрнеше түрлерiнен тек тау суындағы
түрi
сақталып, Iле және Балхаш маринкасы, Арал және Түркістан урачтары
жойылып кеттi).
Сақталып қалған жергiлiктi ихтиофаунаның iшiнде Қазақстан бағалы
байлығы Каспийдегі бекiрелер бар. Олар қазiргi кезде 10 есе азайды.
Астық өндiру жерлердi жалпы өңдеу, iрi қара малды жиi бiр аумақта
жаю, өнеркәсiптiк объектiлер салу, жол және құбыр салу үшін
топырақ-
өсiмдiк жамылғысын бұзатын жарылғыш жұмыстар, шексiз аңшылық
Республикалық жануарлар әлемiне үлкен нұқсан келтiрдi. XX ғасырдың
ортасына қарай Қазақстан территориясынан құланның Қазақстандық түрi
және Тұран жолбарысы, тұғай бұғысы және гепард мүлдем жойылып
кеттi.
Антропогендi әсердiң нәтижесiнде көптеген
жануарлар өздерiнiң
санын төмендеттi және мекен ететiн жерлерiн қысқартуға мәжбүр болды.
1998 ж. 1 қаңтардағы мәлiметтер бойынша ҚР-ң Қызыл кiтабына
омыртқалы жануарлардың 125 түрi (немесе 15%) және омыртқасыздардың
99 түрiн (оның 85 түрi жәндiктер) енгiзiлген.
Ең қауiптi жағдайда сүтқоректiлердiң iшiнен жейрандар, тау қойлары
және жыртқыштар, әсiресе мысық тұқымдастығына жататындар (гепард,
қарақал, бархан мысығы, қарлы барс және т.б.), құстардың iшiнде –
дрофиндер (Драфа-дудақ, безгелдек), жыртқыш құстар әсiресе, iрi сұңқарлар
(балабан, лашын, бидайық), кейбiр суда жүзетiн
және су маңындағы құстар
(бұйра және қызғылт бiрқазан, сарықұтан, аққұтан, жалбағаш, қарабас және
т.б.), балықтардың iшiнде- Арал және Каспий бекiресi, Арал және Түркiстан
қаязы және т.б., омыртқасыздардан көбелектер мен қоңыздардың
комерциялық түрлерi.
Бақылау сұрақтары:
1.
Өсімдік және жануарлар әлемді қорғау.
Ұсынылған әдебиеттер
1.Голубаев Г.Н. Геоэкология. Учебник для студентов
высшых учебных заведений.М.: Изд. ГЕОС, 1999
2.Милианова Е.В.,Рябчиков А.М. Использование природных
ресурсов и охрана природы.М., 1986
3.Родзевич Н.Н., Пащканг К.В.
Охрана преобразование
природы.М.,1979