Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары - Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады
Өндіріс факторлары - Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.
Марксистік теория факторлары - Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы— жұмыс күші және өндірістің заттық факторы — еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады.Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардыңжиынтығы жатады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды. Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды. Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді. Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді.Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.
Маржиналистік теория өндіріс факторларын - Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады.
Еңбек.Кәсіпкерлік іс-әрекет. - Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.
- Кәсіпкерлік іс-әрекет — бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.
Өндіріс факторларын топтастырудың айырмашылықтары неде? - Біріншіден, марксистік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Осылай. өндіріс процесінің алғашқы нёгізінен бастап, қоғамның таптык күрамы калыптасады және таптардың «өділеттік» үшін күресінің болу мүмкіндігі долелденеді. Ал маржиналистер факторларды өндірістің жүруіне кажет тек жалпы техникалық- экономикалық элементгер деп қарастылады.
Өндіріс факторларын топтастырудың айырмашылықтары неде? - Екіншіден, маржиналистер капитал деп еңбек құралдары мен заттарын түсінеді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді. Егер әңгіме өндірістегі өзгеше табиғат жағдайлары туралы болса, олардың ерекшелігі рента арқылы есепке алынуы керек. Олардың түжырымдауы бойынша, бұл жағдаймен ғылымның басқа саласы айналысуы керек.
Өндіріс факторларын топтастырудың айырмашылықтары неде? - Үшіншіден, маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады. Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі — қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзкарастың қолданылуы. Өндіріс факторлары қоғамның даму процессінде өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайды.
Q , A, F - Q — өнім, A — өндіріс факторы. F — функция
- Бұл жағдайда өнім бір фактордың функциясы болып табылады. Шындығында өндіріс процесі күрделі болады, оньщ корытын дысы (енім) көп факторларды қолданудың нөтижесі болып табы лады. Бұнда әрқилы ситуациялар кездесуі мүмкін, оларды төртке бөлейік:
- фактор қолданылмайды;оның мүмкіндігінің бір бөлігі қолданылады;өнімнің үйлесімді оптималды санын өндіруге қолданылады;өнімнің тым көп санын өндіруге қолданылады.
- Факторларды өнім өндіруге қолданудың шексіз көп вариантын график арқылы керсетуге болады.
Қорытынды: - өндіріс факторын жақсы пайдалану, осы өндіріс көлемінің одан әрі көбеюінің шарты, ұлғаймалы ұдайы өндірістің шарты болып табылады. Сөйтіп өндіріс факторларының қосылуының нәтижесінде еңбек өнімдері, материалдық игіліктердің жиынтығы жасалады. Алынған өнімнің шамасының (массасының), оны өндіруге жұмсалған еңбекке сандық қатынасы, еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігінің көрсеткішінің түрі мынадай болады:
- Еңбек өнімділігі = Q/T,
- бұнда Q — жасалған өнімнің саны натуралдық немесе ақша көрсеткіші арқылы есептелген; Т — еңбек шығындары (мысалы, адам/сағат), немесе осы өндірістегі жұмыскерлердің саны.
Достарыңызбен бөлісу: |