Сабақтың тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат Сабақтың мақсаты



жүктеу 47,65 Kb.
Дата01.12.2017
өлшемі47,65 Kb.
#2707
түріСабақ

Күні: пәні: физика 7-cынып

Сабақтың тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік  мақсаты: Оқушыларға механикалық  жұмыс  және нақты жұмыстар, қуат  жөнінде  кеңінен мағлұматтар  беру.
ә)  Дамытушылық мақсатыОқушылардың өз бетімен,   ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте  дұрыс  әдіс-тәсіл  жасауға үйрету. Еңбекке  ынталылыққа  және қиындықтарды  жеңуде ұқыптылыққа, табандылыққа, үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың  өту әдісі: Топтық, жұптық, сұрақ-жауап, тәжірибе
Пәнаралық байланыс: Математика, технология, тарих
Көрнекілігі:  жүк, секундомер, сызғыш, әртүрлі үлестірме материалдар, плакат, түрлі-түсті қарандаштар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
Оқушыларды  «Жұмыс», «Қуат» сөздер арқылы топтастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топ откен тақырып бойынша сұрақтар дайындап келеді.  Сол дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қояды. Оқушылар топтың берген жауабын бағдаршам тәсілімен бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
1. Ой қозғауАлыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте,- деген бұрынғы ән ұранымыздағы сөзді қалай түсінеміз?

Халқымызда : Аман-есен, қуаттысың ба? Жұмысын қалай?- деп сұрап жатады. Сонда, жұмыс, қуат,деген ұғымдар физикада нені білдіреді?

Тұрмыста  және техникада жұмыс деген  ұғым жиі қолданылады. Мысалы, аққан су мен  соққан желдің де,құмырсқа мен бал арасынын да жұмысы туралы айтуға болады.

Әр топ өз ойларын плакатқа түсіріп, қорғайды
Бір бірімізді тыңдаймыз,
Сын тұрғысынан ойлаймыз.
Күш жігерімізді арттырып,
Қуатымызды сақтаймыз.

2.“Мағынаны  ашу.”
І-топ. Жерді әртүрлі әдіспен қопсытуға болады: трактормен, атқа соқаны жегіп алып және күрекпен аудару.
ІІ-топ. Құдық, шелек, бос бошке, насос бар делік. Өздерің жұмыстың шартын құрастырыңдар

–         Сендер қайсысын таңдайсыңдар?


–         Не себепті?
–         Барлығы да бірдей жұмыс жасағанымен, айырмашылығы неде? (жұмыстың тез орындалуында)
Бұдан шығатын қорытынды: Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. Қуатты N әріпімен белгілейді.
Қуат скалярлық шама,яғни оның бағыты болмайды.
–         Жылдамдық немен анықталады? (уақытпен)
–         Барлығымыз бірге ойланайық физикалық шама қуатты қалай анықтауға болады?
–         Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек: N=A/t
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ойшылы Джеймс Уаттың құрметіне ‘Ватт’деп берілген Қуатты өлшеудің бірлігіне 1секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.

 1Вт=1Дж/с  1кВт=1000 Вт

1мВт=0,001Вт 1мкВт=0,000001 Вт

Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда  атқарылған жұмыс механикалық жұмыс деп аталады. Денені қозғалту үшін оған басқа дене белгілі бір күшпен әрекет етуі керек. Түсірілген күштің бағыты дененің  қозғалу  бағытына  сәйкес келсе, онда оның орнын ауыстыруы жүрілген жолға  тең болады. Сондай-ақ дененің орын ауыстыруы өскен сайын атқарылатын жұмыс та өсе береді. Сөйтіп, дененің  қозғалу бағытында әрекет ететін  күштің механикалық  жұмысы күшке де,жүрілген жолға да тура пропорционал өседі.



Жұмыс = күш* жол
Жұмыстың өлшем бірлігіне  1 Н күштің 1 метрге жылжытқандағы  жұмысы алынады.
1 кДж=10 3 Дж 1 м Дж= 10-3Дж
1 мкДж =10-6 Дж 1 МДж= 10 6 Дж

A=F*s     F=A/s     s=A/F

ІV. “Қызығушылықты ояту.”

Тәжірибе: көлбеу тақтайдың бетімен жүкті (150г) жоғары қарай көтеру үшін жұмсалған жұмысты және осы кездегі қуатты анықтау керек.

  1. Көтерілу уақытын секундомермен өлшейді

  2. Тақтай ұзындығына тең көтерілу биіктігі сызғыштың көмегімен анықталады

V. «Ой толғау» Есептер шығару (2 топқа деңгейлік есептер беріледі)

1-топ:

1) Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?

2) Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?

3) Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап ағады.Су ағынының қуаты қандай?

2-топ:

1)Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығу үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай?

2) Массасы 0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар?

3) Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең?

VI.Жинақтау

Сәйкестікті тап (сәйкес формулаларды орнына қою)

VII.Қорытындылау, бағалау.

VIII.Үйге тапсырма: §51, 52

Шығармашылық жұмыс: Джеймс Уатт жайында деректер жинау
жүктеу 47,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау