М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Эссе
« Ғаламдық жылыну »
Орындаған Шамбулкереева Б.Н
Группа Логопедия 22/1
Тексерген Елубаева М.С
Тараз 2022
« Ғаламдық жылыну »
Кілт сөздер:Атмосфера, қоқыс,экоблогер, ғаламдық,жылыну
Ғаламдық жылыну-қазіргі таңдағы ең үлкен мәселелердің бірі.Ғаламдық жылынудың кесірі көп,мұздықтар еріп,су деңгейі көтеріліп жатыр.
Бұл неден туындайды?
Атмосфера қабығының жұқа болып бара жатқаны көбімізге беймәлім.Бұны мен не себепті еске алып отырмын.Атмосфера бізді тікелей күн сәулесінен құтқарып отыр,ауа қабығы жұқарған сайын,күн тікелей жерге жетіп отырады.Одан тиген зиян жағдайлар көптің қасы.Мысалы:мұздық тардың еруі,ормандардың өртенуі, су деңгейінің көтерілуі,барлығы күн көзіне тікелей байланысты.
Ауа қабаты жұқарып, тесіктер пайда болуына да себептер бар.
Ең бірінші себеп:өнеркәсіптерден,көліктің түтікшесінен шығатын көмірқышқыл газының ауаға жетуі.Көмірқышқыл газы тек қана атмосфера қабатына ғана емес сонымен қатар,мұздықтарға қонып,оның еруіне әкеледі.
Екінші себеп:қоқыстардың шашылып қоршаған ортаны ластауы.Сонымен бірге шыны заттарды көрінген жерге тастаудың кесірінен ормандар,далалық жерлер өртеніп,көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әкеліп соғады.
Біз бұл жағдайды қалай шешеміз қалай шешеміз?
Ең алдымен қоқыс мәселесін шешу керекпіз.
Қоқыс мәселесі тек қана үкіметтің емес,қарапайым халықтың өз қолында.Әрбір адам артынан қалдықтарын жинап отырса,бұл ғаламшарымызға,өзіміз дің өмірімізге ,қоршаған ортамызға пайдасын тигізер еді. Айына бір рет болсын үлкен шаралар ұйымдастырып,әрбір тұрғын өз ауласын жинап, тазалап жатса бұл бір керемет жағдай болар еді.
Қоқыстарды қайта өңдеуге жіберіп,олардан қаншама керек дүние алуға болатынын сіздер білдіңіздер ме?
Көбісі мұны білмеуі мүмкін.Шынымен,қағаз, қалам секілді күнделікті өмірге қажетті заттар қоқыстан жасалады.
Сіздер білесіздер ме?
Экоблогер Маша Сморыгина қоршаған ортаны қорғау туралы көптеген жоба құрып,оларды жастарға, қарапайым халыққа таныстырып, артынан көптеген адамды қоршаған ортаны қорғау ға,сақтауға шақыруда.Бұл кісінің артынан ерушілердің саны жоқтың қасы.Тек қана бұл емес сонымен қатар бұл кісі қоқыстарды сұрыптап,қайта өңдеуге жіберіп,көптеген қажетті заттарды жасауда.Сонымен бірге Маша Сморыгина осы жайында әлеуметтік желілерде бөлісіп,халықты пайдалы істер жасауға шақырады.
(Tik Tok желісінен masha_smorygina парақшасы)
Мен бұл ақпараттарды әлеуметтік желіден қарап көп көңіл-күйді бастан кешірдім.
Көмірқышқыл газының мәселесін қалай шешеміз?
Бұл жайында мен өз пікірімен, идеям мен бөлісіп кетсем.Біз білеміз көмірқышқыл газы өнеркәсіптердегі мұржалардан, көлік түтікшесінен пайда болады.Егер де біз өнеркәсіптердегі мұржаларға сүзгі орналастырсақ,көліктерді электр қуатты арқылы немесе күн көзімен жүруге болатындықтай құрастырсақ үлкен бір пайда,жетістік болар еді.
Ғаламдық жылыну болдырмау үшін біз айналамызды барынша таза ұстауға тырысу керекпіз.
Болашағымыз өз қолымыз да!
Достарыңызбен бөлісу: |