Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері



жүктеу 216,48 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі216,48 Kb.
#673

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы

№3 Қарауылкелді орта мектебінің

орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi



ҰБТ дегеніміз не?

Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.



ҰБТ міндеттері:

1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;

2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;

3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

ҰБТ – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

Оқушыларды ҰБТ - ға сапалы дайындау үшін мектепте дайындықтың жоспарын жасау керек.



-психологиялық;

-ұйымдастыру;

-технологиялық;

- ақпараттық

Психологиялық дайындық. 10 – 11 сынып оқушыларымен ,сынып жетекшілерімен пән мұғалімдерімен үйрету семинарлары өткізу (ҰБТ – ның өткізілуі мен ұйымдастыру ережелері туралы мәлімет беру), қорытынды аттестацияның жаңа пішіміне позитивтік(оң) көзқарас тудыру, «Оқушылардың психологиялық дайындық үрдісінде жаңа енгізулерге ересектердің оң қарым – қатынасының маңыздылығы». «Үрейді қалай сейілтуге болады?», «Стрестік жағдайдан қалай шығуға болады?», «Психологиялық күйдің тәсілдері» сияқты мектеп бітірушілермен өткізілетін сынып сағаттарының серияларын әзірлеу.
Ұйымдасқан дайындық:

  • ҰБТ – ның өткізілуі мен ұйымдастырылу ережелері туралы құжаттарды тарату, оны қолжетімді қылу,

  • ҰБТ туралы бұрыш жасау(ережелер, бұйрықтар, нұсқаулар,өткен тестілеулердің нәтижелері),

Технологиялық дайындық – тестпен жұмыс бойынша оқушыларың дайындық жүйесі:

  • ҰБТ - ға даярлау курсына мұғалімдердің қатысуы,

  • Тестжасам теориясын, тестерді өңдеу технологиясын меңгеру,

  • Ағымдағы сабақтар мен бақылау жұмыстарда тесттерді жүйелі түрде қолдану(уақытқа).

  • Мәліметтер жиынтығын құрастыру (мектеп бітірушілер үшін пән бойынша тесттер).

Ақпараттық дайындық:

  • ұжымды жүйелі түрде басылым жаңалықтарымен, БжҒМ – нің және тестілеу Орталығының құжаттарымен таныстырып отыру, мұғалімнің өздік білім көтеру жоспарына «Тестжасам теориясы, сабақта тесттерді қолдану әдістері» тақырыбын енгізу

ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы. Мұғалімге қойылатын талаптар :
- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру
- Тиімді технологияларды қолдану.

Мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?
Мақсаттар:
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ға жүйелі дайындық жүргізу және білім сапасын жоғарылату.

                              ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?


- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Интерактивті технологияларды қолдану,
- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқыы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.

            Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мұғалімнің жұмыстары

     Ұйымдастыру жұмыстары.

   Білім үрдісінің қатысушыларын ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу ережесімен таныстыру;

ҰБТ бұрыштары;

  Профориентациялық жұмыстар, 4 пәнді таңдау мақсатымен жоғары оқу орындарымен байланыс жасау;

Тоқсандық, қорытынды бағаларды әділетті қоюын  қадағалау;

   Байқау тестілер мониторингін жасау;

2. Информациялық жұмыстар.

  ҰБТ мәселесінің әдістемелік кітаптарымен таныстыру үшін

информациялық топ құру;

  Нормативтік құжаттармен таныстыру;

3. Психологиялық дайындық.

   Сынып жетекшілеріне , мұғалімдерге семинарлар өткізу;

    Психологиялық тренингтер өткізу;

   «Қолайсыздықты  болдырмау жолы», тағы да басқа тақырыптарда сынып

сағаттарын өткізу;

  Оқушылардың теспен жұмыс жасау жүйесі;

   Семинар, курстарға қатысу;

    Бақылау сабақтарында тестер пайдалану;

    Оқушылармен тест арқылы  жұмыс жасаудың тиімді әдістерін үйрету;

    Әр пәннен тест жұмыстарын жасау;

  Мұғалімнің білім көтеру жоспарына ҰБТ-мәселесін енгізу;  

Пән мұғалімінің жұмыс бағыттары

 


Диагностикалық бағыт

Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау

Тестілеу

Сұхбаттасу

Бақылау үзігі


Практикалық бағыт

Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру

Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, факультативтік сабақтар

Қадағалау бағыты

Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау

Бақылау

Тест тақырыбы



Мұғалімнің диагностикалық жұмысы

  1. Оқушының оқу-ісі материалдарын сараптау;

  2. Оқу, ойлау қабілеттері мен іскерліктерін қалыптастыру деңгейлері;

  3. Тиімді оқытуды анықтауда этно-мәдени лексикасын қолдану;

  4. Өңдеу жұмыстарының нәтижесі;

  5. Өзін-өзі жетілдіру жұмыстары;                                                                            

ӘБ жетекшілеріне ұсыныс

 -Бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде оқушыларды сапалы  білім беруін қадағалау, бақылау жасау                

-ҰБТ дайындық кезінде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну

-жыл бойына практикалық семинарлар өткізу

-мектеп көлемінде жекелеген және топтық кеңес ұйымдастыру

- мектепішілік байқау тестін ұйымдастыру

 -мектеп мұғалімдерін білім көтеру курстарына жіберу (облыстық БЖИ )

ҰБТ кітапшалары бойынша пән мұғалімдерін тестілеу (білім жетілдіру курстары) көлемінде    

-          Техникалық карта жасау;

-          Мұғалімнің диагностикалық іс-әрекетін анықтау

  - Ата-аналарымен тығыз байланыс жасау           


  • Оқу үрдісінде  пән мұғалімдерінің дидактикалық жүйесін қамтамасыз етуі. Әр жылдары шыққан тест жинақтарын қолдану.   

  • Мектеп психологымен бірігіп түлектердің психо-эмоционалдық жағдайларын байқау.

  • Психологиялық тренингтер өткізу,ҰБТ-ға дайындық өткізу жөнінде әдістемелік әзірлеме дайындау      

Мұғалімнің жұмыс жүйесінің педагогикалық идеялары

   Арнайы жекелеп оқыту;

   Дифференциялық оқыту;

    Оқушының интеллектуалдық даму деңгейін есепке алу;

    Оқыту деңгейінің диагностикасын жасау;

    Өзін- өзі көрсетуіне мүмкіншілік беру;

    Жетістікке жағдай тудыру;

    Коммуникативтік дағдыда тәрбиелеу;

    Жеке тұлғалық  бағытта оқыту теориясына сүйену;
«ҰБТ-ға дайындық» кезінде  төмендегі мәселелер мен  қиындықтар кездеседі:

 -   сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың ынтасыздығы;

-          оқушылар мен ата-аналардың денсаулығына байланысты туындайтын мәселелер;

-          ата-аналарының төмен білімінің деңгейі;

-          оқушының өзіндік даму, өзіндік білім көтеруінің төмен деңгейде болуы;

-          оқушының өзін-өздері төмен бағалауы және көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес бұл пәнді басқа пәндерге  қарағанда оңай деп тануы

Мектептiң дамуы сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Қазіргі заман талабына сай жан- жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көзқарасы, ой-тұжырымы бар тұлға тәрбиелеу- ұстаз алдындағы ұлы іс. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің 1992 жылы 10 қыркүйекте шыққан бұйрығында барлық оқу орындарында оқушылардың білім сапасын айқындауды тестілеу арқылы жүргізіп, ол үшін өтілген пәндерден тест түрлерін жасау, сонымен қатар тексеру, бақылау жұмыстарының кешенді қорын жинақтау қажеттілігі талап етілген.
Тест –ағылшын сөзі, аударғанда «байқау», «бақылау», «зерттеу» деген ұғымды білдіреді. Сабақтарда келесі тест түрлері қолданылады.
Бірінші –таңдау тесті. Мұнда оқушы дұрыс жауабын таңдап жазады. Тест ішінде кеңінен пайдаланып жүргені дұрыс жауап таңдау тесті, яғни бір сұрақтағы 3-4 жауаптың тек біреуі ғана дұрыс.
Екінші – балама тест ( альтернативтік ) мұнда бір сұраққа «иә» немесе «жоқ» деген жауап беріледі.

Үшінші – толықтыру тесті. Бұл тестіде сұрақтың жауабын тауып толықтыру керек. Оқушы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады.


Төртінші – сәйкестендіру тесті. Сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, өз тұсына сәйкес етіп жазады. Бұл жерде бірінші бағанада сұрақтар беріледі, екінші бағанада жауаптар беріледі. Оқушы жауаптарын дұрыстығына қарай сәйкес тауып жазады.

Тест тапсырмасын орындауда оқушы сұрақты оқып шыққаннан кейін әрбір жауапқа талдау жасай білуге үйрету, тез әрекет етуге, берілген жауаптардың ішінен тапсырмаға қатысты емесін анықтай білуге, тапсырма қатыстысының ішінен дұрысын анықтай білуге , мұқият болуға үйрету керек.Әр оқушының бір тапсырмадан екіншісіне жылдам ауыса білуді үйренуі маңызды.

Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру керек.

Біріңғай ұлттық тестілеуге сапалы дайындаудың үш жолы бар:


Біріншіден: алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін маман болу керек;
Екіншіден:оқушы 5-11 сыныптың материалын тесті жаттау арқылы емес, берілген әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы іс жүзіне асыру керек;

Үшіншіден:пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен оқушыларға сұраныс пен талап қоя отырып берілген білімнің сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы жүйелеп, үлгерім процесіне шығару керек.


Сонда ғана Біріңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі болады.

ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:


1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2.Мектептердің білім сапасына нақты баға беріледі.
3. Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.

Сондықтан ұстаздар қауымы, қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармауымыз қажет. Ел болашағы-білімді жастардың қолында.Сондықтан білімді ұрпақ , жеке тұлға қалыптастыру – біздің ең басты мақсатымыз!


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирсеитова  С.С.  Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. 

Қарағанды,        2011.



2. «Қазақстан мұғалімі»  газеті

3. 12-жылдық білім берудің Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары

4. Методикалық құрал Мектептегі 12 жылдық жағдайлары
 
жүктеу 216,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау