Лекция. Гендер ұҒымы жайлы түсінік. Тілдің гендерлік жіктелімі: МӘдени-әлеуметтік, тілдік-әлеуметтік мәНІ



жүктеу 194,62 Kb.
бет1/49
Дата01.04.2022
өлшемі194,62 Kb.
#37984
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
genderlik lingvistika darister


1 ЛЕКЦИЯ. ГЕНДЕР ҰҒЫМЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК. ТІЛДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЖІКТЕЛІМІ:МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК, ТІЛДІК-ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ
Гендерлік мәселе қазіргі заманғы руханияттық ойтолғаныстар мен күнделікті тұрмыс кешудің көпжақты қырларына байланысты туындаған қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, экономикалық-әлеуметтік саланы тұтастай қамтитын, жалпы алғанда, антропологиялық тұрпатты ізденістер мен түйткілдердің шынайы өмірмәнділік көрінісі болып табылады. Осыған орай, ол өзінің проблемалық алаңы бойынша ғылыми, әрі тұрмыстық, әрі саяси мәні бар шешімін табуға ұмтылатын және нәтижесін талап ететін сұраныстар аясынан табылып отырады. Олай болса, гендерлік мәселе, жалпы алғанда, бір қырынан, адамзатты сан ғасырлар бойы толғандырып келе жатырған күрделі метафизикалық сипатты, екінші бір қырынан алғанда, нақтылық пен шешімді, тәжірибе мен істі талап ететін таза эмпирика.

Ер мен әйел қатынасының теңдігі соңғы жылдары ғана ғылыми-көпшіліктің аренасына шығарылғанмен, ол ресми емес түрде талқыланған көп жылдық тарихтың куәсі болып есептеледі. ХХ ғасырдың аяғынан бастап, бұл теориялық-практикалық дәрежеде сарапталатын тиянақты ұстанымға өтті. Осыған орай, жалпыадамзаттық және жекелей ұлттық-мемлекеттік деңгейде таразыланатын басты түйткіл ретінде тұрмыстық-мәдени, ғылыми-теориялық қоғамдық сананы қамтып келе жатырғандықтан, еліміз де аталған мәселеден тыс қалмай, әлемдік өркениеттену-жаһандану жағдайында өзінің ұстанымдары мен ұстындарын паш етті. Осыған байланысты, отандық ғылыми дискурста бұл соңғы уақыттарда белең алған маңызды түйткілдердің бірі болып орнығып келеді.

Ер мен әйел арасындағы қатынас пен оның теңдігі гуманистік тұрпатты болып келетіндіктен, ол өзінің қарышты ауқымын кеңірек жайып келе жатырған және біршама тартысты болып құрылған шынайы өмірмәнділік құбылыс, әрі теориялық талдаудың кең алаңы.

Соңғы кездегі ғылым әдіснамасында жиі ұсынылып жүрген ғылымдардың интеграциясы мен дифференциациясы бойынша проблеманы қою мен шешу осы гендерологияға да тікелей қатысты. Гендерлік антропология, гендерлік психология, гендерлік лингвистика, гендерлік дінтану, гендерлік өнертану т.б. салаларды да өркендету қажет және оның әрқайсымен жеке-жеке тереңірек шұғылдану да заманауи талаптардан туындап отыр.

Гендер мәселесін жоғарыда айтылғандай ұлттық мәдениет пен таным тұрғысынан шешу бойынша: ұлттық дүниетанымдағы гендерлік ұстанымдар, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі гендерлік ой мен тәжірибенің тарихы сияқты мәселелер тереңірек зерттелуі тиіс. «Бұл мәселе бұрын біздің ұлыста қалай шешімін тапты» деген тарихилық қағида қазақ халқы үшін қандай ма болмасын өмірмәнділік мәселелерді шешудің басты тетіктерінің бірі екендігі белгілі. Ол үшін тұтас ұлттық әдебиет, этнопсихология, этнофилософия т.б. салаларды тарихи-әлеуметтік тұрғыдан тұтас зерделеу талап етіледі, оның ішіндегі ер мен әйел қатынасының теңдігі мен теңсіздігі хақындағы толғаныстарды іріктеп алу маңызды іске айналады және арнайы түсіндірмелерді керек етеді. Мәселен, Шалкиіз жыраудың: «Жақсы қатын алсаңыз, Жақсылығын білдірер, Ерін жөнге көндірер»,-деген [4,138б.] қазақтың ер мен әйелдің жанұялық қатынасының жалпылама формуласы іспеттес ой түйінінде: «ер қатынды алады» - патриархалдық көзқарас пен «ол ерін жөнге көндіреді» - матриархалдық сипаттың бірлігі ұсынылған. Бұл жерде: теңсіздік мәселесі бар ма, болса қалай көрініс тапқан, кім теңсіздік пен кемсітушілікке ұшыраған деген сауалдар туындайды.

Антропоцентрлік парадигмадағы гендерлік лингвистика қоғамдағы гендерлік рөлдермен астасып, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, наным-сенімдерімен тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді. ТМД елдерінде гендерлік топшылаулар, ой-тұжырымдар 1990 жылдарда пайда бола бастады. Ресейде М.Арутюнян, Т.Рурко, А.Клецин, О.Воронина, Т.Клименкова, В.Бодрова т.б. зерттеушілер гендерлік бағытты дамытты. XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап гендерді лингвистикамен байланыста қарастырған ғылыми зерттеулер жарық көре бастады. Зерттеуші А.В.Кирилина өз еңбектерінде «гендер» және «жыныс» ұғымдарын ажыратып берді: «Гендер (социальный или социокультурный пол) не является языковой категорией, но его содержание может быть раскрыто путем анализа структур языка, что объясняет востребованность лингвистической компетенции для изучения культурной репрезентации пола» [1, 133 б.]. XX ғасырдың 80-шы жылдарынан бастап гендерлік зерттеулерге арналған еңбектер көбейе түсті. Тіл білімінде жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым – гендерлік лингвистика пайда болды. Гендерлік лингвистика теориясын, әдістемесін талдап-түсіндіруде батыс лингвистері Дж.Лакофф, Д.Спендер, О.Есперсон, орыс лингвистері А.В.Кирилина, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова елеулі үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипатқа ие. Гендер факторы қазақ ағартушы, зиялыларының еңбектерінде де жиі ескеріліп отырған. Қазақ гендерлік лингвистикасының негізін қалаушы көрнекті ғалым, тұңғыш профессор Қ.Жұбанов әртүрлі халықта әйелдер тіліне тән ерекшеліктер болатынын көрсеткен. Қ.Жұбановтың еңбектерінде әйел тілінің спецификалық ерекшеліктеріне баса назар аударылған [2, 41 б.].




жүктеу 194,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау