1. Қазақ драматургиясы тарихи кезеңдері. Қазақстан драмаратургиясы[



жүктеу 19,39 Kb.
бет1/2
Дата08.05.2020
өлшемі19,39 Kb.
#30203
  1   2

1. Қазақ драматургиясы тарихи кезеңдері. 

Қазақстан драмаратургиясы[өңдеу]

Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сәкен Сейфуллин болды. Оның “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарлар” пьесаларында драмаға лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы ретіндегі Шаниннің “Шахта” пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу” пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтың “Екі заң”, т.б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны — “Перизат — Рамазан” және А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің “Зарлығы”.

20 ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың көбісі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Шаниннің “Арқалық батыры” 1924 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екі бөлімнен тұратын пьеса премьерасы сахнада қатарынан екі күн жүрген. “Арқалық батыр” трагедиясы — отандық драматургиядағы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар — “Торсықбай” мен “Айдарбек”, бұлардың сюжеттерінің желісі — ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері. Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі — Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап айтқанда “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Айша”, “Сәлде”, “Көзілдірік”, т.б. Бұларда комедияның шағын үлгілері — скетч, водевильге тән түрлері кездеседі.



2. Қазақ драматургтері. Қазақ драмалары. 

20 ғасырдың 40 — 50-жылдары ұлттық драматургия жаңа белеске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік тақырып М.Ақынжановтың “Исатай — Махамбет”, Сәбит Мұқановтың “Күрес күндерінде”, Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың “Ақ қайың”, Әуезовтің “Абай” трагедияларында жалғасын тапты. Ұлы Абайдың өмірі мен қазақ халқының өткен ғасырлардағы әлеуметтік болмысын суреттейтін “Абай” трагедиясы отандық драматургияның көркемдік қуатының молдығын көрсетіп берді. Сондай-ақ, Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды”, Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” пьесалары күрделі жанрдың өзіндік ерекшелігін меңгерудің үлгісіне айналды. Ұлы Отан соғысы кезінен бері қойылып келе жатқан “Қарақыпшақ Қобыланды” драмасы сахнада халқымыздың бостандық жолындағы күресін бейнелейтін қаҝармандық тақырыпты орнықтырды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” — отандық драматургияда махаббат тақырыбын әлемдік үлгі дәрежесіне көтерген күрделі пьеса. Осы жылдары күнделікті тірліктің маңызды мәселелерін қозғаған Ш.Хұсаиновтың “Марабай”, аңыз-ертегінің негізінде жазылған “Алдаркөсе” комедиясы жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне арналған Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Тәжібаевтың “Майра” пьесалары да отандық драматургияның ірі жетістіктері болды. Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі кезеңдегі өмір болмысын суреттейтін Әуезовтің “Сын сағатта”, Ә.Әбішевпен бірігіп жазған “Намыс гвардиясы”, Әбішевтің “Достық пен махаббат” пьесалары халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерді бейнелейді. 20 ғасырдың 60 — 70 жылдары драматургия еліміз өміріндегі елеулі әлеуметтік мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ драматургиясына өз қолтаңбалары бар Қ.Мұқамеджанов, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев,Т.Ахтанов, С.Аянбеков, С.Жүнісов, Ә.Тарази (Ә.Әшімов), т.б. бір топ драматургтер келіп қосылды. Драматургияның басқа жанрларымен бірге комедиялық шығармалар театр репертуарларынан берік орын алды. Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті”, “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек”, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-ай!”, “Ой, жігіттер-ай!”, Ахтановтың “Сәуле”, Әбішевтің “Армандастар”, “Нұрлы жаңбыр”, Хұсаиновтың “Сырымбет саласында”, Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Таразидің “Күлмейтін комедия”, т.б. шығармалар жазылып, сахнада қойылды. 20 ғ-дың 70 — 80-жылдары қазақ драматургтері қатары О.Бөкеев, Н.Оразалин, Қ.Ысқақов, Б.Мұқаев, О.Бодықов, Д.Исабеков, А.Сүлейменов, Т.Әбдіков, И.Оразбаев, С.Балғабаев және т.б. жаңа таланттармен толықты. Бұлардың шығармаларында өз замандастарының ой-арманы, өмірлік көзқарасы терең бейнеленді. Бөкеевтің “Құлыным менің”, “Текетірес”, Оразалиннің “Шырақ жанған түн”, “Тас киіктер”, Ысқақовтың “Таңғы жаңғырық”, Мұқаевтың “Қош бол менің ертегім”, Исабековтің “Әпке”, “Мұрагерлер”, Сүлейменовтің “Қыздай жесір — штат қысқарту”, “Жетінші палата”, “Кек”, т.б. шығармалар отандық драматургияны әр қырынан байытқан елеулі туындылар ретінде бағаланды.

3. Қазақ өнер қайраткерлері


жүктеу 19,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау