13-дәріс
Тарихи антропологияның заманауи
мәселелері
ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Кітап:
Дәріс:
Дәріс авторы:
Тарихи антропология
Тарихи антропологияның заманауи мәселелері
Жамбыл Артықбаев
2
Мақсаты:
«Тарихи антропология» даму үстідегі ғылым саласы, сол себептен оның заманауи мәселелері
көп. Белгілі дәрежеде бұл бүкіл әлеуметтік ғылымдарға тән. Осы дәрісте біз бұл пәннің айрықша зерттеу
алаңы, ерекше проблематикаларын қарастырамыз.
Негізгі идеялары:
1.Тарихи антропологиялық зерттеулердің проблематикасы
Сәлеметсіздер ме, құрметті онлайн-көрермен. Бүгін біз белгілі Ресей антропологы М.М.Кромның
«Тарихи антропология» оқу құралы (үшінші басылым, түзетілген және толықтырылған) кітабы бойынша
дәрістер топтамасын жалғастырамыз. Тарихи антропология мэтрлері, атап айтқанда, А.Бюргьер, Ж.Ле
Гофф, А.Я.Гуревич, бұл бағыттың өзіндік айрықша зерттеу алаңы, ерекше проблематикасы жоқ екенін
бірнеше мәрте атап өтті. Шынымен де, тарихи-антропологиялық зерттеулер тақырыбы өте әралуан. Соған
қарамастан, соңғы онжылдықта тарихи-антропологиялық тәсіл айтарлықтай жемісті болған бірнеше
проблемалық тұсын бөліп көрсетуге болады. Тарихи антропологияның бұл тақырыптық бағыттары
бойынша жол сілтеуші ретінде А.Бюргьердің 1986 жылы “Словарь исторических наук” жинағында жарық
көрген мақаласын пайдаланамыз.
Бюргьер тарихи антропологияның мынандай түбегейлі бағыттарын атайды:
• дене, өмірді және өлімді, сексуалды қарым-қатынасты, т.б. қабылдауға қатысты материалдық және
биологиялық антропология;
• француз тарихшысының айтуынша, көбінесе әлеуметтік, моральдық, діни іспетті, экономикалық
қатарға жатпайтын факторлардың әсерімен қалыптасатын “экономикалық дағдыларды” зерттейтін
экономикалық антропология;
• отбасылық және туыстық құрылымдарды назарда ұстайтын әлеуметтік антропология;
• мәдени және саяси антропология: бұл айдарда Бюргьер, бір жағынан, халықтық наным-сенімдер
мен рәсімдерді зерттеу; екінші жағынан, билік тарихына антропологиялық тұрғыда келу тәсілдерін
біріктіреді. Алайда, бұл біріктіру жасанды сияқты болып көрінеді: бұл екі бағыттың маңыздылығы
сонша, әрқайсысы жеке қарастыруды қажет етеді.
Физикалық антропология саласындағы тарихи зерттеулер бүгінде үнемі ұлғаю үстінде. Мұнда
қарастырылатын мәселелер бойынша тарихшылар тек өзге де гуманитарлық пән (психология, этнология)
өкілдерімен ғана емес, сонымен бірге, жаратылыстану ғылымдарымен, ең алдымен, биологиямен және
медицинамен айналысатындармен қызу диалогқа түсуді қажет етеді. Физикалық антропологияға, жекелей
айтқанда, тамақтану тарихы, науқас тарихы, т.б. жатады. Тамақтану рационы, антропометрикалық
көрсеткіштер (бірінші кезекте, бойдың өзгерөзгерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |