Лекция. Гендер ұҒымы жайлы түсінік. Тілдің гендерлік жіктелімі: МӘдени-әлеуметтік, тілдік-әлеуметтік мәНІ


ЛЕКЦИЯ №3 ФЕМИНИСТІК ЖӘНЕ МАСКУЛИНДІК ЭТНОЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР



жүктеу 194,62 Kb.
бет7/49
Дата01.04.2022
өлшемі194,62 Kb.
#37984
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
genderlik lingvistika darister

ЛЕКЦИЯ №3 ФЕМИНИСТІК ЖӘНЕ МАСКУЛИНДІК ЭТНОЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдардың басында Америка мен Германияда пайда болған « әйелдердің жаңа қозғалысы» әсерімен гендерлік зерттеулер феминистік сипат алды. Тіл білімінде феминистік лингвистика немесе тілдегі феминистік сын деп аталатын өз алдына арнайы бағыт пайда болды.

Феминистік лингвистика патриархатты, яғни қоғамдық және мәдени өмірдегі еркектердің басымдығын сипаттайды. Бұл зерттеу нысанына сәйкес, өзіндік әдіснамасы бар, адам туралы ғылым салаларының ( психология, әлеуметтану,этнография, антропология,тарих, т.б.) нәтижелерін лингвистикалық зерттеулерге кең пайдаланатын, тіл саясатын жетілдіру идеяларын берік ұстанған, ғылыми пікірталасқа құрылған бағыт.

Феминистік лингвистика өкілдері Робин Лакофф, Дженифэр Коатс зерттеулерінде әйел тілі жан-жақты талданды. Атап айтқанда, Робин Лакофф 1973жылы жарияланған «Language and Woman's Place»(«Тіл және әйелдің тілдегі орны») атты зерттеуінде әйел тіліне тән лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді саралап, ағылшын тіліне «Women's language»(әйелдер тілі) терминін енгізді. Зерттеушілердің көпшілігі Р.Лакофтың тілдік амалдар қызметін шектеп, « әйелдер тілін» ғана бөліп көрсету ұстанымын сынға алып , «Women's Language»(«әйелдер тілі») терминін, соған ұқсас, «Pawerless Language»(«әлсіз тіл») атауымен алмастыруды ұсынды.

Р.Лакофф жыныс өкілдерінің бірдей сөз қолданысы стильдік тұрғыдан әртүрлі қабылданады, себебі адамның психикасы мен сөйлеу ерекшелігі арасындағы байланыс лексикалық, синтаксистік және семантикалық материалдар арқылы тіл де көрініс табады. Соған сәйкес, ер адамның сөйлеу стилі нормаға сай, айқын әрі салмақты болып келсе, әйелдің сөйлеу стилінде өзінің табиғатына лайық сыпайылық басым деп түсіндіреді. Сонымен қатар автор лингвистикалық сезімталдық және бақылау әдістерін негізге ала отырып, әйел тілінің бірқатар айырым белгілерін анықтады, соның ішінде:

- әйелдер мүддесі мен қызмет ету ортасына байланысты арнайы сөздік;

-айқын, дәл сипатталған түр-түс белгілері;

-жай-күйді, эмоционалды қатынасты бейнелейтін сын есім түрлері (сүйкімді, тамаша, керемет)

-сенімсіздік мәнін білдіретін айырым сұрақтар (солай емес пе? солай сияқты еді ғой)

-әңгімені бәсеңдету,мойындату мәніндегі сөздер мен фразалар(сол тәрізді, қалай айтсам болады екен,сол сияқты)

-эвфемизмге бейімділік және асыра сыпайылық білдіру;

-аса биязылық.

Осы аталған белгілердің біразы әлеуметтік тіл бөліміндегі зерттеулерде эмпирикалық талдаулардың нысаны болды. Зерттеушілердің бірқатары Р.Лакоффтың қорытындысын мақұлдаса, кейбірі келіспейтіндіктерін білдірді, теріске шығарды. Айталық, ерлі-зайыптылар арасындағы әңгіме жазбасына талдау жасау, студенттер ортасындағы семинар сабақтардағы сұхбаттарға талдау жүргізу, ересек, егде жастағы кісілердің әңгімелеріне талдау жасау барысында айырып сұрақтарын әйел қауымы жиі қолданатыны байқалады;ал конференцияларда, пікірталастарда, кәсіби ортада әңгімелесу барысында айырым сұрақтарын еркектер көп қолданатыны анықтайды.

Соңғы жылдары әйел тілін зерттеу басқаша бағытта, яғни әйелдер тобындағы қарым-қатынаста талдауға күшті. Бұған дейін әлеуметтік тіл білімінде респондент рөлінде тек әйелдер алынған бірде-бір зерттеу болмаған еді.

Дж. Коатс өзіне дейін жарияланған зерттеу еңбектерге шолу жасай келе, тілде жинақталған көлемді эмпирикалық материалдар негізінде «әйел тілінде» қатысты дәстүрлі ұғынға жаңаша түсінік берді. Ол алдымен, қоғамда қалыптасқан әйелдердің сөйлеу стиліне көпсөздік тән деп есептен, олардың әңгімеге араласпауын тиімді қатынастық саясат санайтын таптаурын белгілеудің мәнін ашуға тырысты және әйел тіліндегі сыпайылық, әдептілік нышанын білдіретін тілдік құрылымдарды (қыртыма сөздер, риторикалық сұрақтар, қайталаулар, т.б.) нақты атап, олардың әрқайсысының стилідік кызметін талдап көрсетті [Коатс 2005,146-148 бб ] нақты атап, олардың әрқайсысының стилідік кызметін талдап көрсетті [Коатс 2005,146-148 бб ]




жүктеу 194,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау