Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет69/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93
Бақылау сұрақтары.
1. Гидрогенизациялық процестерде қандай катализаторлар қолданылады?
2. Дизель отынын гидротазалау қондырғысының технологиялық сызбасын келтіріңіз.
3.Гидрокрекинг және гидротазалау процестері немен ерекшеленеді?
4. Шикізат гидрокрекингінде қандай химиялық процестер болады?
5. Қандай мақсатпен жүргізеді двухступенчатый гидрокрекинг?

  1. Мұнай қалдықтарының гидрокрекингі процесі қандай бағыттар бойынша жүргізіледі?



Лекция 23
Мұнай газдарын өңдеу. Табиғи, ілеспе және жасанды газдардың сипаттамасы.
Газдарды тазалау және кептіру әдістері. Газ қоспаларын бөлу тәсілдері. Газофракциялайтын қондырғылар (ГФУ)


Мұнай газдарын өңдеу. Шығу тегіне байланысты мұнай газдары табиғи, ілеспе және жасанды болып бөлінеді.
Газ тəрізді отындардың негізгі құрамы көмірсутектерден тұрады және газдың түрлері оның құрамыдағы көмірсутектердің мөлшері мен қасиеттеріне байланысты болады.
Кең қолданылатын газ тəрізді отындар қатарына табиғи жəне мұнай өндірісінде шығатын ілеспе газдар мен зауыт газдары жатады. Бұл аталған газдардың құрамына негізінен бірден төртке дейінгі көміртек атомдарынан тұратын көмірсутектер - метан, этан, пропан, бутан жəне аз мөлшерде болатын басқа да газдар кіреді.
Жасанды газдарға қатты отындар - көмірді, жанғыш тақта тасты жəне шымтезекті зауыттарда өңдеу жолымен алынатын газдар жатады.
Табиғи, ілеспе және жасанды газдардың сипаттамасы. Табиғи газдар өздігінен кен орындарынан, ілеспе газдар - мұнаймен бірге өндіріледі. Жасанды газдар мұнайды каталитикалық және термиялық әдістермен өңдеу кезінде пайда болады. Термиялық процестердің және каталитикалық крекингтің газдарында айтарлықтай мөлшерде қанықпаған көмірсутектер бар, каталитикалық риформинг, гидротазалау, гидрокрекинг газдарында олар мүлдем жоқ.
Каталитикалық крекинг газы бутилендер мен изобутанға бай, олар каталитикалық алкилдеу қондырғыларына арналған шикізаттың ең жақсы түрі. Риформинг газдарынан сутегі, дәлірек айтқанда 75-90% сутегі концентрациясы бар сутекті газ бөлінеді. Құрамында сутегі бар газ гидрогенизациялық процестер: гидротазалау және гидрокрекинг қажеттілігі үшін қолданылады.
Мұнай өңдеу зауытында әдетте екі газфракциялаушы қондырғы (ГФҚ) бар, олардың бірі қаныққан көмірсутектерді, екіншісі — қанықпаған көмірсутектерді өңдеуге арналған.
Қаныққан көмірсутектерді өңдеу кезінде әртүрлі мақсаттар үшін пайдаланылатын мынадай өнімдер алынады:

  1. этан фракциясы - пиролиз шикізаты, майларды депарафиндеулау қондырғыларындағы және т. б. қондырғылардағы суытушы агент;

  2. пропан фракциясы — пиролиз шикізаты, көптеген технологиялық қондырғыларға арналған суытушы агент, тұрмыстық сұйытылған газ;

  3. изобутан фракциясы — синтетикалық каучук (изопренді және бутилкаучук) өндіруге арналған шикізат, алкилдеу қондырғыларында пайдаланылады.

  4. бутан фракциясы — синтетикалық каучук өндірісінде бутадиен алуға арналған шикізат, пиролиз шикізаты және сұйытылған тұрмыстық газ компоненті, автомобиль бензиніне оған талап етілетін бу қысымын беру үшін қоспа;

  5. изопентан фракциясы — изопренді каучук өндіруге арналған шикізат, бензиннің жоғары октанды сорттарындағы компонент;

  6. пентан фракциясы-изомерлеулау және пиролиз процестеріне арналған шикізат, амил спирті өндірісінде де қолданылады..

ГФҚ –да Құрамында олефинді ағынның қанықпаған көмірсутектерінен келесі фракциялар бөлінеді:
1) пропан-пропиленді — полимербензин, фенол және ацетон, синтетикалық жуу құралдарын, бутил спирттерін өндіруге арналған шикізат, алкилдеу қондырғыларының шикізаты ретінде пайдаланылуы мүмкін;
2) бутан-бутилен — алкилдеу және полимерлеу қондырғыларының шикізаты, майларға қоспа, синтетикалық каучук өндірісінде қолданылады.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау