ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Химия және химиялық технология
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Фенол.Номенклатурасы және изомериясы.. Алыну жолдары. Құрылысы.. Химиялық және физикалық қасиеттері
Студент: Ахметқалиқызы Әсемай
Курс:2
Оқытушы: Шинибекова Асем
Тараз 2022ж.
Жоспар
Кіріспе
1.Фенол
2.Фенолдардың классификациясы
3.Номенклатурасы және изомериясы
4.Молекуланың құрылысы
5.Химиялық және физикалық қасиеттері
6.Қолданылуы
Қолданылған әдебиет тізімдері
Кіріспе
Фенолдар – молекула құрамында көміртек атомымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар хош иісті қосылыстар.
ОН тобының санына байланысты бір, екі, үшатомды фенолдар болып бөлінеді. Мысалы, фенол, 1-нафтол, 2-нафтол – біратомды, крезол, гидрохинон, – екіатомды, пирогаллол – үшатомды.
Фенолдар спирттерге қарағанда қышқылдық қасиеттері күштірек. Бұл қасиет фенолдарда теріс электрлігі жоғары топ қосылған сайын күшейе береді, мысалы, нитротоп, галоген, күкірт. Фенолдар сілтілерде еріп феноляттар, сілтілік ортада оңай ацилденіп алифатты және хош иісті қышқылдардың күрделі эфирлерін, алкилденіп жай эфирлер түзеді. Фенолдарды хош иісті күкіртті қышқыл тұздарын балқыту, диазоний тұздары арқылы аминдерден, т.б. алады. Фенол мен крезолды таскөмір шайырларынан бөледі. Фенолдар фенол-фармальдегидті шайырлар, бояғыш және дәрілік, залалдандырушы заттар алуда қолданылады. Фенол немесе оксибензол, С6Н5ОН – спирт, эфир, хлороформда жақсы еритін, өзіне тән өткір исі бар, түссіз, кристалды улы зат. Балқу t 43°С, қайнау t 182°С, ауада тотығып, түсі қызғылттанады. Оның судағы 3 – 5%-дық ерітіндісі карбол қышқылы деп аталады. Гидрохинон, 1,2-диоксибензол – С6Н4(ОН)2 – суда, сілті ерітіндісінде, спиртте, бензолда, хлороформда, ацетонда еритін кристалды зат. Балқу t 170°С, қайнау t 285°С (730 мм сын. бағ.), оңай тотығып n-бензохинонға айналады. Теріні, көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді, n-бензохинонды тотықсыздандыру арқылы алынады. Пирогаллол, 1, 2, 3-триоксибензол – С6Н3(ОН)3– жарықта бозаратын ақ кристалды зат, балқу t 132,8°С, қайнау t 309°С, суда, спиртте, ацетонда, т.б. жақсы еріп, хлороформ мен бензолда нашар ериді. Оңай тотығады (әсіресе сілтілік ортада).
Достарыңызбен бөлісу: |