Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру



жүктеу 6,39 Mb.
бет32/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93
Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру. Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру фазалардың бөлу шекарасында адсорбирленіп, мұнайда диспергирленген су тамшыларының (глобулалардың) бұзылуына ықпал ететін деэмульгаторлар-БАЗ қолдана отырып, сумұнайлы эмульсиясын бұзу (қатпарлау) жолымен жүргізіледі. Алайда, 0,1-0,3% қабаттық су құрамына дейін мұнайды терең сусыздандыру кезінде, оның жоғары минералдануына байланысты хлоридтердің қалдық құрамы өте үлкен: 100-300 мг/л (NaCl-ге қайта есептегенде). Сондықтан мұнайды өңдеуге дайындау үшін бір ғана сусыздандыру жеткіліксіз. Мұнайда қалған тұздар мен суды сусыздандырудан аз ғана айырмашылығы бар операция арқылы алып тастайды, ол операция тұзсыздандыру деп аталады. Тұзсыздандыру мұнайды таза тұщы сумен араластыру, пайда болған эмульсияны бұзу және одан соң шайынды сумен мұнайдан оған өткен тұздармен және механикалық қоспалардан бөлу болып табылады.
Мұнайды алғашқы дайындауды мұнай кәсіпшілігінде, әдетте, деэмульгатордың қатысуымен, 50-80°С және атмосфералық қысым немесе 120-160°С және 1,5 МПа дейінгі қысым кезінде термохимиялық сусыздандыру арқылы жүзеге асырады. Мұндай өңдеуден кейін сәйкесінше мұнай құрамында әдетте 1800 мг/л дейін хлоридтер, 0,5-1,0 және 0,05% - ға дейін су мен механикалық қоспалар болады.
Мұнай өңдеу өнеркәсібінің талаптарына сәйкес бастапқы айдауға жіберілетін мұнайдың құрамында тұздар 3 мг/л, су және механикалық қоспалар массасы бойынша 0,2 және 0,005% - дан аспауы тиіс (мұнайды тереңдеп өңдеу үрдісіне байланысты бұл көрсеткіштердің күші қатаң сақталады). Мұнай кәсіпшілігінен түсетін мұнай МӨЗ-ге қосымша дайындықты термохимиялық тұндыруды сумұнай эмульсиясын электрлік өңдеумен үйлестіретін электротермохимиялық әдіспен жүргізеді. Оның бұзылуы айнымалы электр өрісіне түскен кезде су тамшылары поляризацияланады және ірі дипольдер ретінде өзара әрекеттеседі. Тамшылар арасындағы едәуір жақын қашықтықта өзара іс-қимыл күші соншалықты үлкен болады, бұл тамшыларды жақындатады және олардың коалесценциялайды (тамшылардың бір-біріне бірігуі). Сонымен қатар, тамшылардың соқтығысу және бірігу ықтималдығы олардың электр өрісімен синхронды дірілдеуінен айтарлықтай артады. Мұнайдан қоспаларды осы әдіспен шығаруға арналған қондырғылар электртұзсыздандыру (ЭЛТҚ) деп аталады және ол қондырғы МӨЗ-мен қатар кейде мұнай кәсіпшілігінде салынады; мұнай кәсіпшілігінде мұнай сусыздандырудан басқа тұзсыздандыруға да ұшырайды.
МӨЗ-да мұнайды ЭЛТҚ бірнеше сатыда (әдетте екі, кейде бір немесе үш) тазартады. Технологиялық схеманың басты элементі - электродегидратор, онда сумұнайлы эмульсия аппарат биіктігінің ортасында оқшаулағыштарға ілінген екі көлденең электродтар арасында тудырылған кернеулігі 1-3 кВ/см электр өрісінде бұзылады. Эмульсия электрод аралық немесе электрод астындағы зонаға, әйтпесе бір мезгілде екеуіне бірдей (мұндай жағдайда үшінші электродты қолданады) енгізіледі. ЭЛТҚ электродегидраторлардың үш типі қолданылады: қуаты 0,6-1,2 млн. т/жыл тұзсыздандырылған мұнайды құрайтын жеке аз тоннажды қондырғылардағы тік (көлемі 30м3); қағида бойынша атмосфералық немесе атмосфералық-вакуумды қондырғылармен (АТ немесе АВТ) біріктірілген қуаты 2-3 млн.т/жыл қондырғылардағы шар тәріздес (600 м3); АТ және АВТ қосарлана тұрғызылған ірі тоннажды блоктардағы көлденең (6-9 млн. т/жыл).
Екі сатылы ЭЛТҚ-да мұнайды тазарту келесі түрде жүзеге асырылады (9.2 сурет). 1-ші сатыда шикі мұнай сорап 13 көмегімен өзі қыздырылатын жылуалмастырғыш 10 арқылы араластырғышқа 8 беріледі, ол жерде шаятын су және деэмульгатормен араластырылады; электродегидраторда 1 түзілген сумұнайлы эмульсия екі фазаға бөлінеді.

1, 1' - электродегидраторлар; 2 – ілінетін оқшаулағыштар; 3, 3' - жоғары вольтты трансформаторлар; 4, 7 – тұзсыздандырылған мұнай мен дренаж суының коллекторлары; 5 - электродтар; 6 – шикізатты енгізу таратқышы; 8, 8' - араластырғыштар; 9, 9' – дренаж суын автоматты түрде алып кететін клапандар; 10, 10' – жылу алмастырғыштар; 11, 12 – тұндырғыш және дренаж суының аралық сыйымдылығы;13, 15 – шикізат пен тұщы су сораптары; 14, 14' - дренаж суының сораптары; (штрихты позициялар – 2-ші саты құрал-жабдықтары).



жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау