Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


сурет. Мұнайды тұрақтандыру қондырғысы



жүктеу 6,39 Mb.
бет29/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93
7.2 сурет. Мұнайды тұрақтандыру қондырғысы


Құрамында 1,5% масс. көп газы бар мұнайды тұрақтандыру үшін екі колонналы қондырғы пайдаланылады. Екінші колонна газды-бензинді тұрақтандыру үшін қолданылады. Шикізат тұрақтандырылған мұнаймен бірге T-1 жылу алмастырғышта жылытып, бу жылытқышқа T-2 жіберіледі. Ары қарай ректификациялық колоннаға, яғни стабилизаторға K-1 түседі. K-1-де қысымды 0,2-ден 0,4МПа-ға дейін ұстап тұрады. Бұл бензин буының жақсы конденсациялануына жағдай туғызады. Колоннаның K-1 төменгі жағындағы температураны П- пеште қыздырылған тұрақтандырылған мұнай реттеп отырады. Жеңіл көмірсутектер С1-ден С5-ке дейін ХК-1 конденсатор-тоңазытқышта (салқындату) конденсацияланып, Е-1 тұндырғышқа жіберіледі. Конденсацияланбаған көмірсутектер тұндырғышта газ бен сұйыққа бөлінеді. Газ Е-1-ден ары қарай өңдеу үшін газ өңдейтін зауытқа (ГӨЗ) жіберіледі. Сұйық өнім – газ конденсаты мұнай химиясы өндірісіне жіберіледі.
Тұрақтандырылған мұнай колоннаның төменгі жағы арқылы жылуын Т-1 жылу алмастырғышқа береді жəне салқындатқышта суытылады. Тұрақтандырылған мұнайда газды көмірсутектердің мөлшері 1,5%-ға дейін болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жер қойнауынан жер бетіне шыққан мұнайдың құрамы

  2. Қаныққан, қанықпаған, ароматты көмірсутектер түсінктері

  3. Мұнайды тасымалдау жəне өңдеу алдында оны тұрақтандыру жəне даярлау жұмыстарының сатылары

  4. Тасымалдау алдында мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын МЕСТ-тың талаптары

  5. Мұнайды ректификациялау алдында қойылатын талаптар

  6. Сепаратор қызметі

  7. Мұнайды тұрақтандыру түсінігі және оның қондырғы жұмысы

Лекция 8
Сумұнайлы эмульсия. Деэмульгаторлар және оларды эмульсияларды
бұзу үшін қолдану.


Су-мұнайлы эмульсия түзілмеген болса, мұнайдан суды бөлу қиын емес. Эмульсия түзілген мұнайды өңдеуге болмайды. Эмульсия түзілмегеннің өзінде мұнайда аздаған су еріген күйде кездеседі. Сумен бірге мұнайға мұнай айдау аппаратураларының коррозиясын тудыратын минералды тұздар да түседі.
Эмульсия дегеніміз бір-бірінде ерімейтін немесе ішінара еритін, яғни біріншісі екіншісінде микроскопиялық тамшылардың үлкен көлемі (глобул) түрінде кездесетін екі сұйықтықтардың жүйесін атайды. Коллоидты бөлшектер таралған сұйықтық, дисперсті орта деп аталады, коллоиды бөлшектер (екінші сұйықтық) – дисперсті фаза деп аталады. Мұнай ұңғыма арқылы қозғалғанда бұрғылау суымен араласады.
Мұнайды сілтілеу кезінде көп жағдайда мұнай эмульсиялары түзіледі. Кей жағдайларда эмульсиялар бірнеше жылдай бұзылмауы мүмкін, бірақ көп жағдайда біртіндеп эмульсиялардың үзілуі жүреді.
Тұрақты эмульсиялар сырт көрінісі бойынша – қою май тəрізді масса, түсі ашық сарыдан қоюға шейін. Эмульсия тұтқырлығы су жəне мұнайдан жоғары болады.
Мұнай эмульсияларында көбінесе дисперсті орта – мұнай, ал дисперсті фаза – су болады. Мұнай эмульсиялары гидрофобты: суда қалқиды, ал бензин жəне т.б. еріткіштерде араласып кетеді.
Мұнай-су эмульсиясы сирек кездеседі. Мұнда дисперсті орта – су болады. Мұндай эмульсия гидрофильді, суда араласып, бензинде тұнады. Мұнайлардың беткі тартылу күші 0,02-0,05 Н/м. Барлық эмульсиялар, соның ішінде мұнай эмульсиясы да бір-бірінде араласпайтын екі сұйық механикалық əсер нəтижесінде, сұйықтық өте ұсақ бөлшектерге ұнтақталуы нəтижесінде пайда болады.
Эмульсияны түзетін жəне тұрақтандыратын заттар эмульгатор деп аталады. Оған шайыр, асфальтен, асфальтоген қышқылдары, оның ангидридтері, бейорганикалық заттар, т.б. жатады.
Мұнай эмульсияларын бұзу əдістері бірнеше сатыдан тұрады:

  1. Судың глобулмен түйісуі.

  2. Глобулдың ірі тамшыларға қосылуы.

  3. Тамшы үзілуі.

Эмульсияларды су тамшыларын ірілендіруге, тығыздықтар айырмасын арттыруға (қабатқа ажыраудың қозғаушы күші), мұнайдың тұтқырлығын төмендетуге бағытталған түрлі әсерлерге ұшыратады.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау