Сурет 11.1-Абсорбциялы-ректификациялы түрдегі ГФҚ қондырғысының технологиялық жүйесі
Ректификациялау блогында шикі заттан әуелі метанды және этанды бөледі. Бөлу толық емес конденсациялау режимінде істейтұғын 9 колонна-деэтанизаторда жүреді. Аммиакты 10 конденсатор-тоңазытқыш колоннаның жоғарғы айдалымын суытады, конденсацияланған бөлігін ағын есебінде ал балансты мөлшерін 11 рефлюкс сыйымдығынан шығарады
Этаннан арылған фракция 8 колоннадан жоғарғы өнімі пропан болатын 14 депропанизаторға түседі, ал төменгі -пропаннан арылған фракция болады. Жоғарғы өнім 15 ауа конденсатор-тоңазытқышта конденсацияланған және 20 соңғы тоңазытқышта суытылғаннан кейін, алдын-ала сілтілік тазалаудан өтіп, қондырғыдан шығарылады. Төменгі өнім 14 депропанизатордан өз ағынымен 19 дебутанизаторға түседі.19 колоннаның ректификаты бутан мен изобутан, ал қалдығы - бутаннан арылған жеңіл бензин болады. Бутан колоннасы бутандар қоспасын нормальді бутанға және изобутанға бөледі, ал 19 колонна жеңіл бензиннен пентандарды бөлуге арналған, ол одан кейін 14 колоннада изопентанға (жоғарыдан бөлінеді) және пентанға бөлінеді. 19 колоннаның төменгі өнімі - газ бензині (С6 және одан жоғары фракция). Бұл жүйені метанға бай газдарға қолдану тиімсіз, себебі деэтанизатордың реф-люкс сыйымдығында метанның сыбағалы қысымы жоғары болуына байланыст-ы, газдың тіптен аздап конденеациялануын қамта.масыз ету қиын. Деэтанизатордың жұмысы тиімсіз болады. Метанға бай газдарды абсорбциялау-ректификациялау типтес қондырғыларда бөледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Газдарды өңдеуші қондырғылар екі түрге
2. Абсорбциялы-ректификациялы түрдегі ГФҚ қондырғысының технологиялық жүйесін түсіндір
Лекция 12
Мұнайды алғашқы өңдеу мақсаты. Дистилляция және ректификация.
Мұнайды біріншілік өңдеу қондырғыларының схемасы
Мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық порцестерін екі топқа бөледі: физикалық жəне химиялық.
Физикалық процестер арқылы мұнайды құрамындағы компоненттерден химиялық өзгеріссіз бөліп шығарады. Олар: айдау, экстракция, адсорбция, абсорбция, кристалдану жəне т.б.
Химиялық процестерде мұнайды өңдеуіне бастапқы шикізаттың құрамында болмайтын жаңа өнімдерді химиялық өзгерістер арқылы алады.
Химиялық процестердің белсенділік əдістері бойынша термиялық жəне термокаталитикалық процестерге бөледі. Химиялық өзгерістердің түріне байланысты үш топқа бөлінеді:
Деструктивті процестерде шикізаттағы қосылыстардың ыдырауы арқылы төмен молекулалы көмірсутектер жəне тығыздалу процестер нəтижесінде жоғары молекулалы қосылыстар түзіледі.
Гидрогенді процестер сырттан жіберілетін немесе процестердің өзінде түзілетін сутектің қатысуымен жүреді.
Тотықтыру процестері тотықтырғыштардың қатысуымен (ауадағы оттегімен, су буымен, көміртек диоксидімен, күкірт оксидтерімен, т.б.) көміртек оксидтерін, сутегі, элементті күкірт, битум жəне т.б. түзе жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |