Тұтқырлық және тұтқыр-температуралық қасиеттер
Тұтқырлық қозғалтқыштар, машиналар мен механизмдерді пайдалан-ған жағдайда мұнай өнімдерінің қозғалғыштығын анықтайды, тасымалдаған-да, сүзгілегенде, араластырғанда энергия шығынына елеулі әсер етеді. Динамикалық (), кинематикалық () және шартты (ВУ) тұтқырлыққа бөлінеді.
Шартты тұтқырлық дегеніміз вискозиметрден сынақ температура-сында 200 мл сыналатын мұнай өнімінің ағып өту уақытының 20С-да 200 мл дистилденген судың ағып шығу уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық – бұл салыстырмалы, өлшемсіз шама және шартты градуспен өрнектеледі.
Динамикалық тұтқырлық сұйықтықтың физикалық қасиеттеріне тәуелді. Мұнай өңдеуде сан түрінде мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасына тең =/ кинематикалық тұтқырлық кеңінен қолданылады. Динамикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – Пуаз (П) немесе СИ - Пас, мұндағы с – секунд түріндегі уақыт, Па – Паскаль (Па = н/м2, мұндағы н – Ньютон, м2 – прибор капиллярының қимасы). Олардың арасындағы қатынас: 1 П = 10-1 Пас. Кинематикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – стокс (Ст) немесе СИ жүйесінде – м2/с. Олардың арасындағы қатынас: 1 Ст = 10-4 м2/с.
Шартты (ВУ) және кинематикалық тұтқырлық () шамалары арасында келесі эмпирикалық тәуелділік бар:
Кинематикалық тұтқырлық 1 ден 120 сСт болатындар үшін:
17,24ВУ1 -
ал кинематикалық тұтқырлық 120 сСт дан жоғары болатындар үшін:
17,24ВУ немесе ВУ10,1351
мұндағы t – мұнай өнімдерін сынау температурасы, 0С; 1 – мұнай өнімдерін сынау температурасындағы кинематикалық тұтқырлық, сСт (1 сСт 10-2 Ст).
Мұнайдың оптикалық қасиеттері
Мұнайдың физика-механикалық қасиеттерін анықтау үшін арналған талдаулардың химиялық әдістеріне қосымша түсі, сыну көрсеткіші, оптикалық активтілігі сияқты оптикалық қасиеттерді пайдаланады. Бұл көрсеткіштер кейбір мұнай өнімдері үшін жасалған ГОСТ-ға енгізілген. Одан басқа, оптикалық көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің тазалану тереңдігі, мұнайдың жасы және табиғаты туралы білуге болады.
Мұнайлардың түсі бір кен орны шегінде өзгереді. Жалпы таралған пікірлер бойынша мұнай рәуақта қара түсті бола бермейді. Сонымен бірге «ақ» және «қызыл» түсті мұнайлар болады. «Ақ» мұнай – мөлдір, кіші тұтқырлықтағы түссіз сұйықтық және қағида бойынша газоконденсатты табиғатты болып келеді. «Қызыл» мұнай тығыздау, және ол бензин-керосинді фракцияларға бай келеді. Мұнайлардың барлық түсті гаммаларын Бакуде Сарухан кен орындарынан кездестіруге болады. Онда 200 м тереңдікте «ақ» мұнай, тығыздығы 0,782 г/см3; ал 420 м тереңдікте «қызыл» мұнай, тығыздығы 0,810 г/см3; және одан да тереңдікте мұнайдың түсі қоңырдан қараға дейін жетеді. Мұнай және мұнай өнімдеріне түсті олардың құрамындағы жоғары молекулалық заттар, яғни құрамында көміртегі, сутегі, оттегі, күкірт, азот және металдар бар заттар береді. Әдетте мұнай және мұнай өнімдері неғұрлым ауыр болған сайын олардың құрамында жоғарыда аталған заттар көп және түсі қара болады.
Оптикалық активтілік. Мұнай және оның фракциялары оптикалық активті заттар болып табылады. Оптикалық активтілік дегеніміз заттардың олар арқылы жазықполяризацияланған жарықты өткізген кезде поляризация жазықтығының бұрылуын тудыруы болып табылады.
Сыну көрсеткіші ортаның оптикалық тығыздығын сипаттайды және мұнай және мұнай өнімдерінің топтық көмірсутектік құрамы туралы білуге, сонымен қатар тығыздық және молекулалық массамен бірге алғанда – мұнай фракцияларының құрылымдық-топтық құрамын есептеуге мүмкіндік береді. Сыну көрсеткіші немесе рефракция коэффициенті, және тығыздық дербес заттардың маңызды физикалық константасы болып табылады. Олардың көмегімен мұнайдан синтезделген немесе бөлінген заттар тазалығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |