Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет23/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93
Қорыта келгенде: Реактивті бензиндер ұшақтар мен тік ұшақтардың поршеньді реактивті двигательдерінде қолданады.
Реактивті бензиндерге қатан талаптардың қоюлуына байланысты, олардың құрамына технологиялық үрдістердің шектеулі санының компоненттері кіреді: мұнайды тура айдау, каталитикалық риформинг, алкилдеу, ароматтау, изомерлеу өнімдері.
Құрамында олефинді көмірсутектері болатын екіншілік үрдістердің өнімдері реактивті бензиндерді алуда қолданбайды.
Реактивті бензиндердің негізгі сапа көрсеткіштеріне жатады:

  • бай және кедей отын-ауалы қоспасына қажетті детонациялық тұрақтылығы;

  • оптимальды фракциялық құрамы;

  • кристаллданудың төмен температурасы;

  • шайырлы заттардың, қышқылдар мен күкіртті қосылыстардың аз мөлшері;

  • жану жылуының және сақтау кезіндегі тұрақтылығының жоғары деңгейі.

Дизель отындары. Дизель жанар майы жүргізушілер арасында солярка деген атқа ие (соляр майының қысқартылып аталуы). 1892 жылы неміс ғалымы Рудольф Дизель ең алғашқы болып дизельді қозғалтқышты ойлап тапқан, осыған байланысты соляр майына «дизель» деген атау берілген.
Дизель отыны – сұйық мұнай отыны. Оған негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары және ауыр фракциялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары жатады. Дизель отыны –қайнау температурасы 180-360 0С, тығыздығы 0,79-0,86 г/см3, тұтқырлығы 1,5-8,0 мм2/с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкіртті, азотты және оттекті туындылары) 4%-ға дейін болатын сұйықтық.
Дизель жанар майының ең негізгі кемшілігі қату температурасының жоғары болуында. Сондықтан әр түрлі климатттық аймаққа арналған және жұмыс істеу жағдайына қарау дизель жанар майының 3 түрі шығарылады:
- жаздық, қоршаған ортаның ауа температурасы 0 0С –тан жоғары болған жағдайларда пайдаланады;
- қыстық, ауа температурасы -20 0С-қа дейінгі жағдайларда пайдаланады;
- арктикалық, ауа температурасы -50 0С-қа дейінгі жағдайларда пайдаланады.
Қозғалтқыштардың ақаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін дизель жанар майының түрін қоршаған ортаның температурасына байланысты қолдану қажет. Өйткені, жазғы дизель жанар майын қыста қолданса құрамындағы парафиндердің кристалдануына байланысты ол төмен температурада қоюланып қата бастайды, қозғалтқыш оталмайды. Ал, қысқы  дизель жанар майын жазғы мезгілдерде қолданса қозғалтқыштың қуаты төмендейді, пайдаланылған газдардың түтіндеуі жоғарылайды.
Жазғы және қысқы дизель жанар майлары бір бірінен қаныққан сүзілу температурасымен, қату температурасымен және лайлану температурасымен ажыратылады.
Қату температурасы құрамындағы парафин мөлшеріне байланысты: неғұрлым парафин көп болса, соғұрлым жоғары температурада дизель отыны қатады. Қату температурасы – отынның жылжығыштық қасиетін жоғалтатын температура болып есептеледі.
Лайлану температурасы – отынның бір қалыптылық фазасы жоғалатын температура. Температура төмендеген сайын парафин кристалдары өседі де отын жылжығыштық қасиетін жоғалтады.
Дизель жанар майының жазғы түрінің лайлану температурасы -5 0С-тан төмен болмауы керек, ал қысқылар үшін -25...-30 0С. Қату температурасы лайлану температурасынан 5-10 0С-тан төмен болу керек. Жазғы дизель жанар майы қысқыдан төмен температурада тез кристалданатын ұзын тізбекті молекулалық парафиндердің концентрациясы көптігімен ерекшеленеді. Мұнайдың белгілі бір көлемінен 42% жазғы немесе 25% қысқы дизель жанар майын алуға болады. Қысқы жанар майды мұнай айдау кезінде бірнеше саты арқылы алады: қайнау температурасы 280-340 0С кезінде фракцияларға бөлу арқылы тікелей айдау, крекинг және гидротазалау, соңынан алынған фракцияларды араластыру. Осыған орай, отандық мұнай өңдеу зауыттары негізінен жазғы дизель жанар майын шығарады.
Қазіргі кезде, соңғы қайнау температурасы 380-4000С отындар сыналып, қолдануға жіберілуде, дизель отындарының құрамына кокстеу және термиялық крекингтің асылдандырылған газойлдерін пайдалану да алда тұрған мәселе.
Дизель отындарының пайдалануында негізгі сипаттама болып тұтану, фракциялық құрам, тұтқырлық, кокстену, то алу, лайлану, қату температурасы, шайырлы және коррозиялық активті қосылыстар мөлшері кіреді.
Дизель отындарының ең маңызды пайдалану қасиетінің бірі – олардың тез оталып жәй жануы, бұл қысымның біртіндеп көтерілуін және қозғалтқыштың тоқылдаусыз жұмсақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Отындардың оталу қасиеті олардың химиялық және фракциялық құрамына байланысты. Бұл, бірінші кезекте, отын компоненттерінің оталу температурасымен байланысты болса керек. Мысалы, арендердің оталу температурасы өте жоғары екендігі (500-6000С) белгілі. Сондықтан ароматты көмірсутектердегі көп өнімдер дизель отыны бола алмайды. Керісінше, алкандарға ең төменгі оталу температурасы сипатты және парафинді мұнайлардан дайындалған дизель отындары жақсы пайдалану қасиетін көрсетеді.
Дизель отындарының басқа да өте маңызды қасиеттеріне, жылдам жүруші дизельдер үшін, олардың фракциялық құрамы, тұтқырлық, қату температурасы, кокстену, күкірт мөлшері, қышқылдық, су мен механикалық қоспалар мөлшері жатады.
Қысқы және арктикалық дизель отындары жалпы өндіру көлемінің 30% құрайды. Оларды карбамид пен парафиннен айырылған және сұйық парафиндерді адсорбциялаумен бөлуден шыққан фракциялар негізінде, тағы да жеңілденген керосин-газойл фракцияларынан дайындайды.
Дизель отындары, құрамындағы күкірт мөлшері жөнінен үш түрге бөлінеді: I – күкірттің массалық үлесі 0,05% көп емес; II- күкірттің массалық үлесі 0,2% көп емес; III - күкірттің массалық үлесі 0,5% көп емес.
Қорыта келгенде: Бүгінгі күнде дизельді отындарды өндіруші зауыттар алдында қойылытын мәселе-экологиялық таза дизельді отындарды шығару өндірісіне көшу (ауысу), олардың құрамындағы күкірт мөлшері 0,035-0,05 % (мас.) аз және ароматты көмірсутектердің мөлшері 20 % (мас) жоғары болмауы керек.
Дизельді отындардың сапасын арнайы қоспаларды қолдану арқылы жақсартуға болады.


жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау