1.6 cурет - Ректификациялық колонна
Петролейн эфирі – майлар мен шайырларды өте жақсы ерітеді. Бензиннің құрамында пентаннан деканға дейін тармақталмаған құрылысты шектеулі көмірсутектер, циклоалкандар (циклопентан және циклогексан) және бензол болады. Бензин ұшақ пен көліктердің қозғалтқыштары үшін жанармай ретінде қолданылады. Шикі мұнай мынадай фракциялардан тұрады (1.1 кесте).
1.1 – кесте - Мұнайдың фракциялық құрамы
Қайнау температурасы
|
Фракциялар
|
Молекуладағы көміртек атомдарының мөлшері
|
32°С төмен
|
Көмірсутекті газдар
|
1-4
|
32-105°С
|
Бензин
|
5-12
|
105-160°С
|
Нафта (лигроин)
|
8-14
|
160-230°С
|
Керосин
|
12-18
|
230-430°С
|
Газойль
|
14-20
|
430°С жоғары
|
Мазут
|
20-45
|
Құрамына байланысты жеңіл және ауыр мұнай деп бөледі. Жеңіл мұнайдың құрамында аз мөлшерде май фракциясы болады, бірақ ол өте сирек кездеседі. Жеңіл мұнайда әдетте бензин, нафталар мен керосин, ал ауыр мұнайда газойль мен мазут көп болады. Бензин мөлшері шамамен 20-30 % болатын мұнай көп кездеседі.
Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да коймалжың сұйықтық – мазут калады.
Әр түрлі кен орындарындағы мұнай құрамдарының бip-бipiнен біршама айырмашылығы болады, сәйкесінше олардың фракциялық құрамы да әр түрлі демек, бензин, керосин, дизельь және май дистилляттарының да мөлшері әр түрлі. Жағар май алу үшін мазутты әpi қарай вакуумда айдайды. Мазут фракциясы қайнау температурасы бойынша емес, тұтқырлығы бойынша ерекшеленеді. Тұтқырлығының арту peтi бойынша мазуттың мынадай дистилляттарын алады: соляр, трансформатор, ұршық, машина, автол, цилиндр майлары. Айырған соң алынатын мазут қалдығын гудрон деп атайды. Шикі мұнайдың түрлі сорттарында болатын фракциялардың саны мен қатынасы әр түрлі. Ашық түсті фракциялар мөлшері 30-50 масс.% құрайды.
Мұнайға сипаттама беру мен оған кіретін компоненттерді жіктеу, сонымен қатар айдаудың үрдісінің болашағын болжау үшін мұнайдың фракциялық құрамын білу жeткiлiкciз. Осы міндетті шешу үшін мұнайдың құрылымдық-топтық құрамын анықтайды. Құрылымдық-топтық талдау осы фракцияға жататын заттардың құрамы туралы түсінік береді, сондай-ақ мұнай көмірсутектері кластарының арендердің, циклоалкандардың және алкандардың құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
Топтық құрамы мынадай көмірсутектерден тұрады:
- парафинді (метанды) көмірсутектер (алкандар);
- нафтен көмірсутектер (циклоалкандар);
- ароматты көмірсутектер (арендер);
- гибрибті көмірсутектер (парафин-нафтен-ароматты).
Шикі мұнайда көмірсутектер әр түрлі катынаста болады, сондықтан мұнайда әр түрлі және парафин көмірсутектерінен тұратын парафиндіден құрамында негізінен циклопарафинді көмірсутектер болатын нафтенді немесе асфальтендіге дейін өзгереді. Мұнайдың көптеген аралық немесе аралас типтері болады. Шикі мұнайда құрамы мен құрылысы бойынша табиғи газдарға сәйкес келетін epiген газдардың біршама мөлшері болады және жеңіл парафинді көмірсутектерден тұрады.
Парафинді мұнайда нафтенді немесе асфальтенді мұнайға қарағанда бензин мөлшері көп, күкірт аз болады ол жағар май мен парафиндер алуда басты шикізат болып табылады. Қазақстанда парафинді мұнайға Маңғыстау (Өзен, Жетібай) мұнайы жатады. Шикі мұнайдың нафтенді түрінде бензин мөлшері аз, бірақ күкірт пен мазут, сондай-ақ асфальт көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |