Ашық сабақ жоспары
Күні: 05.12.2014ж.
Топ: 20 топ
Пән: Операциялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыздандыру
Сабақтың тақырыбы: MS-DOS командалық файлы.
Резиденттік командалар. Транзиттік командалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға MS DOS операциялық жүйесі жөнінде білімдерін толықтыру, «Командалық жол» қатарында резидентті және транзитті командаларымен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: Білім алушылардың жалпы жүйелік және каталогтарды басқару командаларын меңгерту арқылы ой-өрісін кеңейтіп қызығушылық қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт тәрбиелеп шығару.
Құрал-жабдықтар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, плакат, бейне-баян, слайд, оқу құралдары, сандықша, ребус т.б.
Сабақтың типі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту технологиясы
Пән аралық байланыс: ана тілі, ағылшын, математика т.б.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
1) Амандасу, білім алушыларды түгендеу;
2) Білім алушылардың назарын сабаққа аудару;
3) Білім алушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім:
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды
Әлі ашылар құпиялар сан-қырлы, дей келе ал, енді «Сырлы сандықтың, шексіз сырын ашайық». Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз.
Сандықтан
2 түрлі гүлдерді қалауымызша аламыз. Гүлдің түсіне қарай 2 топқа бөлінеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ұстанатын қағида: «Тіл қаруы -сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз -адамның ең жоғарғы қасиеті», деген ұлы ақынымыз Ғабиден Мұстафин.
Үй тапсырмасы бойынша алдыңғы өткен тақырыптағы MS DOS операциялық жүйесі бойынша он сұраққа жауап беру арқылы сырлы сандықтың тапсырмасын орындайық. Әр сұрақтың жауабы ұпай санымен көрсетіледі.
Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз.
(Теңге тиыннан құралады) ....
«Сұрақ саған, жауап маған» ойыны:
Ойынның сұрақтары:
Бағдарлама дегеніміз не?
Операциялық жүйе және оның түрлері?
Windows операциялық жүйесі дегеніміз не?
MS DOS операциялық жүйесі дегеніміз не?
MS DOS ОЖ тарихы және құрылымы?
Операциялық жүйенің жүктеуіші дегеніміз не?
Файлдар дегеніміз не? Қалай жазылады?
Каталогтар дегеніміз не? Қалай жазылады?
Утилиттер дегеніміз не?
BIOS модулі дегенміз?
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс.)
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
«СТОП КАДР».
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың топқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын топқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді».
VI. Жаңа тақырып тапсырмасы мақсатымен орындалу жолымен таныстырылады.
Оқушы нені білуі тиіс:
Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметін;
Командалардың жіктелуін;
Резидентті (ішкі) командалар қызметін;
Транзитті (сыртқы) командалар қызметін;
Оқушы нені орындай алуы тиіс:
Резидентті (ішкі) командаларды қолдану;
Транзитті (сыртқы) командалармен жұмыс;
Файлдармен және каталогтармен жұмыс атқаратын командалармен жұмыс;
«Білімді мыңды жығар»
V. Жаңа сабақты түсіндіру: (Интерактивті тақтада жаңа cабақ түсіндіріледі.)
(Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз).
Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды
MS - DOS ОЖ командалық файлдары
(e-learning бағдарламасындағы электрондық оқулықты пайдалана отырып сабақты түсіндіру).
MS - DOS –тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады.
Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек.
Бұл топқа мына командала жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар.
Бұл топқа : DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |