Ларды орындау оқу құралы Алматы 2014 2



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет25/30
Дата21.11.2018
өлшемі3,69 Mb.
#23351
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

69

 

 



сұранысына  First  point  (Первая  точка)  параметрін  таңдау  керек.  Бірінші 

нүктені  көрсетіп,  команда  сұранысына  екінші  нүктені  көрсету  керек,  сонда 

объект үзіледі (8.8-суретті қараңыз).  

Кейбірде  үзу  кезінде  объект  түрі  өзгереді,  мысалы, 

шеңбер  орнына  доға  пайда  болады.  Нүктелерді  көрсету 

тәртібі  шеңбердің  қайсы  бөлігі  қалатынын  анықтайды.  

AutoCAD  сағат  тіліне  қарсы  бағытталған  бірінші  бөлікті 

алып тастайды.  

Егер  объектіні  үзбей  екі  объектіге  бөлу  керек  болса, 

онда екінші нүкте үшін @ символын қолдану керек.  

Күрделі  объектілерді  және  блоктарды  графикалық 

қарапайымдарға  жіктеу  үшін  EXPLODE  (РАСЧЛЕНИТЬ)  командасы 

қолданылады,  оны 

  батырмасымен  қосуға  болады.  Команда  сұрауына 

жіктелетін  объектілерді  таңдап,      басу  керек.  Сол  кезде  команда  бір 

қамту  деңгейін  атқарады.  Мысалы,  жіктелетін  блок  құрамында  полисызық 

болса, команда орындау нәтижесінде полисызық тұтас объект болып қалады. 

Оны  жеке  кесінділер  мен  доғаларға  жіктеу  керек  болса,  команданы  тағы 

қосып,  полисызықты жіктеу керек. 

 

8.6 Қиықжиекті  және түйіндестіруді жасау   

 

Екі  қиылысатын  объект  арасында  қиықжиекті  жасау  үшін  CHAMFER 



(ФАСКА)  командасы  қолданылады,  оны 

батырмасымен  қосуға  болады. 

Қиықжиекті  екі  тәсілмен  жасауға  болады:  екі  арақашықты  немесе 

арақашықтық пен бұрышты беріп.    

Қиықжиекті жасау мысалын қарастырайық:  

1)  Екі  өзара  перпендикуляр  кесіндіні  түрғызыңыз:  ұзыңдығы  40  мм 

горизонталь және ұзыңдығы 50 мм вертикаль кесіндіні (8.9,а-суретті қараңыз).  

2)  CHAMFER  (ФАСКА)  командасын  қосып,  Angle  (Угол)  опциясын 

таңдаңыз.  Команда  қиықжиектің  бірінші  сызықтағы  ұзыңдығын  беруді 

сұрайды:  



Specify chamfer length on the first line<0.0000>: 

(Первая длина фаски<0.0000>:) 

3)  Осыған  12  енгізіп,    немесе  <Пробел>  пернесін  басыңыз. 

Команда қиықжиек бұрышын беруді сұрайды:  



Specify chamfer angle from the first line<0>: 

(Угол фаски с первым отрезком<0>:) 

4)  Осыған  70  енгізіп,    немесе  <Пробел>  пернесін  басыңыз. 

Бірінші сызықты таңдауға ұсыныс шығады:  



Select first line or [Undo/Polyline/Distance/Angle/Trim/mEthod/Multiple]: 

(Выберите  первый  отрезок  или  [оТменить/полИлиния/Длина/Угол/  Об-

резка/Метод/Несколько]:) 

5)  Вертикаль  кесінді  үстінен  тінтуірді  шырт  еткізіңіз,  сонда    екінші 

8.8 сурет

 



70

 

 



сызықты таңдауға ұсыныс шығады:   

Select second line or shift-select to apply corner:  

(Выберите  второй  отрезок  или  нажмите  клавишу    при  выборе, 

чтобы создать угол:) 

Осыған  горизонталь  кесінді  үстінен  шырт  еткізіңіз,  сонда  қиықжиек  8.9,б-

суретте 


көрсетіл-

гендей 


жасалады. 

Мұнда 12 арақашық-

тығы 

мен 


70  

бұрышы 

бірінші 

сызықтан  алынаты-

нын 

байқауға 



болады.  

6) 


Жасалған 

қиықжиекті болдырмау үшін командалық жолда U(Т) теріңіз немесе  

басыңыз.  

7)  Қайта  CHAMFER  (ФАСКА)  командасын  қосып,  Distance  (Длина) 

опциясын таңдаңыз. Бірінші арақашықтық үшін 10 мәнін беріңіз.  

8)  AutoCAD  үндеместіктен  екінші  арақашықтық  үшін  бірінші 

арақашықтық мәнін алады. Осы мәнді қабылдау үшін  басыңыз.  

9)    Команда  сұрауларына  екі  сызықты  кез  келген  тәртіпте  таңдаңыз. 

Сонда қиықжиек 8.9,в-суретте көрсетілгендей жасалады. 

Қиықжиек  арақашықтығы  үшін  0  мәнін  бергенде,  екі  сызық  ұзартылып 

немесе қысқартылып қосылатынын айту керек.    

Түйіндестіруді  жасау  FILLET  (СОПРЯЖЕНИЕ)  командасы  екі  объектті 

(сызықтар,  полисызықтар,  доғалар)  доғамен    түйіндестіріп,  өзара  қосуын 

орындайды  (8.10-суретті  қараңыз).  Команданы 

  батырмасымен  қосуға 

болады. Команда үндеместіктен алынатын радиусті көрсетіп,  келесі сұраныс 

береді:    

Select first object or [Undo/Polyline/Radius/Trim/Multiple]:  

Выберите 

первый 

объект 


или 

[оТменить/полИлиния/раДиус/ 

оБрезка/Несколько]: 

Доға  радиусын  беру  үшін  Radius  (раДиус)  опциясын 

таңдау  керек,  ол  келесіде  үндеместіктен  алынады.  Содан 

кейін объектілерді таңдап түйіндестіруді жасауға болады. 

Радиусы нөлге тең доғамен кесінділерді түйіндестіріп, 

оларды  қосу  болатынын  айту  керек  (сонда  кесінділер 

қиылысқанша ұзартылады немесе қысқартылады). 

 

8.7 Объектілерді кесу және ұзарту  

 

Объектілерді  кесу  TRIM  (ОБРЕЗАТЬ)  командасы  кесу  жиегі  бойынша 



объект  қысқартылуын  атқарады,    оны 

  батырмасымен  қосуға  болады. 

8.9 сурет 

 

а)  



б)  

в)  

8.10 сурет 




71

 

 



Сонда команда кесетін жиектерді таңдауды сұрайды. Кесетін жиек ретінде бір 

немесе бірнеше объект таңдалуы мүмкін, таңдауды аяқтау үшін   басу 

керек.  Команда  кесілетін  немесе  ұзартылатын  объектіні  таңдауға  сұраныс 

береді:    



Select object to trim or shift-select to extend or 

[Fence/Crossing/Project/Edge/eRase/Undo]:  

Выберите обрезаемый (+Shift -- удлиняемый) объект или 

[Линия/Секрамка/Проекция/Кромка/уДалить/Отменить]: 

Осыған  бір  немесе  бірнеше  объекттің  жойылатын  бөліктері  үстінен 

тінтуірді шырт еткізу керек, сонда объектілер таңдалған жиектермен кесіледі.  

Объектілерді  ұзарту  EXTEND  (УДЛИНИТЬ)  командасы  шекаралық 

жиекке  дейін  объекттердің  ұзартылуын  атқарады,    оны 

  батырмасымен 

қосуға  болады.  Команда  сұранысына  алдымен  шекаралық  жиектерді  таңдап, 

 басу керек. Содан кейін команда сұранысына ұзартылатын объектілер 

үстінен шырт еткізу керек.  

Егер  TRIM  (ОБРЕЗАТЬ)  командасында    басып  тұрып,  объектті 

таңдаса,  ол  таңдалған  жиекке  дейін  ұзартылатынын,  ал  EXTEND 

(УДЛИНИТЬ)  командасында    басып  тұрып,  объектті  таңдаса,  ол 

таңдалған жиекпен кесілетінін айту керек.   



 

8.8 Объектілерді тұтқалар көмегімен редакциялау 

 

Тұтқалар  көмегімен  редакциялау  таңдалған  объектілердің  анықтаушы 



нүктелеріне    әрекет  жасау  арқылы  орындалады.  Сол  кезде  әрекет  тек  қана 

таңдалған объект түріне емес,  пайдаланушының қолданып отырған маркеріне 

де  байланысты.  

Тұтқалар көмегімен редакциялау келесі тәртіпте орындалады: 

а)  өзгертуге  жататын  объект  немесе  бірнеше  объект  таңдалады  (8.11,а-

суретті қараңыз); 

б)  графикалық  курсорды  объекттің  қажетті  анықтаушы  нүктесіне 

(маркерге)  жақындатып,  курсор  оған  «жабысқанда»  тінтуірдің  сол  жақ 

батырмасын бір рет шырт еткізу керек (8.11,б–суретті қараңыз); 

в)  әрекет орындалады – 8.11,в-суретте шеңбер радиусы үлкейтілген.  

 

 

 



 

 

 



 

 

8.11 сурет 




жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау