67
ашылған диалог терезесінде айырып-қосқышты
Polar Array (Круговой массив)
қасына орнатыңыз.
3) Select objects (Выбор объектов) батырмасын басып, тінтуір көмегімен
сызба объектілерін таңдаңыз. Диалог терезесіне қайтып келу үшін
басыңыз.
4)
Pick Center Point (Указать центр окружности) батырмасын басып,
тінтуір көмегімен төмеңгі шеңбер центрін массив центрі ретінде қабылдаңыз.
5) Төмен түсетін Method (Метод) тізімінен Total number of items & Angle
to fill (Число элементов и угол заполнения) таңдаңыз.
6) Total number of items (Число элементов) өрісінде элементтер саны үшін
12, ал
Angle to fill (Угол заполнения) өрісінде толтырылатын бұрыш үшін
360
енгізіңіз.
7) OK батырмасын басқанда сызба 8.6-суретте көрсетілгендей болады.
8.3 Объектілерді айналдырып бұру
Объектілерді
бұру
үшін
ROTATE
(ПОВЕРНУТЬ)
командасы
қолданылады, оны Modify (Редактирование) тобындағы немесе аттас құрал-
саймандар панеліндегі
батырмасымен қосуға болады. Команда алдымен
объектілерді таңдауды сұрайды. Объектілерді таңдап алып немесе
<Пробел> пернесін басу керек. Команда келесі сұраныс жасайды:
Specify base point: (Базовая точка:)
Тінтуір көмегімен объекттерді қайсы нүктеге қатысты айналдыру керек
екенін таңдау керек. Содан кейін команда айналдыру бұрышын сұрайды:
Specify rotation angle or [Copy/References] <0>:
(Угол поворота или [Копия/Опорный угол]) <0>:
Айналдыру бұрышын үш тәсіл біреуімен беруге болады:
а) тінтуір көмегімен;
б) бүрыш мәнін пернетақтадан теріп;
в) Reference (Опорный угол) опциясын таңдап.
Тінтуір
көмегімен
бұрышты
бергенде
оны
базалық
нүкте
айналасында қозғалтып, объект қажетті
орналасуында тінтуірді шырт еткізу
керек (8.7-суретті қараңыз).
Пернетақтадан бұрышты бергенде
бұрыш шығыстан сағат тілінің жүрісіне
қарсы есептеледі. Теріс мәнді енгізіп
объектті керісінше бағытта айналдыруға
болады.
Reference (Опорный угол) опциясын айналдыру бұрышы белгісіз, бірақ
объекттің жаңа орналасуы белгілі болғанда қолдану ыңғайлы. Сонда
бастапқы бағытты немесе бұрышты беріп, объект жаңа орналасуын, яғни
8.7 сурет
68
абсолют бұрышты таңдаса, AutoCAD екі бұрыш айырмашылығын есептеп,
объектті сол бұрышқа бұрады.
ROTATE (ПОВЕРНУТЬ)
командасының
Copy (Копия)
опциясы
объекттің
бұрылған көшірмесін жасайды.
8.4 Объектілерді масштабтау
Объект өлшемдерін өзгерту үшін AutoCAD бағдарламасында SCALE
(МАСШТАБ) командасы қолданылады. Оны
батырмасымен қосуға
болады.
Команда алдымен объектілерді таңдауды сұрайды. Объектілерді таңдап
алып немесе <Пробел> пернесін басу керек. Команда базалық, яғни
орында қалатын нүктені таңдауды ұсынады:
Specify base point: (
Базовая точка:)
Базалық нүкте берілген соң команда масштабтау коэффициентін
сұрайды:
Specify scale factor or [Copy/Reference]
(Масштаб или [Копия/Опорный отрезок])
Масштабтау коэффициентін пернетақтадан теруге немесе Reference
(Опорный отрезок) опциясын қолданып, бастапқы және жаңа өлшемді беруге
болады.
Пернетақтадан терілген мән 1-ден үлкен болса, объект үлкейтіледі, 1-ден
кіші болса – кішірейтіледі. Терілген мән теріс емес және 0-ге тең емес болу
керек.
Reference (Опорный отрезок) опциясы бастапқы және жаңа ұзыңдық
берілген соң масштабтау коэффициентін есептеп объектілерді масштабтайды.
Ұзындықты пернетақтадан немесе сызбада екі нүктені таңдап беруге болады.
Reference (Опорный отрезок) опциясын сызбадағы объекттің алғашқы
ұзындығы белгісіз, бірақ жаңа ұзындығы белгілі болғанда қолданған ыңғайлы.
SCALE (МАСШТАБ) командасының
Copy (Копия)
опциясы
объекттің
масштабталған көшірмесін жасайды.
8.5 Объекттерді өшіру, үзу және қарапайымдыларға жіктеу
Объектілерді өшіруге арналған ERASE (СТЕРЕТЬ) командасы
батырмасымен қосылады. Команда сұрауына объектілерді белгілі бір тәсілмен
таңдап, басу керек, сонда олар жойылады.
BREAK (РАЗОРВАТЬ) командасы объект бөлігін алып тастауға немесе
объектті
екі
объектке
бөлуге
мүмкіншілік
береді.
Команданы
батырмасымен қосуға болады.
Команда объектті таңдауды сұрайды, біржолы үзудің бірінші нүктесі
таңдалады. Егер бірінші нүктені өзгерту керек болса команданың Specify
second break point or [First point]: (Вторая точка разрыва или [Первая точка]:)