81
Жаңа сызба жасалғанда үндеместіктен екі парақ кеңістігі болады:
Layoyt1
(Лист1) және Layout2 (Лист2). Қажетті жағдайда жеке
параметрлерімен жаңа парақтарды енгізуге болады.
10.1 Парақтарды жасау
Жаңа парақты жасау үшін LAYOUTWIZARD (МАСТЕРЛИСТ) команда-
сын командалық жолда теру керек. AutoCAD классикалық режимінде
менюден Insert → Layout → Create Layout Wizard (Вставка → Лист → Мастер
компоновки листа) немесе или Tools → Wizards → Create Layout (Сервис →
Мастеры → Компоновка листа) таңдап, команданы қосуға болады.
Сонда парақ жасау меңгергішінің бірінші терезесі ашылады (10.3-суретті
қараңыз). Осы терезеде
парақ атауын беруге немесе
ұсынылған
атауды
қалдыруға болады. Next
(Далее) батырмасын басқан
соң
басатын
жабдықты
(принтерді)
таңдауға
арналған
келесі
терезе
ашылады.
Мұнда
ұсынылған
тізімнен
жабдықты таңдап немесе
None
(Нет)
таңдаумен
жабдықты бермей, Next
(Далее) батырмасын басу
керек.
Ашылған үшінші терезеде (10.4-суретті қараңыз) парақ пішінін және
сызба өлшемдері бірлігін тандау керек: Millimeters (Миллиметры) немесе
Inches (Дюймы).
Next (Далее) батырмасын басып, келесі терезеде сызбаның
10.2 сурет
10.3 сурет
82
парақта орналасуын таңдау керек:
Portrait (Книжная) немесе
Landscape
(Альбомная).
Келесі терезеде (10.5-
суретті қараңыз) файлдар
тізімінен негізгі жазуды
таңдауға болады. Сонда
Preview
(Просмотр)
аймағында
таңдалған
негізгі
жазудың
түрі
көрсетіліп тұрады. None
(Нет) таңдағанда сызбада
негізгі жазу жасалмайды.
Негізгі жазуды сызбаға
блок
ретінде
енгізген
ыңғайлы, ол үшін айырып-
қосқышты Block (Блок)
қасына қою керек.
Мұнда ГОСТ 2.104-2006 стандартындағы негізгі жазулардың түрлері
жоқ, сондықтан оларды пайдаланушы өзі жасап, келесіде қолдану үшін .dwg
файлында сақтау керек.
Меңгергіштің келесі терезесі парақта көрініс экрандар санын енгізуге
арналған. Viewport setup
(Способ
расположения)
айырып-қосқыш көмегімен
келесі
нұсқалар
біреуін
таңдауға болады:
а) None (Нет) – парақ
кеңістігінде көрініс экран-
дары жасалмайды, оларды
кейін өзбетінше жасауға
болады;
б)
Single (Один экран) –
бір
тікбұрышты
экран
жасалады;
в) Std. 3D Engineering
Views
(Конструкторский
набор) – төрт көрініс экраны жасалады: модельдің алдынғы, үстіңгі, сол жақ
көрінісі мен оның аксонометриялық проекциясы үшін;
г) Array (Массив) – көрініс экрандарының қатарлар мен бағаналар санын
және арақашықтығын беруге болады.
Next (Далее) басқанда келесі терезе ашылады, онда бір ғана
Select location
(Положение) батырмасы бар, оның көмегімен көрініс экрандарының парақта
орналасу аймағын беруге болады. Select location (Положение) батырмасын
баспаса көрініс экрандары парақтың барлық басылатын аймағын толтырады.
10.4 сурет
10.5 сурет
83
Меңгергіштің соңғы терезесінде
Finish (Готово) батырмасын басу керек,
сонда меңгергіш жұмысы аяқталып, жүйе жаңа парақ кеңістігіне көшеді.
10.2 Парақтарды редакциялау
Парақ атауы үстінен тінтуірді оң жақ
батырмасымен шырт еткізгенде контекстілік
меню ашылады (10.6 суретті қараңыз).
Мұндағы Page Setup Manager (Диспетчер
параметров листа) командасы Page Setup
Manager
(Диспетчер наборов параметров
листа) терезесін ашады (10.7-суретті қараңыз).
Осында парақ параметрлері орнатылады, сонда
бір
парақ
үшін
бірнеше
параметрлер
жиынтығын жасауға болатынын атап өту
керек.
New (Создать) батырмасы параметрлер жаңа жиынтығын жасауға
мүмкіндік береді. Батырмамен ашылатын New Page Setup (Создание набора
параметров листа) терезесінде жиынтық атауын беріп, тізімнен оның негізі
ретінде алынатын ең лайықты жиынтықты таңдау керек. OK басқан соң Page
Setup (Параметры листа) терезесі ашылады (10.8-суретті қараңыз).
Парақ
параметрлерінің
жиынтығын
басқа
сызбадан
Import
(Импортировать)
батырмасы
көмегімен
алуға
болады.
Modify (Изменить) батыр-
масы 10.8-суретте көрсетілген
Page Setup (Параметры листа)
диалог терезесін ашады, онда
келесі параметрлерді өзгертуге
болады.
Printer/plotter
(Принтер/
плоттер) аймағындағы төмен
түсетін Name (Имя) тізімінен
үндеместіктен берілетін басатын
жабдықты таңдау керек.
Төмен түсетін Paper size
(Формат листа) тізімі таңдалған
принтер немесе плоттер үшін қолдануға болатын қағаз өлшемдерін беруге
арналған.
Терезенің Plot area (Область печати) аймағында басу аймағы беріледі.
Мұнда үндеместіктен Layout (Лист) қабылданады, бірақ тізімнен сызба
шекарасы бойынша, ағымды экранды, көріністі, берілген рамка бойынша басу
10.6 сурет
10.7 сурет
9