47
а) біржолдық мәтін
DTEXT (ДТЕКСТ) және
TEXT (ТЕКСТ) коман-
даларымен жасалады;
б) көпжолдық мәтін MTEXT (МТЕКСТ) командасымен жасалады, ол
мәтіндік блок болып келеді.
5.1.1 Біржолдық мәтінді жасау. Біржолдық мәтін бір немесе бірнеше
өзара байланыспаған жолды жасауға арналған, ондағы әр жол тәуелсіз объект
болып келеді.
Біржолдық мәтінді жасайтын DTEXT (ДТЕКСТ) командасын қосу үшін
лента Home (Главная) бөлігінің Annotation (Аннотации) тобындағы Single Line
Text (Однострочный текст) батырмасын басу керек. Сонда командалық жолда
орнатылған мәтін стилі мен биіктігі көрсетіледі:
Current text style: ″Standard″ Text height: 5.0000 Annotative: No
Specify start point of text or [Justify/Style]:
(Текущий текстовый стиль: "Standard" Высота текста: 5.0000 Аннота-
тивный: Нет)
(Начальная точка текста или [Выравнивание/Стиль]:)
Мәтін басы ретінде нүктені тінтуір көмегімен таңдаңыз немесе оның
координаталарын пернетақтадан енгізіңіз. Команданың қосымша опцияларын
да қолдануға болады:
1) Justify (Выравнивание) таңдағанда келесі сұраныс шығады:
Enter an option [Align/Fit/Center/Middle/Right/TL/TC/TR/ML/MC/MR/BL/
BC/BR]:
(Задайте опцию [впИсанный/Поширине/Центр/сЕредина/впРаво/ВЛ/ВЦ/
ВП/СЛ/СЦ/СП/НЛ/НЦ/НП]:)
Мұнда мәтінді тегістеу тәсілін таңдау керек, мысалы, Right (впРаво)
таңдалса, мәтін бастапқы нүктеден сол жаққа жазылады. Align (впИсанный)
және Fit (Поширине) опциялары мәтін параметрлерін екі нүкте арқылы
анықтайды. Сонда Align (впИсанный) мәтін биіктігін, ал Fit (Поширине)
мәтін енін таңдайды;
2) Style (Стиль) таңдағанда келесі сұраныс шығады:
Enter style name or [?] : (Имя стиля или (?) :)
Үндеместіктен бағдарламада екі стиль бар: Standard және Annotative (Ан-
нотативный).
Тексттің бастапқы нүктесін берген соң команда мәтін биіктігін сұрайды:
Specify height <2.5000>: (Высота <2.5000>:)
Мәтін биіктігін теріп, басыңыз. Осы мән келесі біржолдық мәтін
жасағанша үндеместіктен алынады. Содан кейін келесі сұраныс шығады:
Specify rotation angle of text <0>: (Угол поворота текста <0>:)
Мәтіннің көлбеу бұрышын енгізіңіз немесе үндеместіктен қабылданатын
бұрышты қолдану үшін бірден басыңыз.
Бұрышты енгізген соң графикалық аймақта қарапайым мәтіндің редактор
шығады, ол өлшемі өзгеріп тұратын рамка болып келеді. Әр жолды теріп
болған соң басып отыру керек. Команданы аяқтау үшін
48
пернесін екі рет басу керек немесе тінтуірді мәтін өрісінен тыс жерде шырт
еткізу керек. Сонда әр мәтіндік жол жеке объект болып келеді.
Біржолдық мәтін редакторының контекстілік менюі бар, ол тінтуірдің оң
жақ батырмасымен ашылады. Мұнда әдетте мәтін редакторларында
кездесетін командалар бар: Undo (Отменить), Redo (Повторить), Cut
(Вырезать), Copy (Копировать), Paste (Вставить), Editor Settings (Параметры
редактора), Insert Field… (Вставить поле…), Find and Replace… (Поиск и за-
мена…), Select All (Выделить все), Change Case (Изменить регистр).
5.1.2 Біржолдық текстке арнаулы символдарды енгізу. Арнаулы
символдарды келесідей енгізуге болады (мұнда тек ғана ағылшын әріптерін
қолдану керек):
1) %%C – Ø диаметр белгісі;
2) %%D – ° градус белгісі;
3) %%P – ± символы;
4) %%O – үстінен сызу және оны болдырмау;
5) %%U – астынан сызу және оны болдырмау;
6) %%% – % пайыз белгісі.
Мысалы, біржолдық мәтінде %%P45%%D терсе, онда ±45° енгізіледі.
Егер евро символы қажетті болса, оны пернесін басып тұрып,
пернетақтаның сандық бөлігінен 0128 теру керек.
5.1.3 Мәтіндік өрістерді енгізу. Өріс негізделген деректерге байланысты
өзгеріп тұратын мәтін, мысалы, Date (Дата) өрісі автоматты түрде ағымды
күнді таңдалған форматта көрсетіп тұрады.
Өрістің автоматты түрде жаңартылуын келесі бір немесе бірнеше шарт
орындалғанда жүргізілуін орнатуға болады: графикалық файлды ашу, сызба
файлын сақтау, файлды басып шығару және т.б. Автоматты жаңартылу
функциясын болдырмауға да болады, онда сызбадағы өрістерді пайдаланушы
өзі өзгерту керек.
Өрісті енгізудің бірнеше тәсілі
бар. Жеке автономды өрісті енгізу
үшін FIELD (ПОЛЕ) командасын
қосу керек. Өрісті біржолдық
текстке енгізу үшін редактордың
контекстілік менюінен Insert Field
(Вставить поле) таңдау керек.
Екі жағдайда да Field (Поле)
диалог терезесі ашылады (5.1-
суретті қараңыз). Төмен түсетін
Field category (Категория поля)
тізімінде келесі өріс түрлері бар: All
(Все) – барлық өрістер; Date & Time
(Дата и время) – мезгіл мен уақытқа
5.1 сурет