49
қатысты өрістер (жасалатын, сақталатын, басылатын);
Document (Документ) –
файлға қатысты өрістер (файл атауы, өлшемі, кім сақтады); Linked (Связано
с) – гиперсілтеме жөнінде ақпарат және т.б. категориялар.
Field names (Имена полей) тізіміндегі сипаттамалар таңдалған өріс
категориясына тәуелді.
Мысалы, Date & Time (Дата и время) категориясы үшін 5.1-суретте
көрсетілген тізім шығады.
Мезгіл форматын Date format (Формат даты) өрісінде енгізуге болады.
Field expression (Формула для поля) аймағында өріс негізіндегі формула
жазылады, оны өзгертуге мүмкіндік жоқ.
Мәтіндік өріс біржолдық мәтін бөлігі болғандықтан оны редакциялау
үшін біржолдық мәтін редакторының мүмкіндіктерін қолдануға болады.
5.2 Көпжолды мәтінмен жұмыс істеу
5.2.1 Көпжолды мәтінді жасау. Көпжолды мәтін қайырма түрінде
енгізілетін көптеген жолдан тұратын күрделі объект болып келеді. Оның
келесі мүмкіндіктері бар:
а) мәтін фонын мөлдір болдырмау және оның түсін тағайындау;
б) ығысу мен шегіністі орнату;
в) өрістерді автоматты түрде енгізу;
г) ASCII және RTF форматындағы сыртқы мәтіндік файлдарды енгізу;
д) символдарды енгізу;
е) тізімдерді жасау;
ж) күрделі бөлшектерді жасау;
и) мәтін аймағының шекарасын өзгерту және жол ұзыңдығын өзгерту;
к) таңдалған мәтін регистрін тінтуір батырмасымен өзгерту.
Көпжолды мәтінді жасау үшін MTEXT (МТЕКСТ) командасын
командалық жолда енгізіп немесе лента Home (Главная) бөлігінің Annotation
(Аннотации) тобындағы
Multiline
Text
(Многострочный
текст)
батырмасымен қосу керек. Сонда командалық жолда келесі сұраныс шығады:
Current text style: ″Standard″ Text height: 2.5 Annotative: No
(Текущий текстовый стиль: "Standard". Высота текста: 2.5 Аннота-
тивный: Нет)
Specify first corner: (Первый угол:)
Текст тікбұрышты аймағының бірінші бұрышын таңдаған соң, келесі
сұраныс шығады:
Specify opposite corner or [Height/Justify/Line spacing/Rotation/Style/Width/
Columns]:
(Противоположный угол или [Высота/вЫравнивание/Межстрочный ин-
тервал/Поворот/Стиль/Ширина/Колонки]:)
Сонда тікбұрышты аймақтың өлшемін екінші бұрышын көрсетіп таңдау
керек (5.2-суретті қараңыз) немесе команда параметрлерінің біреуін таңдап,
текст қасиеттерін орнатуға болады. Тікбұрыш ішіндегі нұсқама текст төмен
50
бағытталатынын көрсетіп тұр, өйткені үндеместіктен көпжолды текст
тегістеуі жоғарғы сол жақ бұрыш бойынша орнатылған. Мәтінді тегістеу
тәсілін өзгерту үшін Justify (вЫравнивание) опциясын таңдау керек.
Жол арасындағы интервал мен айналдыру бұрышын мәтін аймағының
екінші бұрышын
таңдамай
тұрып
орнату
керек,
қалғандарын ай-
мақтың
екінші
бұрышын таңда-
ған соң да өзгер-
туге болады.
Екінші бұрыш таңдалған соң терезе үстінде Multiline Text
(Многострочный текст) бөлігі шығады (5.3-суретті қараңыз), оны қолданып
мәтінді енгізуге және редакциялауға болады.
5.2.2 Көпжолды мәтінді редакциялау. 5.3-суретте көрсетілген Multiline
Text (Многострочный текст) бөлігі келесі топтардан тұрады:
Style (Стиль),
Formatting (Форматирование),
Paragraph (Абзац),
Insert (Вставить),
Options
(Параметры), Close (Закрыть).
Style (Стиль) тобындағы командалар мәтін стилі мен биіктігін беруге
арналған. Көпжолды мәтін ішіндегі символдар әртүрлі биіктікте болуы
мүмкін.
Formatting
(Форматирование) тобы командалары мәтін қаріпін
анықтайды. Бір қайырым ішінде әртүрлі қаріп қолданылуы мүмкін. Қаріп
түрін және түсін төмен түсетін тізімдерден таңдауға болады. Қаріптер үшін
сәйкес батырмаларды қолданып, олардың жазылу түрін, мысалы курсивті
таңдауға
болады.
Formatting
(Форматирование)
тобының
төменгі
шекарасында тінтуірді шырт еткізіп, тағы үш элементі бар панельді ашуға
болады. Ондағы
өрісі мәтіннің көлбеу бұрышын,
өрісі мәтін символдары арасындағы арақашықты,
өрісі символ енін басқарады.
Paragraph (Абзац) тобы қайырым параметрлерін басқарады. Онда мәтінді
тегістеу тәсілін және жол арасындағы қашықтықты беруге, нөмірленген
немесе маркерленген тізімдерді жасауға арналған командалар бар.
Insert (Вставить) тобы мәтінге әртүрлі элементтерді енгізуге мүмкіндік
береді.
5.3 сурет
5.2 сурет
51
Мұндағы
Symbol (Обозначение) батырмасы символ қою менюін
ашады. Жиі кездесетін символдарды менюден таңдап енгізуге болады (5.4-
суретті қараңыз). Менюдегі Other (Другой) таңдап, қажетті символды
ашылған кестеден енгізуге болады.
Insert Field (Вставить поле) батырмасы мәтінге өрісті енгізуге
арналған Field (Поле) диалог терезесін ашады.
Columns (Столбцы) батырмасымен бағаналар санын беруге болады.
Options (Параметры) тобындағы
Find
& Replace (Поиск и замена),
Spell check
(Проверка орфографии),
Undo (Отменить),
Redo (Вернуть) батырмалары сәйкес
функцияларды атқарады.
Ruler (Линейка)
батырмасы
сызықшаның
редакторда
көрсетілуін басқарады.
Мәтінді енгізгенде тінтуір оң жақ
батырмасымен контекстілік менюді ашуға
болады, ол қосымша мүмкіндіктер береді:
а) Stack (Дробный) таңдап, /, # және ^
символдар көмегімен белгіленген мәтінді
әдеттегі және диагоналды бөлшектерге және
шақтамаға түрлендіруге болады (5.5-суретті
қараңыз).
Егер
белгіленген
текстте
көмекші
символдар болмаса, Stack (Дробный) пункті
белсенді болмайды;
б) белгіленген мәтінге Uppercase (Верхний
регистр)
көмегімен
жоғарғы
регистрді,
Lowercase (Нижний регистр) көмегімен төменгі
регистрді тағайындауға болады.
5.5 сурет
Мәтінді редакциялау кезінде стандарт пернелерді де қолдануға болады:
,
,
, , , және т.б.
Мәтін енгізуді Close Text Editor (Закрыть текстовый редактор)
батырмасымен немесе тінтуірді редактор сыртында шырт еткізіп немесе
басып тұрып, пернесімен аяқтауға болады.
5.4 сурет