2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы бағдарламасының негізгі мақсаты



жүктеу 86,49 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі86,49 Kb.
#6833
түріБағдарламасы

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»

Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы бағдарламасының негізгі мақсаты – өнімді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және оны болдырмау арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға әсер ету болып табылады.


Қазіргі таңда ауданда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үш бағыты жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт
– инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

Екінші бағыт
– кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын жасау;

Үшінші бағыт
– жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуға көмектесу.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2014 жылға ауданға 525,2 млн.теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысу үшін барлығы 870 адам өтініш білдірді, соның ішінде 526 азамат Бағдарлама қатысушылардың құрамына енгізілді, яғни, 144 – жұмыссыз, 132 – жұмыссыздыққа тіркелмеген және 250 өзін-өзі қамтитын азаматтар. Сонымен қатар, қатысушылар арасында 62 адам азқамтылған азаматтар.


1-бағыт

«Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 6 жобаны жүзеге асыру қарастырылған, жалпы сомасы 118,7 млн.теңге. Барлығы 33 жаңа жұмыс орны ашылды. Бөлінген сома 100 % игерілді.


Сондай-ақ, 1 жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Жобаның жалпы сомасы 24,2 млн.теңге. Барлығы 1 жаңа жұмыс орны ашылды. Бөлінген сома 100 % игерілді.

7 жобаның жүзеге асыруы.



  • «Ж. Тайынты ауылында ұзындығы 1116 м. дала жарығын ағымдағы жөндеу» жұмыстары. Бүгінгі күні, жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «Горсвет ltd» ЖШС жүргізді. Бөлінген 8,2 млн. теңге сомасы 100 % игерілді және 3 жаңа жұмыс орны ашылды;

  • «Таврия ауылындағы Қасым Қайсенов көшесін орташа жөндеу». Бүгінгі күні, жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «Восток Асфальт» ЖШС жүргізді. Бөлінген 22,7 млн. теңге сомасы 100 % игерілді және 7 жаңа жұмыс орны ашылды;

  • «Қасым Қайсенов кентіндегі Мәдениет үйі мен мектеп арасындағы аймақты абаттандыру» жұмыстары. Бүгінгі күні, жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «Кызыл Барс» ЖШС жүргізді. Бөлінген 22,3 млн. теңге сомасы 100 % игерілді және 8 жаңа жұмыс орны ашылды;

  • «Тарғын ауылындағы І. Айтыков атындағы орта мектебін ағымдағы жөндеу» жұмыстары. Бүгінгі күні, жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «НурСройТас» ЖШС жүргізді. Бөлінген 29,6 млн. теңге сомасы 100 % игерілді және 7 жаңа жұмыс орны ашылды;

  • «Бозанбай ауылында балалар алаңын абаттандыру» жұмыстары. Бүгінгі күні, жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «Досстрой» ЖШС жүргізді. Бөлінген 6,0 млн. теңге сомасы 100 % игерілді және 4 жаңа жұмыс орны ашылды;

  • «Привольное ауылындағы 20 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізу» жұмыстары. Бүгінгі күні, жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «ИНТЕРМАСТЕР» ЖШС жүргізді.  Бөлінген 24,2 млн. теңге сомасы 100 % игерілді және 1 жаңа жұмыс орны ашылды;

  • ««Ұлан ауданының Донское аылындағы Т.Тохтаров атындағы мектеп-бала бақша» КММ-нің алдын ағымдағы жөндеу жұмыстары». Бүгінгі күні, жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды «ОДА-ВОСТОК» ЖШС жүргізді. Бөлінген 30,0 млн. теңге сомасы 100 % игерілді және 6 жаңа жұмыс орны ашылды.


2-бағыт

«Кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын жасау»

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына» сәйкес өз ісін ашу және кеңейту үшін 143 азамат несие алды, несиенің сомасы 379,8 млн. теңгені құрайды және 110 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде:


7 кредиттік серіктестіктер (КС «Асан Несие», КС «Талгат Несие», КС «Сағыр Несие», КС «Ұлан Тұлпар Несие», КС «Гагарино Несие», КС «Байбесік», КС «BEST 14») арқылы 50 қатысушы несие алды, жалпы сомасы 130,0 млн. теңге, 56 жаңа жұмыс орны ашылды.    
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы  нақты 93 қатысушы несие алды, жалпы сомасы 249,8 млн. теңге, 54 жаңа жұмыс орны ашылды. 
2014 жылы 168 адам  кәсіпкерлік негіздерін шықты. Оқу ЖШС «ParasatConsulting» сервис орталығымен  жүргізілді.
2014 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін ауданға 64,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде, 35,9 млн.теңге – 13 блок-модульге, 9,0 млн.теңге – Егінсу ауылдық округіндегі жылыжайға электр беру жүйесінің құрылысына (Орынбаев Арапбай), 8,8 млн.теңге - 63 кВт мөлшерінде электр қуатын жүргізу (Заданов Шалқар), 4,0 млн.теңге 63 кВт мөлшерінде электр қуатын жүргізу (Булатқызы Мадина), 5,3 млн.теңге – көкөністер мен жемістерді өңдеу және консервілеу бойынша жобаға (Аупаев Бекболат), және жобаның сметалық құжаттамасын жасау үшін 1,1 млн.тенге бөлінді.
143 жоба келесідей қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады: жылыжай шаруашылығын кеңейту, мал шаруашылығын дамыту, столярлы цехты ашу, омарта шаруашылығын дамыту, тігін цехын дамыту, кондитерлік цехты дамыту, көшеттерді өсіру, жылқы шаруашылығын дамытып, қымыз өңдеу, жеке балабақшы ашу, наубайхана ашу, жиһаз цехын ашу, темір бұйымдарды жасау барсау бойынша цех ашу, қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған зал ашу, маршруттык такси қызметін көрсету, ағаш өңдеу бойынша цех ашу, өсімдік майын өңдеу, құс шаруашылығын дамыту.


3-бағыт

«Жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуға көмектесу»

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағытының бірінші компоненті «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 2014 жылы 26,7 млн.теңге бөлінді, соның ішінде:


- оқуға 10,4 млн.теңге (кәсіптік даярлауға – 2,6 млн.теңге; қайта даярлауға – 6,6 млн.теңге; біліктілігін арттыруға – 1,2 млн.теңге). Оқуға 49 адамды жіберуге жоспарланған, нақты 57 адам оқуға жіберілді.
Қайта даярлауға – 29 адамға 6,6 млн. теңге бөлінді. Нақты 36 адам оқуға жіберілді («Қонақ үй әкімшісі», «Массажист», «Слесарь-сантехник» «Жиһаз жасаушы», «Тігінші», «Электрик», «Электрогазбен дәнекерлеуші», «Әкімші-ресепшионист», «Официант-бармен», «Тырнақ шебері», «Шаштараз-модельер» және «Аспазшы» мамандықтары бойынша оқуға жіберілді). Бөлінген қаражат толығымен 100 % игерілді. Оқуға жіберліген азаматтар оқуды аяқтап, жұмыс берушінің тапсырысы негізінде тұрақты жұмысқа орналасты.
Біліктілігін арттыруға – 10 адамға 1,2 млн. теңге бөлінді. Нақты 10 адам оқуға жіберілді («Авто көліктердің жөндеу жұмыстарының слесарі», «Электрик»). Бөлінген қаражат толығымен 100 % игерілді. Оқуға жіберліген азаматтар оқуды аяқтап, жұмыс берушінің тапсырысы негізінде тұрақты жұмысқа орналасты.
Кадрларды кәсіптік даярлауға – 10 адамға 2,6 млн. теңге бөлінді. Нақты  11 адам оқуға жіберілді («Электрогазбен дәнекерлеуші», «Электрик» және «Азықтық тауардың сатушысы» мамандықтары бойынша оқуға жіберілді).                      2014 жылғы бөлінген қаражат толығымен 100 % игерілді. Оқу ағымдағы жылдың шілде айында аяқталуы жоспарлануда.
Оқу орынын таңдау 60 % жұмысқа орналастыру мен дуалды оқыту критерилеріне байланысты жүргізілді. Осыған орай, жоғары көрсетілген мамандықтар бойынша оқыту «Самырұқ» ҚҚ, «Таврос Иртыш Отельджилик Туризм Йонетимлери А.Ш.» және «Практикум» оқу орталығы ЖШС, «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ жүргізді.
- жастар іс-тәжірибесіне 5,0 млн.теңге 25 адамға. Нақты 46 адам жіберілді. Бөлінген қаражат толығымен 100 % игерілді. Оқу орындарының түлектері ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында жастар іс-тәжірибесін өтуде.
- әлеуметтік жұмыс орындарына 11,3 млн.теңге 50 адамға. Нақты 70 адам жіберлді. Бөлінген қаражат толығымен 100 % игерілді.
Азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарын өту үшін  «Алдай», «Акбауыр», «Айдын», «Мерей», «Нестеренко», «Айтказина», «Бакыт», «Иванченко», «Парасат», «Женис», «Арман», «Цукаева», «Аршалы», «Исхак», «Шугыла», «Санжар» ШҚ-на және «Болат», «Кучерявая», «Нестеренко», «Калиева», «Сейсебаева», «Жумахан», «Бейбарыс», «Жексембинов» ЖК-не, ТОО «Улан-Курылыс» және  ««Жебелі» СӘТК» ЖШС-не сондай-ақ, басқа да жұмыс орындарына жіберілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағытының екінші компоненті «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде 2 отбасы (12 адам) Бозанбай ауылына қоныс аударды. Бүгінгі күні, 2 адам «Айтказин» ШҚ-на тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

 

«ШҚО Ұлан ауданы әкімдігінің


жұмыспен қамту орталығы»
КММ-нің директоры А. Кайролдинов 

 

2014 жылға арналған міндеттер.



2014 жылы біздің ауданға «Жұмыспен қамту 2020 жол карта» бағдарламасын іске асурға 781,0 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді.

Бірінші бағыт:
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

2013 жылы «Инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы және ауылдық елді мекендерді абаттандыру» бағыты бойынша 52 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарланып, 101 359,0 мың теңге құрайтын келесідей жобалар жоспарланды:


Тарғын ауылында келесідей жұмыстар атқарылады:

 Жоғарғы Тайынты ауылында келесідей жұмыстар атқарылады:

  • Дала жарығын ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 12 180,0 мың теңге бөлінді және 5 жұмыс орнының ашылуы көзделген, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адамды жұмысқа орналыстыру.

Таврия ауылында келесідей жұмыстар атқарылады:

  • Қ. Қайсенов көшесін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 26 415,0 мың теңге бөлінді және 12 жұмыс орнының ашылуы көзделген, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адамды жұмысқа орналыстыру.

Қасым Қайсенов кентінде келесідей жұмытар атқарылады:

  • Мәдениет үйімен мектеп арасындағы аймақты көркейту жұмыстарын жүргізу үшін 24 467,0 мың теңге бөлінді және 15 жұмыс орнының ашылуы көзделген, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адамды жұмысқа орналыстыру.

Бозанбай ауылында келесідей жұмыстар атқарылды:

  • Балалар аланын көркейту жұмыстарын жүргізу үшін 8 000,0 мың теңге және     6 жұмыс орнының ашылуы көзделген, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адамды жұмысқа орналыстыру.

Екінші бағыт:
Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту

«Жұмыспен қамту 2020 жол карта» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты аясында өз ісін ашуға және кеңейтуге несие алу үшін жұмыспен қамту орталығына барлығы 250 адамнан бизнес-ұсыныс түсті. Несиенің жалпы сомасы – 655,0 млн. теңгені құрайды.



Үшінші бағыт:
Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Жастар іс-тәжірибесі»

  • Қайта даярлау – 25 адамға 5444,0 мың теңге;

  • Біліктілігін артыру – 10 адмаға 1182,0 мың теңге;

  • Кадрларды кәсіптік даярлау – 10 адамға 2385,0 мың теңге;

  • Әлеуметтік жұмыс орындары – 50 адамға 11344,0 мың теңге;

  • Жастар іс-тәжірибесі – 25 адамға 4792,0 мың теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол карта» бағдарламасы аясында «Оқыту және жұмысқа орналастыру» бағытына қатысу үшін жұмыс берушілерден тапсырыстарды қабылдау туралы аудандық газетіне мақала жарияланған.

Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Аталған бағытқа қатысу үшін «ШҚО Ұлан ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ аудан газетіне мақала жариялаған.
жүктеу 86,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау