Ларды орындау оқу құралы Алматы 2014 2


 Кестелерді жасау және оларды редакциялау



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет19/30
Дата21.11.2018
өлшемі3,69 Mb.
#23351
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

52

 

 



6 Кестелерді жасау және оларды редакциялау  

 

Кесте қатарлар мен бағаналар түрдегі деректерден тұратын объект болып 



келеді. AutoCAD бағдарламасында алдымен бос кестені енгізу керек. Кестені 

енгізу үшін  TABLE (ТАБЛИЦА)  командасын лента Home (Главная) бөлігінің 



Annotation  (Аннотации)  тобындағы 

Table  (Таблица)  батырмасын  басып 

немесе  менюден  Draw→Table  (Рисование  →  Таблица)  таңдап  қосу  керек. 

Сонда  Insert  Table  (Вставка  таблицы)  диалог  терезесі  ашылады  (6.1-суретті 

қараңыз).  Осында  кесте  параметрлерін  орнатуға  болады:  кесте  стилін 

(үндеместіктен  Standard  стилі  орнатылады),  ұяшықтар  қасиеттерін,  қатарлар 

мен бағаналар санын, өлшемдерін, атауларын және т.б.  

 

AutoCAD  кестелерінде  Microsoft  Excel  кестелеріне  сілтеме  жасап, 



олардан  деректерді  алуға  мүмкіндік  бар.  Сілтемені  енгізу  үшін  Insert  options 

(Параметры  вставки)  аймағындағы  айырып-қосқышты  From  a  data  link  (На 

основе связи с данными) жазу қасына орнатып, төмен түсетін тізімнен Launch 

Data  Link  Manager  (Запуск  Диспетчера  связи  с  данными)  таңдау  керек. 

Ашылған Select a Data Link (Выбор связи данных) терезесі көмегімен қажетті 

сілтемені  орнату  керек.  Сонда  Excel  кестесінде  деректер  өзгертілсе,  олар 

біржолы сызба кестесінде де өзгереді.   



Insert  Table  (Вставка  таблицы)  диалог  терезесінде  Insertion  behavior 

(Способ вставки) аймағында кестені енгізу тәсілін таңдап, OK батырмасымен 

терезені жабу керек. Сонда командалық жолда сұраныс шығады:  

6.1 сурет

 

 



53

 

 



Specify insertion point: (Точка вставки:) 

Кесте  қойылатын  нүктені  тінтуір  көмегімен  немесе  пернетақтадан 

абсолют координаттарын теріп таңдауға болады.  

Кесте  енгізілген  соң  экранда  Multiline  Text  (Многострочный  текст) 

командалар  тобы  көрсетіліп,  редакциялау  режимі  орнатылады,  яғни  кестені 

толтыруға  болады.  Курсор  бірінші  ұяшықта  орналасып  тұрады,  ұяшықтар 

арасында  қозғалу  үшін  ,    және  курсор  басқаратын  пернелерді 

қолдану  керек.  Кесте,  қатарлар  мен  бағаналар  өлшемдерін  әдеттегідей 

маркерлер қолданумен өзгертуге болады. Тінтуір оң жақ батырмасымен шырт 

еткізіп,  контекстілік  менюде  ұсынылатын  мүмкіндіктерді  де  қолдануға 

болады.   

AutoCAD  кесте  ұяшықтарына  формулалар  енгізілуі  мүмкін,    мысалы: 



=A1+D1;  =A2*D2;  =A1^3  (формулалар  әрқашан  теңдік  белгісінен  басталу 

керек).  Сол  кезде  Microsoft  Excel  кестелері  секілді  стандарт  функцияларды 

пайдалануға  болады:  =Sum(A1:A10);  =Average(A10:E10);  =Count(A1:D100) 

және т.б. 

Кесте  ұяшықтарына  деректерді  сызба  объектілерінен  алып  енгізуге 

мүмкіншілік бар, мысалы, объект өлшемдерін, аудандарын және т.б. Ол үшін 

6.1-суреттегі  диалог  терезесінің  Insert  options  (Параметры  вставки) 

аймағындағы  айырып-қосқышты  From  object  data  in  a  drawing  (Data 



Extraction) (На основе данных объекта на чертеже (Извлечение данных)) жазу 

қасына  орнатып,  OK  басыңыз.  Сонда  деректерді  объекттерден  алу  Data 



Extraction  (Извлечение  данных)  меңгергіші  ашылады,  оны  қадаммен  қолдану 

керек.  


 

7 Өлшемдерді түсіру  

 

AutoCAD  бағдарламасында  өлшемдерді  түсіру  мен  қатар  оларды 



басқаруды  білу  керек,  өйткені  өлшемдер  түрлерін  басқаратын  айнымалылар 

саны  өте  көп.  Өлшемдер  түрлері  және  түсіру  тәсілдері  әртүрлі  өнеркәсіп 

салаларында,  мысалы,  машина  жасауда,  құрылыста,  электроникада  әртүрлі 

болып келеді.  

Өлшемдерді  басқару  командалары  лентаның  Annotate  (Аннотации) 

бөлігіндегі Dimensions (Размеры) тобында жинақталған (7.1-суретті қараңыз).  

 Алдымен  түсіретін  өлшем  түрін,  содан  кейін  оның  орналастырылуын 

анықтайтын  нүктелерді  таңдау  керек.  Мысалы, 

кесінді  ұзыңдығын  көрсету  үшін  сызықтық 

өлшемді  жасайтын  команданы  қосып,    кесіндінің 

екі  шеткі  нүктесін  көрсету  керек.  Бағдарлама  сол 

кезде  екі  анықтаушы  нүктені  құрып,  олардың 

арақашықтығын  өлшейді.  Содан  кейін  өлшем 

орналасатын орынды таңдау керек.   

Анықтаушы  нүктелер  орны  өзгерсе,    олармен  байланысқан  өлшем  де 

өзгереді.  Өлшемдерді  түсіру  кезінде  AutoCAD  автоматты  түрде  Defpoints 

7.1 сурет

 



54

 

 



қабатын  жасайды,  барлық  анықтаушы  нүктелер  сол  қабатта  орналасады. 

Қабат  ешқашан  басылмайды  және  жойылмайды,  сондықтан  оны  сызбада 

көрсетілмейтін  объектілерді,  мысалы,  басқа  пайдаланушыларға  арналған 

ескертулерді жасау үшін қолдануға болады.   



 

7.1 Сызықтық өлшемдер  

 

7.1.1  Вертикаль  және  горизонталь  өлшемдерді  түсіру.    Вертикаль  және 



горизонталь  өлшемдерді  түсіру  DIMLINEAR  (РЗМЛИНЕЙНЫЙ)  командасы 

Dimensions  (Размеры)  тобындағы 

  Linear  (Линейный)  батырмасымен 

қосылады. Команда келесі сұраныс береді: 

Specify first extension line origin or 

(Начало первой выносной линии или <выбрать объект>:) 

Сызықтық өлшемді екі тәсілмен жасауға болады: анықтаушы нүктелерді 

таңдап немесе өлшенетін объектіні таңдап. Бірінші тәсілмен екі шығару сызық 

нүктелерін  таңдап,  өлшемдік  мәтін  қойылатын  орынды  беру  керек.  Сонда 

өлшемдік  сызықты  анықтаушы  нүктелерден  жоғары  немесе  төмен 

орналастырсақ,  AutoCAD  горизонталь  өлшемді,  сол  жағында  немесе  оң 

жағында орналастырсақ – вертикаль өлшемді түсіреді (7.2-суретті қараңыз).   

Екінші  тәсілмен  өлшем  түсіргенде  команда  сұранысына  <Enter>  басып,  

сызықты, доғаны немесе шеңберді тінтуірмен таңдау керек, сонда бағдарлама 

өзі анықтаушы нүктелерді құрып, өлшем түсіреді (7.3-суретті қараңыз).  

                                             

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Команданың  бірнеше  опциясы  бар:  Mtext  (Мтекст),  Text  (Текст),  Angle 



(Угол),  Horizontal  (Горизонтальный),  Vertical  (Вертикальный),  Rotated 

(Повернутый). 

Оларды  қолданып,  өлшемдік  мәтінді  редакциялауға, 

айналдыруға және т.б. орындауға болады.  

Өлшем мәнін өзгерту тәртібін қарастырайық.  

1)  Алдымен  7.4,а-суретте  көрсетілгендей  120х80  мм  өлшемдерімен 

тікбұрышты тұрғызыңыз.  

2)  DIMLINEAR  (РЗМЛИНЕЙНЫЙ)  командасын  қосыңыз,  команда 

бірінші шығару сызығының басын беруді сұрайды:  

Specify fi rst extension line origin or 

(Начало первой выносной линии или <выбрать объект>:) 

7.2 сурет

 

7.3  сурет



 


жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау