32
Сонда шеңбер центрін белгілі тәсілдер біреуімен беру керек немесе
ұсынылған параметрлерді таңдауға болады, олар келесі мүмкіндіктерді береді:
3P (3Т) – шеңбер үш бойында жатқан нүкте арқылы тұрғызылады;
2P (2Т) – шеңбер кез келген диаметрдің екі нүктесі арқылы тұрғызылады;
Ttr (ККР) – шеңбер екі сызыққа жанама етіп берілген радиус бойынша
тұрғызылады. Осы параметрді таңдаған соң келесі сұраныс шығады:
Specify point on object for first tangent of circle:
(Укажите точку на объекте, задающую первую касательную:)
Сонда жасалатын шеңберге жанама болатын объект үстінен тінтуір
батырмасымен шырт еткізу керек. Тағы бір сұраныс шығады:
Specify point on object for second tangent of circle:
(Укажите точку на объекте, задающую вторую касательную:)
Екінші жанама болатын объект үстінен шырт еткізіп, содан кейінгі Speci-
fy radius of circle <10.0000>: (Радиус круга <10.0000>:) сұранысқа шеңбер
радиусын беру керек.
CIRCLE (КРУГ) командасының тағы бір параметрі бар: Tan, Tan, Tan (3
точки касания), ол үш объектіге жанама болатын шеңберді тұрғызады.
AutoCAD бағдарламасы келесі сұраныс берген барлық жағдайда
Specify radius of circle or [Diameter] <10.0000>:
(Радиус окружности или [Диаметр] <10.0000>):
шеңбер радиусын беру керек немесе Diameter (Диаметр) параметрін таңдап,
шеңбер диаметрін беруге болады.
2.6 Доғаны тұрғызу
Доға шеңбер бөлігі болып келеді,
сондықтан
доғаны
тұрғызғанда
шеңбердің қалатын бөлігін беру керек.
Доға тұрғызу параметрлері 2.14-суретте
көрсетілген.
Доға тұрғызу үшін ARC (ДУГА)
командасын
батырмасымен
қосыңыз. Батырма оң жағындағы
нұсқамасын басып, доғаның қажетті
параметрлерін таңдауға болады.
Команданы қосқанда келесі сұраныс шығады:
Specify start point of arc or [Center]:
(Начальная точка дуги или [Центр]:)
басып, доғаны бастапқы нүктесі арқылы тұрғызуға болады
немесе Center (Центр) опциясын таңдап, доғаны шеңбер центрін беріп
тұрғызуға мүмкіншілік бар. Осы опция таңдауымен доғаны тұрғызуды
қарастырайық:
1) Arc (Дуга) батырмасы оң жағындағы нұсқаманы басып, Center (Центр)
тәсілін таңдаймыз. Келесі сұраныс шығады:
2.14 сурет
Шеткі
нүктелер
Доға радиусы
Центрі
Хорда
33
Specify center point of arc: (Центр дуги:)
2) Доға бөлігі болып келетін шеңбердің центрін береміз, сонда келесі
сұраныс шығады:
Specify start point of arc: (Начальная точка дуги:)
3) Доғаның бірінші шеткі нүктесін береміз, тағы сұраныс шығады:
Specify end point of arc or [Angle/chord Length]:
(Вторая точка дуги или [Угол/Длина хорды]:)
4) Екінші шеткі нүкте беріп, доға тұрғызуын аяқтауға болады немесе
келесі параметрлердің біреуін таңдау керек: Angle (Угол) параметрі доғаны
оның центрлік бұрышы бойынша, ал chord Length (Длина хорды) параметрі
оның хордасы ұзындығы бойынша тұрғызады.
2.7 Эллипсті және эллипс доғасын тұрғызу
Эллипс тұйықталған қисық сызық болып келеді, оның параметрлері 2.15-
суретте көрсетілген.
Эллипсті тұрғызу үшін ELLIPSE (ЭЛЛИПС) командасын
Ellipse
(Эллипс) батырмасымен қосу керек.
Командалар жолында сұраныс шығады:
Specify axis endpoint of ellipse or [Arc/Center]:
(Конечная точка оси эллипса или [Дуга/Центр]:)
Эллипс кіші немесе үлкен
осінің шеткі нүктесін беріңіз
немесе
опциялар
біреуін
таңдаңыз: Arc (Дуга) – эллипс
доғасын тұрғызады; Center
(Центр)
– эллипсті оның
центрі бойынша тұрғызады.
Осы
опцияны
таңдағанда,
Specify center of ellipse: (Центр
эллипса:) сұранысына эллипс
центрін беру керек. Әрі қарай тұрғызу осьтің бірінші шеткі нүктесін
бергендей орындалады.
Specify other endpoint of axis: (Вторая конечная точка оси:) сұранысына
эллипс осінің екінші нүктесін беру керек. Содан кейін команда эллипс басқа
осінің ұзыңдығын сұрайды:
Specify distance to other axis or [Rotation]:
(Длина другой оси или [Поворот]:)
Екінші ось ұзындығын беріп, тұрғызуды басып аяқтау керек
немесе Rotation (Поворот) параметрін таңдап, эллипс кіші осін радиусы үлкен
оське тең шеңберді айналдыру арқылы жасауға болады. Rotation (Поворот)
таңдаған соң команда сұраныс жасайды:
Specify rotation around major axis:
(Поворот относительно главной оси:)
2.15 сурет
Эллипс кіші осі
Эллипс үлкен осі
Эллипс центрі
34
Шеңберді эллипс үлкен осіне қатысты айналдыру бұрышының мәнін 0
мен 89,4° аралығында беруге болады.
Эллипс доғасын тұрғызғанда алдымен эллипсті қалыптастырып, оның бір
бөлігін қалдырады. Эллипс доғасын жасау үшін
Ellipse (Эллипс)
батырмасының нұсқамасын басып, Elliptical Arc (Эллиптическая дуга) таңдау
керек. AutoCAD классикалық интерфейсінде менюден Draw→Ellipse→Arc
(Рисование→Эллипс→Дуга) таңдау керек немесе алдымен кез келген
тәсілмен ELLIPSE (ЭЛЛИПС) командасын қосып, оның Arc (Дуга) параметрін
таңдауға болады.
2.8 Сақинаны тұрғызу
Сақина – диаметрлері тең емес, центрлері түйістірілген екі шеңбермен
шектелетін пішін. Сақинаны жасайтын команданың екі атауы бар: DONUT
(КОЛЬЦО) және DOUGHNUT (КОЛЬЦО). Команданы орындау үшін атаулар
біреуін командалар жолына енгізуге болады немесе
батырмасын басу
керек. Келесі сұраныс шығады:
Specify inside diameter of donut <0.5000>:
(Внутренний диаметр кольца <0.5000>:)
Ішкі диаметрдің мәнін беру керек, сонда 0 берсе, іші толтырылған
шеңбер тұрғызылады. Егер тінтуір батырмасымен графикалық аймақ үстінен
шырт еткізсе, екінші нүкте беруге сұраныс шығады, оны берген соң екі нүкте
арақашықтығы ішкі диаметр ретінде қабылданады.
Содан кейін сыртқы диаметр беруге сұраныс шығады:
Specify outside diameter of donut <1.0000>:
(Внешний диаметр кольца <1.0000>: )
Тап осылай сыртқы диаметрді беруге болады.
Келесі сұранысқа Specify center of donut or : (Центр кольца или
<выход>:) сақина центрін беру керек.
Сызбада бірнеше сақина тұрғызуға болады, команданы аяқтау үшін
немесе пернесін басу керек.
Сақина
сыртқы
сипатын
FILLMODE
жүйелік
айнымалы
көмегімен
орнатуға
болады.
Үндеместіктен
оның
мәні
1,
сонда
сақиналар тұтас боялады
(2.16,а-суретті
қараңыз).
Егер мәні 0 болса, онда
сақина радиалды сызық-
тармен
толтырылады
(2.16,б-суретті қараңыз).
Сақина тұтас боялмау үшін FILL командасын орындау керек. Команда
2.16 сурет
б)
а)
FILLMODE=1
FILLMODE=0
Достарыңызбен бөлісу: |