Тлеуова Айнұр
Тақырыбы:
XIX ғасыр лингвистикасы. Салыстырмалы- тарихи тіл білімі.
Тіл тарихындағы үлкен бет бұрыс XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастады. ХҮІІІ ғ. соңғы жартысы мен XIX ғ. алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті. Осы кезеңдерде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбектер жарық көрді. Осының негізінде салыстырмалы- тарихи тіл білімі қалыптасты.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі - туыстас тілдерді зерттейтін, туыстық жақындықтарына қарай оларды түрлі семьяға, топқа жіктейтін, олардың тарихын, тараған аймақтарын айқындайтын ғылым.
Франц Бопп
1816 ж. санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесі
грек, латын, парыс, герман тілдіріндегі етсітіктердің жіктелу жүйесі
1833-49 жылдары «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.
Тіл білімі тарихында Франц Бопп салыстырмалы- тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады.
Салыстырмалы - тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі – дат ғалымы Расмус Раск (1787-1832ж.).
1817 ж. басылып шыққан «Көне исланд тілінің шығу тегін зерттеу» деген еңбегінде « Тілдердің сөздік жағын бір- біріне ұқсастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді. Тіл туыстығының белгісі – олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуында. Өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды»,- дейді.
Раск көптеген Европа тілдерін бір – бірімен салыстыра зерттейді.
Рамус Раск
Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың тағы бірі – неміс ғалымы Якоб Гримм (1785-1863ж.).
4 томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы» атты еңбегенің бірінші кітабы 1819 жылы басылды. Гримм өзінің еңбегенде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын салыстыра зерттеуге баса көңіл бөлді.
Гримм тілдік мәнбілерді тек хронологиялық жолмен салыстыруды қалыптастырды. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен тығыз байланысты екендігін баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді ол «сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы» деп түсіндірді. Бұл жаңалық ХІХ ғасыр лингвистерінің елеулі табысы еді.
Якоб Гримм
Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың аса көрнекті өкілі – неміс ғалымы Вильгельм Гумбольдт ( 1767- 1835 ж.).
Ол санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, т.б. көптеген тілдерді білген. Және соларды салыстыра зерттеген. Оның лингвистикалық ой- өрісі мейлінше аумақты еді.
Тілдің құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл ғылымының салаларын Гумбольдт зерттеген..
В. фон Гумбольдт
В. Фон Гумбольдтың концепциясы
В. Гумбольд: “Тіл білімінің өзіндік философиялық базасы – тіл философиясы. Адам тілді неғұрлым жақсы меңгерген болса, соғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді”, - дейді. Тілдің қоғамдық сипатын ұлттық табиғат, адамдардың жанында, санасында болатын идеялық нәрсе деп біледі. Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінгенмен, ол – жеке адамның табысы емес, халықтың табысы.
Профессор В.А.Звегинцев: « лингвистердің ішіндегі кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан Вильгельм Гумбольдпен пара - пар келетін басқа бір ғалымды атау қиын»,- деп жазды.
«тілге таңбалық сипат тән»
«ол жүйелі құбылыс»
«тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді»
«тіл үнемі дамуда болады»
Салыстырмалы- тарихи әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінң маманы, Санкт- Петербург академиясының академигі А.Х. Востоковтың (1781-7861ж.) еңбегі зор.
Ол 1820 жылы жариялаған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілдері мәнбірлерін бір - біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар ме өзгешеліктерді көрсетеді.
А.Х. Востоков
Салыстырмалы тіл білімінің кемшіліктері:
- Тілдің өткенін зерттеуге көңіл бөліп, қазіргі күйіне, оның құрылымдық, жүйелік сипатына жете мән берілмеді.
- Бұл әдіс тілдің лексикасы, семантикасы, синтаксисін зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады.
- Туыс тілдердің бір-біріне ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз қалды.
- Тілдік фактілерді салыстырғанда сол тілдердің иесі болып табылатын қауым тарихына аса мән берілмеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: - Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
- Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.
- Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
Достарыңызбен бөлісу: |