54
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Қысқаша жобаның қызметі туралы.
«Ерте араласу» жобасы даму патологиясы бар, даму іркілістері бар және тәуекел тобына кіретін
туылғаннан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға бағытталған. Жоба 3 жасқа дейінгі балаларды
қажетті әлеуметтік дағдыларға қалыптастырып, сәбилерді әлеуметтендіріп және оларды мек-
тепке дейінгі инклюзия тобына – кәдімгі балалар ортасына қосады, жоба отбасының өмір
сапасын жақсартуға және баланың лайықты дамуына сенімділік береді.
«Мектепке дейінгі инклюзия» жобасы. Мектепке дейінгі инклюзия тобына келесі диагноздары
бар балалар кіреді:
1) гипертензиондық – гидроцефальдық синдром;
2) миотоникалық синдром;
3) қозғалу ауытқулары (Балалардың церебральдық параличі - ДЦП);
4) хромосомдық патология (Даун синдромы);
5) аутистикалық спектрінің бұзылуы.
Ерекше білім қажеттілігіне ие балалар тәртібі қалыпты, ересектердің нұсқаулықтарын орын-
дайды, кәдімгі балалармен ойындарға араласады. Білім беру процесі жеке жұмыс жоспары
негізінде жүзеге асырылады, жоспарды баланың мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып,
команданың барлық мамандары жұмылып дайындайды. Оқу кестесіне (балаларды мектепке
дейін дайындайтын міндетті академиялық білім беру бағдарламаларынан бөлек) балалардың
творчествалық потенциалын дамыту үшін музыка, би, ритмика, сурет салу, аппликация
сабақтары кіреді. Мамандармен балаларға жекеше көп көңіл бөлінеді: логопед, психолог, пси-
хомоторика бойынша маман, массажшы, арт-терапия және т.б.
Біздің әріптестеріміз
55
Топтар керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген, сыныптар аймақтарға бөлінген (оқу
аймағы, ойын, демалыс аймағы, тамақ ішу аймағы).
Ерекше назар балалардың сенсорлық интеграциясына бөлінеді, ол мақсатта Орталықтың
дәліздерінде, керек болса сыныптарда сенсорлық панельдер орнатылады. Дидактикалық
құралдардың, ойын материалдарының жақсы коллекциясы жиналған.
Топтар керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген, сыныптар аймақтарға бөлінген (оқу
аймағы, ойын, демалыс аймағы, тамақ ішу аймағы).
Ерекше назар балалардың сенсорлық интеграциясына бөлінеді, ол мақсатта Орталықтың
дәліздерінде, керек болса сыныптарда сенсорлық панельдер орнатылады. Дидактикалық
құралдардың, ойын материалдарының жақсы коллекциясы жиналған.
«Мектепке дейінгі инклюзия» жобасын іске қосу, ішіне балаларды өмірдің қиын жағдайынан
оның ерте даму кезеңінде алып шығатын, мамандардың жетекшілік етуімен отбасыларға
балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін көмектесетін, қорытындысында балалардың
өздерінің қатарластарынан физикалық, сенсорлық және әлеуметтік жағынан қалып қалмай
дамуына ықпал жасайтын жұмыстары кіретін Орталықтың «Ерте жастан араласу» жобасының
жүзеге асырылуы арқасында мүмкін болды. «Ерте жастан араласу» жобасы паталогиясы бар
3 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтендіруге мүмкіндік береді. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде
түзету енгізілген балалар, кәдімгі балалардың адамгершілік құндылықтар қалыптасуының
ресурсына айналады. Басқаша айтқанда, тек ерекше білім қажеттілігіне ие балалар ғана
кәдімгі балалар ортасына кіруге мұқтаж емес, сонымен бірге, кәдімгі балалар да өз ортасында
қамқорлық көрсететін балалар болғанына мұқтаж келеі.
56
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
15 жылдан астам уақыт «Ересектерге арналған қамсыздандыру орталығы» жобасы жүзеге
асырылып келеді, ол менталдық және психикалық ауытқулары бар 18 жас және одан
жоғары жастағы тұлғаларға бағытталған. Бұл жоба өте маңызды, өйткені, алғашында күндізгі
режим жағдайында арнайы әлеуметтік қызметті алған балалар кәмелетке толғаннан кейін
медициналық-әлеуметтік мекемелерде немесе өз пәтерлерінің төрт қабырғасында қалып
қойып жүрген. Осыған байланысты күндізгі бөлімде арнайы режим дайындалынды, ол жерде
әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік дағдыларды әртүрлі бағыттар бойынша қалыптастырады.
Біздің аймақта жасы 18-ден асқан психоневрологиялық патологиясы бар тұлғалар күндізгі
бөлім жағдайында сапалы деңгейде кешенді арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға мүлдем
тартылмаған. Психоневрологиялық патологиялары (ақыл-есі, психо-сөйлеуі, психикалық
ауытқулары және аралас сипаттағы күрделі құрылым дефектілері) бар 18 жас және одан
жоғары жастағы тұлғаларға тұрмыстық және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, дербес
өмір сүруге дайындалу үшін, әлеуметтену, отбасында тұру және өмір сапасын жақсарту үшін
керекті жағдайлар жасау керек. Біз 18 және одан жоғары жастағы психоневрологиялық пато-
логиясы бар тұлғалардың өмір сүруі және қоршаған ортасы үшін ерекше режим дайындадық,
сонымен бірге әртүрлі дағдыларды жаңа деңгейде қалыптастыруды қарастырдық және
оларды әртүрлі қызмет түрлеріне тарттық.
Осы категориядағы тұлғалармен жұмыс істеген кезде, арнайы ұйымдастырусыз және кәсіби
әдістемелік жұмыссыз бұл тұлғалар өз отбастарына ғана емес, сонымен қоса бүкіл қоғамға
да қажетсіз балласт болып жүретінін ескеру керек.
Біздің әріптестеріміз
57
Орталық күндізгі бөлімге ерекше қажеттілікке ие балаларға ұзақ мерзімді, жыл бойынғы
оңалтатын жаңа жұмыс режимін енгізді. Бұл әдістеме ерекше қажеттілігі бар балаларға өз
отбасыларында тұруға мүмкіндік берді, ал отбасыларына өздерінің ойдағыдай еңбек қызметін
жалғастыруына мүмкіндік берді. «Кеңес» Орталығының үлгісінде біздің республикамыздың
әртүрлі аймақтарынан күндізгі бөлімдер ашыла бастады, олар психоневрологиялық пато-
логиясы бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің (ақыл-есі едәуір
қалып қойған балаларға арналған интернат-үйі) базасында ашылды, ал күндізгі бөлімнің
ең алғашқысы Орталықтың ұсынысымен 2006 жылы Астана қаласындағы мемлекеттік
психоневрологиялық интернаттың базасында ашылды. Авторлық үлгі мемлекетпен танылды
және 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының
аясында психоневрологиялық патологиялары бар балалар мен ересектерге, мүгедектерге
және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға бағытталған, бекітілген арнайы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартының негізіне алынды. Стандартты енгізу қызметті көрсету жүйесін,
кешенді сипаттағы қызметтерді, арнайы әлеуметтік қызметтерге мониторинг жүргізу және
қажеттілікті бағалау мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Мемлекет арнайы әлеуметтік қызметтерді үкіметтік емес ұйымдардан сатып ала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |