Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет18/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

Біздің әріптестеріміз 

 

47



тына айналып барады, яғни бала кәдімгі бала бақша, мектеп, емханаға барып,  интернатқа 

тек қана ұйықтар кезде ғана келеді. Бізде барлық балабақшалар, мектепке дейінгі мекеме-

лер, мектептер ерекше қажеттілікке ие балаларды қабылдайды. Мысалға, Даун синдромымен 

ауыратын баланы кәдімгі балабақша немесе мектепте кездестіру – абсолютті қалыптасқан 

құбылыс.

Егер  де  менталды  ауытқулары  бар  адамдар  туралы  айтар  болсақ,  біздің  ұзақ  мерзімді 

міндетіміз ешқандай адам интернат қабырғасына түспеуі қажет.  Бұл үшін біздер реформалар 

өткіземіз, қосымша жаңа қызмет түрлерін енгіземіз. Мысалы, біздер кәсіпқой қамқоршылар 

жүйесін  енгіземіз:  қамқоршыларды  оқытып  үйретеміз,  ал  мемлекет  болса  жұмсалған 

шығынды  өтейді.  Жақын  арада  ақыл-есі  кем  адамдарға  арналған  альтернативті  қызмет 

түрлерінің пилоттық курстары пайда болады. Біздер денсаулығының менталды ауытқулары 

бар адамдарға арналған, қорғалынған баспаналар туралы сөз қозғай бастадық. Бізде үйлердің 

кішігірім  топтары  –  ассистенттері  бар  пәтерлер  жүйесі  жұмыс  істейді.  Бұлардың  барлығы 

үлкен өзгерістерге бағыт алған кішкене қадамдар болып табылады.



 

► А.Қ.: 



Дана, деинституализация саласындағы Литваның негізгі 

жетістіктері туралы көбірек білгіміз келеді?

Д.М.:

  Менің  маман  ретінде  қалыптасуым  біздің  еліміздің  қалыптасуымен  тұспа-тұс  келді. 

Мен Литва үкіметі жанындағы сырқаты бар (бізде еш уақытта «мүгедектігі бар» деген сөз 

айтылмай,  орнына  «сырқаты  бар» деген  сөз  қолданылады)    адамдар  ісі  бойынша  кеңеске 

сайландым,  еуропалық  ұйымдар  кеңесіне  сайландым,  халықаралық  ұйымның  аймақтық 

кеңсесіне  жетекшілік  еттім.  Сондықтан да,  менде  жас  мемлекетке  сырқаты  бар  адамдарға 

деген  демократиялық  және  адамгершілік  әдістемені  құруға  және  енгізуге  көмек  беретін 

айрықша мүмкіндік бар.  

1991 жылдан Литвада «ерекше» балаларды қабылдамайтын мектеп қалмады. Біз білім беру 

заңының 12 бабын дайындадық, ол жерде: «Әр бала ауытқу тегі мен дәрежесіне қарамастан 

тұрғылықты  жері  бойынша  мектепке  дейінгі,  мектептегі,  кәсіби  білімді  алуға  құқылы»- 

делінген. Әрине, бастапқыда мектептер де, сау балалардың ата-аналары да наразы болды, 

бірақ та оның себебін білмеушіліктен, қорқыныштан туындады. Өйткені олар ондай балалар-

мен қалай жұмыс істеу керектігін бұрын-соңды білмеді. 

1992 жылы алғашқы ерекше қажеттілікке ие мектепке бармаған және ешқандай білімі жоқ 

ересектерге арналған шағын кешенді алғашқы үй пайда болды. 1992 жылы біздер балалар 

құқығы туралы Ковенцияны бекіттік, әлеуметтік қызметтер туралы заңды дайындадық және 

де осы күнге дейін толығып келе жатқан әлеуметтік қызметтер каталогын дайындай бастадық. 

2000 жылы Евроодаққа кіру үшін Литва өз заңнамаларының бірқатарына өзгерістер енгізді, 

оның ішінде, 1998 жылы қабылданған «Арнайы білім беру туралы» заңы «Жалпы білім беру 

туралы» заңының ішіне енгізілді.

Сонымен қатар, біздің ұйым мемлекетімізге психикалық сырқаты бар науқастарға арналған 

жабық  мекемеде  бір  адамды  күту  шығынын  есептеп,  көмектесуге  шешім  қабылдады.  Біз 

барлық  халықаралық  ережелерге  сәйкес  сауалнамалар  дайындадық.  Интервьюлерді  пер-

соналдардан, сонымен бірге сол мекемелердің тұрғындарынан да алдық. Мен ересектерге 

арналған  барлық  26  медициналық-әлеуметтік  мекемелерді  аралап  шығып,  ол  жерлерде 




48 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



олардың жағдайларын жақсарту бойынша ешқандай  жұмыс жүргізілмей жатқанын түсіндім. 

Есеп беру мәліметтері үкіметке ұсынылды және оның нәтижесі оларға үлкен әсер туғызды. 

2010 жылы Литва БҰҰ-ның  мүгедектердің құқықтарын қорғайтын Конвенциясын бекітті. Бұл 

өте үлкен жеңіс болды.



 

► А.Қ.: 



Сіз өз сөзіңізде жабық түрдегі мекемелерде пациентердің 

жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілмейтіні туралы 

айттыңыз. Осыған байланысты сізге қояр сұрақ – сіздің ойыңызша

ақыл-есінің ауытқуымен туылған адамның «күнделікті» өмірі қандай 

болуы керек?

Д.М.:

  Ақыл-есінің  ауытқуымен  туылған  адамның  өмірі  кез  келген  адамның  өмірі  сияқты 

болуы керек. Ол таңертең оянып, жуынып-шайынып, шайын ішіп, сосын өз шаруаларына баруы 

керек. Оның даму деңгейіның қандай дәрежеде екеніне мән бермеу қажет. Достары болуы 

керек, жұмыс істеп, кешкісін үйге келіп, содан кейін сауық құруға шыға алуы керек. Жалғыз 

ғана айырмасы – кей кезде ондай адамға ассистент керек болады. Ассистенттер – бұлар мен-

талды ауытқулары бар адамдарға қосымша қолдау көрсету үшін арнайы дайындалған адам-

дар. Біздер барынша ассистенттер қызметін ертерек көрсете бастасақ, соғұрлым бұл адам-

дарда проблемалар азаяды және олар қоғамдық өмірге ертерек араласа алады.

 

► А.Қ.: 



Дана сіз Қазақстанға жиі келесіз. Сіз осы бағыттағы біздегі елеулі 

өзгерістерді байқайсыз ба?

Д.М.:

 Дұрыс айтасыз, бұл менің Қазақстанға алғаш келуім емес, сондықтан да белгілі бір 

өзгерістер  байқалады.  Сіздерде  қазіргі  уақытта  ата-аналар  жағынан  көптеген  ұсыныстар 

түседі,  инклюзивті  класстар  ашылып  жатыр,  коалициялар  құрылып,  ұйымдар  бір-бірімен 

қарым-қатынас жасауда. Бұл деген өте керемет нәрсе.

Менің  алдыңғы    келуімде,  Атырауда  ерекше  қажеттілікке  ие  балалар  мен  ересектерге 

арналған интернат ашылғаны есімде. Айдалада, қаладан тыс жерде, үлкен ғимарат,  әрине 

кондиционерсіз  .....  Бұл  не  үшін  қажет?  Мен  қала  тұрғындарының  қуанышын  түсінген 

жоқпын. Түсінесіздер  ме,  ескі  жүйеге  инвестиция  құюдың  қажеті  жоқ.  Сіз  есікпен  терезені 

ауыстыра аласыз, қабырғаларды сырлай аласыз, бірақ та одан жұмысқа деген көзқарас пен 

пациенттерді күту жағдайы өзгермейді. Терең әрі жүйелі ойлану қажет. Бұл мәселеде қоғамның 

ролі маңызды болады. Ата-аналармен, мамандармен барынша тығыз қарым-қатынас жасалуы 

керек. Заңдарды қолданудан қорықпау керек, әртүрлі заңбұзушылық бойынша сотқа жүгіну 

қажет. Сізді (ата-ананы) бүкіл дүниежүзі аяп, жәрдемдеседі деп ойламау керек. Біз өзімізге 

өзіміз қамқор бола алатынымызды көрсетуіміз керек.

Менің өзімде де ерекше қажеттілікке ие ұлым бар. Оған тәулігіне 24 сағат қолдау қажет. Бүгін 

мен осы жердемін, ертең басқа елде боламын. Мен оны жай ғана үйге қалдырып кете аламын, 

өйткені Литвадағы өмір және абсолюттік сырқаты бар адамдарға көрсетілетін жәрдем мүлдем 

басқа  деңгейде.  Ол  отбасы  орталығының  жеке  дәрігерінің  қарауында  болады,  оның  жеке 

ассистентті бар, сол себепті мен оны ешқандай уайымсыз үйге жалғыз тастап жүре беремін. Ал 

сіздің ата-аналар осылай істей алады ма? Менің ойымша бұл сұрақ көп нәрсені айқындайтын 

сияқты.



жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау