« Сейфуллин оқулары–12:Ғылым жолындағы жастар - болашақтың инновациялық
әлеуеті" атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары =
Материалы Республиканской научно-теоретической конференции «Сейфуллинские
чтения–12: Молодежь в науке-инновационный потенциал будущего». – 2016. – Т.І, ч.1. –
Б. 366-369
АҚЖАЙЫҚ ЕТТІ-ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ЖҮН ӨНІМДІЛІГІ
Дюсенбиева С.
Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы
салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала болып
табылады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады, содан
кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері алады.
Қой тұқымдары өндірістік жіктеу бойынша етті-майлы, елтірілі, жүнді-етті
және етті-жүнді өнімділік бағыттарына, ал жүн жамылғысына байланысты биязы,
биязылау, ұяң және қылшық жүнді бағыттарға бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой
шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал
биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған [1].
Ақжайық етті-жүнді қой тұқымы жаңа қой тұқымы атымен 1991 жылы
бекітілген. Оның авторлары болып К.У. Медеубеков, В.В. Терентьев бастаған бір
топ ғалымдар мен селекционерлер табылады. Биязылау қой тұқымын шығару
жұмысы Батыс Қазақстан облысында 1943 жылы цигай қошқарлары мен жергілікті
қойларды будандастырудан басталған. Бірақ сылбыр жүргізіліп, кейінірек
нашарлап, тоқтап қалған. Қайтадан 1967 жылы қолға алынған. Қазақ қой
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты арнайы тапсырма алып, жаңа
жоспармен бұрынғы жұмыстарды жалғастырған. Жергілікті будан қойларды
биязылау кроссбред жүн беретін етті-жүнді қойға айналдыру үшін 1968-1971
жылдары қой шаруашылығы институтының Мыңбаев тәжірибе шаруашылығынан
136 линкольн, ромни-марш жартылай қанды қошқарларын алып барып
будандастыру, іріктеу, сұрыптау, өзара өсіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде
жоғары өнімді кроссбред жүнін беретін, жақсы еттілік қасиеті бар етті-жүнді
бағыттағы қой тұқымы өсіріліп шығарылды. Олардың қошқарлары 95-100кг,
саулықтар 57-60кг салмақ тартады. Қошқарлары 7,5-8,2кг, саулықтары 4,0-4,5кг
жүн береді, ал таза талшық шығымдылығы 57-61, жүнінің ұзындығы 12-13см
құрайды. Қойлардың дене бітімі мықты, сүйектері жақсы, еттік формалары жақсы
айқындалған. Енесінен айырылған қозыларынан 14-15кг таза ет алуға болады. 7-8
айлық еркек тоқтыларының тірідей салмағы 40-45 кг, ұшасының салмағы 18-20кг,
сойыс шығымы 47-50 % құрайды. Әр 100 саулықтан 120-130-дан қозы алынады.
Өндірілетін кроссбред және кроссбред тектес жүннің 60%-дан астамы өзінің
шиырымдылығымен және өз қалпына қайта келу қасиеттерімен ерекшеленеді.
Мұндай жүннен тоқылатын маталар өте құнды. Ақжайық қойын жетілдіру,
асылдандыру жұмыстары аталық із бойынша және Австралия корриделімен
будандастыру арқылы іске асырылған. Ақжайық қойы Батыс Қазақстан
облысының Тасқала және Казталов аудандарындағы
шаруашылықтарда
өсіріледі [2, 3].
Қазіргі ақжайық етті-жүнді қойлар ірілігімен, тұлғасының дұрыс дамуымен
және жоғары етті, жүнді өнімділігімен сипатталады.
Қошқар-қойлардың тірі салмағы 94-120кг, жуылған жүннің салмағы 4,1-
5,4кг,
жүннің ұзындығы 13-18см, жүннің жіңішкелігі 50-48 сапалы,
ұрғашыларыныкі, сәйкесінше 55-60кг, 2,5-2,8кг, 12-15см; 58-50 сапалы.
Қазіргі қойларға жүнің жоғары салмағынан, еттіліктен, бейімділіктен, тез
көбейетін қасиетінен басқа азық өнімін ақтау талаптары да қойылады.
Кроссбредтік жүннен басқа, осы бағыттағы етті-жүнді қойлардан жоғары дәмдік
және диеталық сапалары бар жас қозы еттерін өндіруге талап қойылған.
Демек, бұл қойлардан алынатын өнім-жас қой еті және кроссбредтік жүн,
сонымен қатар өнімі нарықтық жоғары сұранысқа ие болып, мал шаруашылығы
өнімдерінің басқа түрлерімен бәсекелестікке түсе алады [4].
Қазіргі кезде шаруашылықта өсірілетін ақжайық етті-жүнді қойларының
өнімділік көрсеткіштері төменгідей (1-кесте).
1 кесте – Ақжайық етті-жүнді қой тұқымының өнімділік көрсеткіштері
Жас-
жыныстық
топтар
Класс Тірі
салмақ,
кг
Қырқылған жүн, кг
Жүннің
ұзындығы,
см
Жуылмаған,
кг
Шығымы,
%
Жуылған,
кг
Қошқарлар
n=10
Эл
112±0,83 8,1±0,07
61,7
5,0
14,5±0,22
Саулықтар
n=50
Эл
60,5±0,12 4,8±0,02
58,3
2,8
12,7±0,05
І
55,8±0,09 4,3±0,01
58,1
2,5
11,5±0,03
Ұрғашы
тоқты
n=50
Эл
40,9±0,14 4,1±0,02
61,0
2,5
14,3±0,06
І
37,5±0,12 3,7±0,12
59,4
2,2
13,5±0,04
1-кестеден көріп отырғанымыздай, зауыттық етті-жүнді бағыттағы барлық
жыныстық-жастық топтағы қойлар елеулі түрде стандарт талаптарынан артық: тірі
салмағы 1,9-18 кг, немесе 4,8-20,0%; жүні 13,1-24%; жуылған жүні 13,6-33,3% және
ұзындығы 4,5-18,4%-ға артық.
Қой қырқу маңызды, әрі күрделі науқандық жұмыстардың бірі. Бір жылғы
еңбектің қорытындысын шығаратын жауапты кезең. Сондықтан өсірілген жүнді
ысырап етпей, сапалы күйінде қырқып алып,өңдеп, сорттап әзірлеу мал
мамандарының басты міндеті. Сондықтан, қой қырқу науқанына алдын ала дұрыс
әзірліктер жасап дұрыс ұйымдастыра білу керек [5].
Ғылыми-ізденіс жұмыстары аталық іздер бойынша шаруашылықта өсірілетін
ақжайық етті-жүнді қойларының жүн өнімділігі мен қасиеттеріне байланысты
талдау жүргізілді. Атап айтқанда жүн жамылғысы бойынша ірі, ұзын және тығыз
жүнді аталық іздер талданды. Нәтижесі 2-кестеде келттірілді.
2 кесте – Ақжайық етті-жүнді қойларының жүн жамылғысына байланысты жүн
өнімділігі, кг
Жас-
жыныстық
топтар
Топтар
Ірі жүнді
Ұзын жүнді
Тығыз жүнді
Жуылмаға
н
Жуылға
н
Жуылмаға
н
Жуылға
н
Жуылмаға
н
Жуылға
н
Қошқарларn=
10
8,71±0,03
5,47±0,0
4
8,47±0,03
5,39±0,0
3
8,54±0,03
5,32±0,0
3
Саулықтарn=
50
4,69±0,03
2,95±0,0
3
4,64±0,03
2,93±0,0
3
4,64±0,04
2,86±0,0
4
Бір жылдық
ұрғашы тоқты
n=50
3,41±0,05
1,97±0,0
9
3,23±0,04
1,87±0,1
1
3,37±0,05
1,88±0,0
7
2-кестеде көрсетілгендей шаруашылықтағы өсіріліп жатқан үш топ аталық
іздерінің арнайы жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес жүн өнімділіктері
көрсетілген. Бірінші аталық ізінің ірі малдардың ересек қошқарлары жүн қырқымы
8,71кг (5,47 жуылған), екінші 8,47кг (5,39кг) және үшінші 8,54кг (5,32кг),
(Р>0,999). Бірінші аталық ізінің ірі малдарының саулықтарының жүн қырқымы
4,69кг (2,95кг жуылған), екінші 4,64кг (2,93кг) және үшінші 4,64кг (2,86кг) құрады.
Біржылдық ұрғашы тоқтылардың көрсеткіші аналық саулықтарына ұқсас болады.
Жүн ұзындығы – жүн өнімділігін анықтайтын негізгі қасиеттерінің бірі.
Тәжірибелік жағынан алғанда жүннің ұзындығының үлкен маңызы бар, себебі
соған байланысты жүнді пайдалану мақсаты анықталады. Мысалы ұзындығы 3-4
см жүн фетр жасауға және киіз тәріздес бұйымдар басып шығару үшін
пайдаланылса, ұзындығы 4-6 см жүн мауыт тоқу үшін пайдаланылады [6]. Аталық
іздер бойынша ақжайық етті-жүнді қойларының жүн ұзындығы 3-кестеде
көрсетілген.
3 кесте – Ақжайық етті-жүнді қойларының жүн ұзындығы, см
Мал топтары
Топтар
Ірі жүнді
Ұзын жүнді
Тығыз жүнді
Қошқарлар
n=10
14,0±0,08
16,7±0,09
13,5±0,10
Саулықтар n=50 12,4±0,03
14,5±0,17
12,0±0,18
Бір жылдық
ұрғашы
тоқтылар n=50
12,7±0,04
14,2±0,07
12,1±0,08
Аталық ізіне байланысты ересек қошқарларының жүн ұзындығы 14,0см;
16,7см және үшінші - 13,5см құрады. Жүн ұзындығы бойынша ұзын жүнді аталық
ізі қошқарларының басымдылығы байқалды. Сонымен қатар, ұзын жүнді аталық із
саулықтары мен ұрғашы тоқтылардың да жүні басқа екі аталық ізінің
қатарластарынан ұзынырақ болды. Яғни, саулықтардың жүн ұзындығы 2,1-2,5см
немесе 16,9-20,8%, ал ұрғашы тоқтылардың жүн ұзындығы 1,5-2,1см немесе 11,8-
17,3% ұзынырақ болды.
Барлық біркелкі жүн жіңішкелігі жағынан сапаға бөлінеді де мынадай
цифрлармен белгіленеді: 80, 70, 64, 60, 58, 56, 48, 46, 44, 40, 36; әрбір сапаға
микронмен өлшенген белгілі бір жіңішкелік сәйкес келеді. Сапа жүннің биязылығы
мен иірілгіштік қасиетінің арасындағы байланысын көрсетеді. Жүн неғұрлым
биязы болса, оның сапасын көрсететін шартты цифр соғұрлым көп болады және
оның иірілу қасиеті жоғары келеді.
Зертханалық мәліметтерге сүйенсек, жүн жіңішкелігі ұзын жүнді аталық
ізіндегі саулықтарында көптеп байқалды – 30,01 мкм (50 сапа), себебі жүннің
ұзындығы өскен сайын әдетте жүн талшығының диамерті өседі, ең төменгі
көрсеткіш – 26,63 мкм (58 сапа) салыстырмалы ұзын емес және жіңішке жүнімен
сипатталатын тығыз жүнді саулықтарда байқалды.
Қорытындылай келе жалпы, ақжайық етті-жүнді бағыттағы қой тұқымы
қошқарларының, саулықтарының және ұрғашы тоқтыларының қырқылған жүн
өнімділігі, сәйкесінше -8,1; 4,8-4,3; 4,1-3,7 кг арасында болды. Ал, аталық іздері
бойынша, қошқар, саулық, ұрғашы тоқтылардың жүн өнімділігі, сәйкесінше 8,71;
4,69-3,41 (ірі жүнді) кг; 8,47; 4,64-3,23 (ұзын жүнді) кг және 8,54; 4,64-3,37 (тығыз
жүнді) кг мөлшерінде болды. Демек, жүн өнімділігі бойынша шаруашылықта
өсірілетін ақжайық етті-жүнді қой тұқымы ұнамды типке жататын қойлардың
талаптарына сәйкес өнімділік көрсеткіштерін берді.
Әдебиеттер тізімі
1. Сабденов Қ.С., Қой шаруашылығы/ Құлатаев Б.Т. –Алматы, -2011. 35-36 б.
2. Траисов Б.Б. Методы создания кроссбредного овцеводства в Западно-
Казахстанской области: Автореф. докт.дисс., -2006.
3. Есенгалиев К.Г. Улучшение шерстных качеств помесных овец/ Есенгалиев
К.Г.: Овцы, козы, шерстяное дело. -2011. - №1. -51-52с.
4. Траисов Б.Б. Методы создания кроссбредного овцеводства в Западно-
Казахстанской области: Автореф. докт.дисс., -2006.
5. Wuliji T., Dodds K.G., Andrews R.N. et al. Breeding for a sheep with bulky
wool by crossbreeding Texel sires with fleece-weight-selected Romney ewes // New
Zealand Journal of Agricultural Research. – 1995. – Vol. 38. – P. 399-406.
6. Sawalha R.M., Conington J., Brotherstone S., Villanueva B. Analyses of lamb
survival of Scottish Blackface sheep // Anim. – 2007. – Vol. 1. – P. 151-157.
Ғылыми жетекші, а.ш.ғ.д., профессор С.Қ. Шәуенов
Достарыңызбен бөлісу: |