Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет15/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

40 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



Өздеріңіз көргендей, аурулармен тек дәрігерлер жұмыс істей алады: психиатрлар мен психо-

терапевтер (салыстыру үшін: егер теледидар өртеніп кетсе, онда сіз теледидар кабелін орна-

тушыны емес, жөндеуші мастер шақырасыз).

Психотерапевт-дәрігерге  қаралу  қажет  болатын  ауыр  психологиялық 

проблемалары  бар  кейбір  белгілерді  келтіреміз,  әрине  олар  екі  аптадан  аса 

жалғасып  жатса: 

ұйқысыздық,  үрейлер,  мазасыздық,  қорқыныш,  көңіл-күйдің 

төмендеуі, әлсіздік және тез шаршағыштық, «өмір өз нышанын жоғалтты», өзіне 

өзі  сенбеу,  тәбеттің  төмендеуі  әрі  салмақ  жоғалту,  «стрессті  мүжу»  қажеттілігі, 

бұлшықеттік  және  «ішкі  кернеулік»,  өзіне  сенбеу  және  «өзін  кінәлау  ойлары», 

«ауа  жетіспеушілік»  сезімі,  кесірлік  үрейлер,  күмән,  ойлар,  фобиялар. 

Осындай 

белгілер бар болса психотерапевт-дәрігерге қаралуға қатаң ұсыныс береміз әрі 

психологиялық проблемаларды уақытында шешуіңіз қажет. 



Біздің әріптестеріміз 

 

41



Біздің әріптестеріміз

Дана Мигалёва 

«Менің ұлым - өмірдегі басты 

ұстазым» 

Дана Мигалёва - Қазақстанда бұрыннан әрі жақсы 

танымал  адам.  Ол  Литвада  психоәлеуметтік 

мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  құқықтары  мен 

мүдделерін қорғаудың жаңа жүйесінің бастамасын 

жасаған адамдардың бірі және 10 жылдан аса өзінің ұтымды тәжірибесімен Қазақстандағы 

пікірлес жақындарымен, әріптестерімен бөлісіп келеді.

Литва  Республикасы  -  салыстырмалы  түрде  тарихи  аз  уақыт  кезеңінде  өткеннен  қалған 

авторитарлық мұраны қалай жеңе алудың мысалы. Бұл, бірінші кезекте, психикалық саулығына 

байланысты  қызметтерді  ұйымдастыру  және  психоәлеуметтік  мүгедектігі  бар  адамдарға 

қатысты көзқарас. 

БҰҰ-ның денсаулық құқығы бойынша арнайы баяндамашысы өз өмірін «жазалаушы» психи-

атриямен күреске арнаған және психикалық және менталдық бұзылыстары бар адамдарға 

қатысты қиялдар мен стереотиптерді жеңуге бағыттаған литвалық дәрігер-психиатр Дайнюс 

Пурас екені кездейсоқ емес.

Оның бастамасы бойынша, тоқсаныншы жылдардың өзінде мүгедек балалардың ата-аналары 

бірігіп, өз проблемаларын бірге шеше бастады. Осы ата-аналардың арасында Дана Мигалёва 

да болды, оның Паулюс деген ұлы дамудың туа біткен көптеген бұзылыстарымен туған. 



Дананың әңгімесі: Дайнюс Пурас ата-аналардың бір жиналысында мынадай сұрақ қойды: 

Сіз, өз балаларының өмірін заңдастыруға, балаларыңыздың мектепке, орталықтарға барғанын 

қалайсыз  ба?  Ендеше,  сіздер  профессионалдарды  жұмылдырып  және  осы  құрылымды 

құрастырып өздеріңіз әрекет етулеріңіз керек. Содан кейін сіз өзіңізді, кәсіпқойларды тартуға 

және осы құрылымды жасай білуге тиіссіз!... 

Біз  аз  болдық,  бар  болғаны  9  ата-анамыз  және  тек  профессионалды  кеңестер  беріп  қана 

қоймай бізге рух берген, біздің басты кеңесшіміз Д.Пурас болды, сол кісінің арқасында біз өз 

күшімізге, ісіміздің байсалды мақсатымызбен балаларымыздың өмірін шынымен де жақсарта 

алатынымызға сендік». 

Литваға шынымен де мақтануға болады – елде психикалық сырқаттары сақталған науқастарға 

арналған  интернаттар  жүйесі  біртіндеп  жабылуда,  арнайы  медициналық-әлеуметтік 

мекемелердің  саны  азаюда,  бізге  үйреншікті  болып  қалған  қамқоршы  институттар  қазір 

мүлдем жоқ десе де болады.



42 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



Бүгінгі таңда Литвадағы барлық бала бақшалардың, мектептердің есіктері «ерекше» балаларға 

ашық.


Ерте  жастан  тиімді  оңалту  жүйесін  енгізудің  арқасында  республикада  арнайы  жабық 

медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметіне мұқтаж мектеп жасына дейінгі балалардың 

саны  азайды.  Мүгедектігі  немесе  дамуында  ерекшеліктері  бар  балалар  бейімделген  және 

кәдімгі бала бақша мен мектепке дейінгі дайындық орталықтарына қатысады.  

Жасөспірімдерге  арналған  медициналық-әлеуметтік  мекемелер  жұмыстың  жаңа  тәртібіне 

көшті  –  балалар  тек  қана  түнеуге  келеді,  ал  күні  бойы  кәдімгі  мектепте,  секцияларда, 

үйірмелерде болады.

Мүгедектігі  ауыр  адамдар  үшін  ассистенттер  институты  енгізілген,  олар  өз  өмірлерін 

ұйымдастыруға және өмірлерін жоспарлауға көмектеседі.

  Мұндай  жүйелік  өзгерістер  өздігінен  өзі  бола  қойған  жоқ.  Ата-аналардың,  құқық 

қорғаушылардың, әлеуметтік жұмысшылардың азаматтық инициативалары жетекші психиатр-

дәрігерлер,  заңгерлер  тарапынан  қолдау  тауып,  ауқымды  саяси  күштердің  назарына  ілікті 

және бара бара нақты нәтижелер беруге ұласты.

Қазір Дана Мигалёва – мүгедектігі бар адамдардың құқығы мен мүддесін қорғау мәселелері, 

үкіметтік  емес  ұйымдардың  дамуы  мен  қызмет  етуі  бойынша  сарапшы  (эксперт),  интел-

лект  бұзылысы  бар  адамдарға  қамқоршы  болу  бойынша литвалық  «ВИЛЬТИС»  қоғамының 

жетекшісі.

Дана, өзінің әңгімелерінде, тренингтерде, баяндамаларында әрдайым қол жеткізген өзгерістер 

жайлы айтады – ол өзгерістер көптеген адамдардың күш салуымен болған нәтиже, бірақ бұл 

өзгерістердің негізгі қозғаушы күші мүгедек балалардың ата-аналары.

Дананың  ұлы  Паулюс  қазір  37  жаста.  Біз  олармен  өткен  жылдарда  өмірлерінде  қандай 

жағдайлар болғаны жайлы әңгімелестік. «Ерекше» баланың туылуы жас әйелдің өмірін қалай 

өзгертті, ең қиын кезеңдерде өмір сүруге күш қайдан келді.

Қалай басталды.

Баламыздың «басқа» болып туылуы мүмкін екенін біз күткенбіз. Себебі, мен жүкті кезімде 

ауыр жұқпалы аурумен контактіде болдым, менде түсік қаупі болды және дәрігерлер босан-

бай тұрып ұрықтан құтылу керек деді. Бірақ мен жас, күшті, мінезді  болдым, екінші баламның 

болғанын қаладым. Сәби дүниеге келгенде, оның жүрегінде, көзінде ауыр ақау бар екенін 

білдім. Әрине, бұл өте үлкен соққы болды. Менен: баланы алып кетесіз бе деп сұрағанда, мен 

олардың не айтып тұрғандарын түсінбейтінмін. Менің отбасым, туыстарым мені толығымен 

қолдады, бұл баланы аяққа қоюға, барлық мүмкіндіктерді пайдалану үшін біз барлығымыз 

біріктік.

Паулюс деген есім бердік, менің ағайымның аты, ол өте тамаша, көзі ашық адам болатын, 

репрессияны басынан өткерген, лагерлерде көп жылдар бойы отырған, көзі тірісі кезінде бұл 

туралы көп әңгіме айтатын және біздің отбасымыз үшін үлкен беделі болатын.




жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау