Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет14/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

38 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



аурулар, олар жүздеген жылдар бойы зерттелгеніне қарамастан, әлсіздіктің белгісі ретінде 

бұрынғысынша көптеген адамдар өз қалауы мен қыңырлығына бейімделу деп қабылданады.

«Біз және олар» деп аталатын стратегияның бір бөлігі шеңберінде психикалық бұзылуларға 

жалғандық пен қылмыс үшін кешірім ретінде бейнеленген «өзін-өзі атап шақыру» деген теріс 

түсінік берілген. Бұқаралық ақпарат құралдары стигматты қаталдықты негізгі элемент ретінде 

ұсынатын стереотиптерге негізделген тар тарихты ұсынып қолдайды. Психикалық ауру адам-

дарды  көбінесе құрбандыққа шалуға болады деп танып, оларды жағымды образға жақын етіп 

көрсету немесе «жынды болуға лайық» етеді. Кинематография мен теледидарда психикалық 

науқастарды комедия элементтерінің бірі етіп көрсетіп, кейіпкерлерге жиі күледі.

Алдын ала жоспарланған ойдың жетегіне еріп, ол адамның мінез-құлқына теріс баға беруге 

негізіміз  болмаса да қалыптасқан жалған сенімнің соңында жүру осы мінезімізді ақтап келеді. 

          Ақыл-есі кемістердің өз құқтарын қорғауға қабілетсіздігіне қарамастан кемсітушіліктерге 

ұшырауы стигма мен сенімсіздіктің теріс салдары болып табылады. Біздің қауымдастықтың 

кейбір адамдары стигма мен сенімсіздікке байланысты, басқаларды өз құқықтарын қорғау 

мүмкіндіктерінен айырып келеді. Бұл мысал көптеген жағдайларда көрініс табуда: заңнама 

саласында бұрмалаушылық, науқастарды жұмысқа алуға бас тартуы, ақыл-ой ауруларынан 

зардап шеккен адамдарды белгілі бір әлеуметтік топқа қабылдамау, атап айтқанда үйленуге, 

некеге тұруға бас тарту.



Емдеудегі комплаенттік мәселесі 

Психикалық ауытқушылықтарды емдеу әрдайым кешенді болуы керек, яғни психотерапиялық 

әдістемелерді, техниканы қолдану және міндетті түрде сауатты да адекватты дәрілік тера-

пияны қамтуы керек (мысалы, селқостыққа жол беріп «қайдан шықса онан шықсын», «тисе 

терекке, тимесе бұтаққа» дегендер т. с. с.).

Психотроптық  препараттар  адамдарды  тәуелді  етеді  немесе  «өсімдіктерге»  айналдырады 

деген жиі тараған. Шын мәнінде, психотроптық препараттардың тобының кейбір түрлері ғана,  

бақылаусыз қабылдаған кезде азғантай ғана дәріге тәуелділік тудыруы мүмкін - бұл көбінесе 

өздігінен  емделудің  нәтижесі. Үлкен  нейролептиктерді  ұзақ  уақыт  пайдалану  адамның  тек 

қана  эмоционалды-ерікті  саласын  басуы  мүмкін,  біздің  уақытта  олар  ауыр  психотикалық 

бұзылыстарды  емдеуде  қолданылады  және  міндетті  түрде  теріс  әсерлерін  төмендететін 

«реттегіштермен» бірге қолданылады.

Басқа да дәрі-дәрмектер сияқты, психотроптық препараттарды терапевтік дозада қолданылған 

кезде «бауыр, бүйрек және т.б.» улы әсерін тигізбейді. Адамдарды көбінесе «дәлелді меди-

цина» қағидаларына жатпайтын фитотерапия немесе кеңінен жарнамаланатын заттар әртүрлі 

деңгейдегі психикалық бұзылыстарды емдеуге тиімді көмектесе алады деген жалған ұғымға 

итермелейді, бұл жалған ұғым халықтың дәстүрлі медицинасына да қатысты.

Адамзат  баласы ХХ-шы  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап,  яғни  психофармакологияның 

қарқынды дамуымен байланысты, психикалық бұзылыстарды тиімді емдей бастағанын айтып 

кеткім келеді. Психикалық бұзылыстарды емдеу, сондай-ақ кез келген ауруды емдеу сияқты–

бұл  «қас  қағым  сәтте  тиімді»  әсер  ететін  «сиқырлы»  нәрсе  емес,  бұл  уақытпен  қажырлы 



Психикалық бұзылулар туралы жалпы мәліметтер

 

39



еңбекті қажет ететін үрдіс. Сондықтан да,  психикалық бұзылыстарды емдеуде «комплеанттік» 

маңызды орын алады.

Пациенттер дәрігердің тағайындауларын тез әрі толық сауығып кету (жедел ауруларда) немесе 

жағдайын  тұрақтандыру  (сақталынған  сырқат  кезінде)  мақсатында  саналы  түрде  барынша 

бұлжытпай орындауын «комплаенс» деп атайды.

Қазіргі  таңда,  комплаенс  дегеніміз  -  пациенттердің  емдеу  бағдарламасында  көзделген 

тағайындауларды  ерікті  түрде,  оның  ішінде  тек  қана  фармакотерапиялық  әрекеттер  ғана 

емес,  әртүрлі  психотерапиялық  емдеу  әдістері  мен  оңалтуларды  орындауы.  Комплаенс 

пациенттің  өз  денсаулығын  емдеуге  қатысты  сұрақтарға  шешім  қабылдауға  шыдап-бағып 

қатысуын қарастырады. Дұрыс қарастырылмаған терапия нәтижесіз емдеудің негізгі себебі 

болып табылады. Егер де тағайындалған емдердің пациентке әсері байқалмаса, науқас осы 

емге резистентті болып табылады ма, әлде комплаентті ме, соны анықтау керек. 

Қазіргі ақпараттық келісім концепциясы бойынша «белгісіздік үрейін» жоюға және дәрігердің 

терапевтік артықшылықтарын шектеуге мүмкіндік береді, бірақ бұл жерде басқа проблема 

туындайды – пациенттің дәрігер ескерткен емдеуден туындайтын тәуекелдерден қорқынышы.  

Қай-қайсысы болса да науқаста дәрігердің ұсыныстарына деген сенімсіздік ұялатады, әрі оны 

орындамауға себеп болады, ал аурудың ағымы өз кезегінде ушығады. Мұндай жүріс-тұрыс 

нонкомплеанттік деп аталады және тиімсіз, әрі шығынды емделудің бірден-бір себебі болып 

табылады. 

Сөйтіп, комплеанс терапияның сәттілігінде маңызды рөл ойнайды, ал дәрігер мен науқастың 

сапалы қарым-қатынасы емдеудің жақсы нәтижесінің кепілі болып табылады.

Психолог, психотерапевт-дәрігер, психиатр - айырмашылықтары неде?

Психотерапевт-дәрігердің құзыры туралы аздаған мәлімет

Психикалық денсаулық саласындағы әртүрлі мамандардың біліктілігінің шекараларын нақты 

көрсету қажет:

Психологтар  -  күнделікті  тұрмыстық  деңгейде  жұмыс  істейді, 

әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектеседі, яғни емдемейді

;

Психотерапевт  -  халықтың  ең  үлкен  бөлігімен  жұмыс  істейді: 

невроздар,  депрессиялар,  үрейлер,  фобиялар,  паникалық  шабуылдар, 

ұйқысыздық, алаңдаушылық, стресске реакциялар, бейімделу ауытқулары 

психосоматикалық  аурулар  және  соматоформалық  бұзылыстар  және 

тәуелділіктердің кейбір түрлері, яғни «жеңіл психикалық бұзылулар»

;

Психиатрлар  –  көбінесе  психотикалық  деңгейдің  бұзылуларымен  жиі 

жұмыс  жасайды,  яғни  жиі  стационарлық  емдеуді  қажет  ететін  «ауыр 

психикалық ауытқулар

».



жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау