Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мүгедектік деген не?
27
Жеңілдік мәні:
аталған адамдар мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген өзі тұрып жатқан
жылжымайтын мүлікті тегін алу құқығы бар.
Заңға сілтеме: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13-бабының 8-тармағы»
Темір жолмен жүру үшін жеңілдік
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?
I және II топтағы мүгедектер.
Жеңілдік мәні:
аталған адамдар («Алматы-Шымкент» бағытынан басқасы) республика
аймағында «Тұлпар-Тальго» барлық поездар бойынша 50 пайыздық жеңілдік ала алады.
Өскеменнен жарты бағаға «Тұлпар-Тальго» пойызымен Астана мен Алматы қалаларына дейін
жетуге болады. Жеңілдікті пайдалану үшін теміржол вокзалының кассаларында арнайы
«Қамқор» дисконттық картасын сатып алулары қажет. Бұл тек 200 теңгені құрайды, бірақ кар-
точкалар әрдайым қол жетімді емес деп ескертеміз, сондықтан оларды алдын ала алуға қам
жасау керек.
Ұшақпен ұшуға арналған жеңілдік
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?
I топтағы мүгедектер және мүгедек балалар,
сондай-ақ оларды бірге алып жүретін адамдары.
Жеңілдік мәні:
: І топ мүгедектерінің, мүгедек балалардың «Sсat Airlines» компаниясының
авиарейстерінде жылына бір рет беретін тегін ұшу құқығын қолдана алады. Мүгедектігі бар
адаммен бірге жүретін адамға жылына бір рет 50% жеңілдік беріледі. Жеңілдік Қазақстандағы
авиакомпаниялардың барлық тұрақты рейстеріне қатысты. Субсидияланған (яғни мемлекет
бекіткен) және чартерлік рейстер кірмейді.
Анықтама телефоны: 8 (7252) 99-88-80 («Scat Airlines» компаниясының ақпараттық қызметі)
28
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Жұмыс орнындағы жеңілдіктер
Еңбек кодексінде денсаулығының ауыр проблемалары бар адамдарға жеңілдіктер туралы
бірнеше жеңілдіктер бар. Мәселен, мүгедектермен еңбек келісімшарттары қызметкердің жеке
мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шарттарды қамтуы
тиіс. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды ауыр жұмыстарға тартуға болмайды (Қазақстан Респу-
бликасы Еңбек кодексінің 28-бап, 2-тармағы, 77-бабы, 3-тармақ, 3 тармақшасы).
Мұндай жұмысшылардың кейбір санаттары үшін бірнеше жеңілдіктер бар.
Жұмыс және демалыс уақыты
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?
I және II топтағы мүгедектер.
Жеңілдік мәні:
аталған топтың мүгедектері болып саналатын жұмысшыларға қысқартылған
жұмыс уақыты - аптасына 36 сағаттан аспайды; осы санаттағы қызметкерлердің күнделікті
жұмысының (ауысымдық) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс; жыл сайын кезекті еңбек дема-
лысына ақылы алты күнтізбелік күннен кем емес уақыт қосымша беріледі.
Заңға сілтеме: ҚР Еңбек кодексінің 69-бабы, 3 тармақ, 89-бабы, 1-тармағының,
2-тармақшасы.
Қысқартуларға тыйым салу
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?
18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп
отырған жалғызбасты аналар.
Жеңілдік мәні:
•
мүгедек баласы бар жалғыз басты аналарды келесі себептермен жұмыстан шығаруға
болмайды:
•
қызметкерлер санының немесе қызметкерлер штатының қысқартылуы;
•
жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырған өндіріс
көлемінің, атқарылған жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің төмендеуі.
Заңға сілтеме: ҚР Еңбек кодексінің 54-бабының 2-тармағы.
Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық қызметін реформалау туралы қысқаша ақпарат.
29
Сарапшының пікірі
Сағат Алтынбеков
Медицина ғылымдарының докторы
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ психиа-
трия және наркология кафедрасының меңгерушісі»
Қазақстан Республикасындағы психикалық
денсаулық қызметін реформалау туралы қысқаша ақпарат
Қазіргі уақытта психикалық денсаулық қызметінде реформа жүріп жатыр, оның мәні терапия
және психикалық науқастарды оңалту аспектісінде амбулаториялық қызметтің функционалды
мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Реформалардың нәтижесінде оңалту және бейімдеу
қызметтері, үкіметтік емес ұйымдардың функционалдық қолдауымен атқарылатын бастапқы
медициналық-санитарлық көмек (БМСК) пен психикалық денсаулық қызметтерін біріктіру,
сондай-ақ, «үшінші буын» деп аталатын - тәулік бойғы және күндізгі стационарлар желілері
ашылатын болады.
Психиатриялық қызметтің алғашқы және екінші буынына
БМСК ұйымдары ұсынылады:
отбасылық денсаулық орталығы, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
бөлімі, бастапқы және үлкен психикалық денсаулық орталықтары ұйымдастыру-әдістемелік
консультативтік бөлімшелері, үкіметтік емес ұйымдар, атап айтқанда, «кішігірім үйлер»,
психологиялық (соның ішінде наркологиялық) ауытқушылықтары бар адамдар үшін
әлеуметтік-медициналық еңбек ұйымдары мен әлеуметтік оңалту орталықтары.
Алғашқы буындық
қызмет психикалық аурудың алдын алуға және республика халқының
псхикалық денсаулығын жақсартуға бағытталатын болады, сондай-ақ (динамикалық
бақылауды қоса алғанда) азаматтарға тиімді психиатриялық көмектің уақыттылығы мен
сабақтастығын қамтамасыз етуге ықпал болады.
Психикалық денсаулық қызметінің
екінші буыны
психоқалыптасу мен психогигиенаны,
сонымен қатар, психикалық саулық мәселелері бойынша психикалық және мінез-құлық
бұзылыстары бар адамдарды ақпараттандыруды арттыруды қамтамасыз етеді; психикалық
және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың қоғамға реинтеграциясын қамтамасыз ету,
дәрілік заттарды жеткізу. Ерекше назар (жұмыспен қамту, құжаттарды дайындауға көмек,
үй шаруашылығын жүргізуге дағдысын жақсарту, тұрмыстық және қаржылық дербестікті
жақсарту) пациенттердің әлеуметтік ортаға оралуына және әлеуметтік қолдау аспектілеріне
аударылатын болады;
Психикалық денсаулығын қорғаудың екінші буынының қызметінде үкіметтік емес
ұйымдардың ролі жетекші болады, оларға психо-оңалтуды, қайта әлеуметтендіруші шаралар,
сонымен бірге пациенттердің еңбекке қайта бейімделуін тікелей жүзеге асыратын жұмыстар
жүктелмек.