Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет12/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

Пайда болу себептері, психикалық бұзылыстары бар адамдарды емдеу және оңалтудың ерекшеліктері жайлы 

 33


 

► Сұрақ: 



Психикалық ауытқуларды болдырмау мүмкін бе? Психикалық 

аурулардың алдын алу дегеніміз не??

И.Г.: 

Біз алдын алу туралы айтсақ, біз мүмкін болады-ау деген себептерді ұғамыз, олар бәлкім 

жәрдемші болды немесе аурудың ағымын асқындырады  немесе аурудың құрылымындағы 

жүріс-тұрыстық  ауыр  бұзылыстарға  себепші  болуы  мүмкін.  Мысалы,  жасөспірім  кезінде 

ішімдік,  есірткі  тәрізді  психоактивті  заттар  тұтыну  психикалық  бұзылыстарды  арандатуы 

немесе оның белгілері болуы мүмкін. Біз ондай айқын симптомдарға араласатын және ықпал 

ететін болсақ, мысалы, есерсоқтық, қатерлі жүріс-тұрыстарға біз профилактикалық тұрғыдан 

әрекет  ете  аламыз.  Бірақ,  әңгіме  шизофрения  жайлы  өрбитін  болса,  әзірше  бұл  ауруды 

толығынан ескерте алмаймыз. Қайталап айтатын болсам, бізде әзірше биологиялық маркер 

жоқ. Әрине, біз жүктіліктің ағымы асқынусыз өтуі үшін барлық мүмкіндікті пайдалануымыз 

керек деп санаймыз, босану үрдісін дұрыс жүргізу саналы түрде әрі ойластырылған болуы 

керек. Бірақ, біз әлі этиопатогенетикалық, этиологиялық тұрғыда араласа алмаймыз, яғни, бұл 

аурудың пайда болуының терең себептеріне ықпал етуге медицина әзірше  дәрменсіз.

 

► Сұрақ: 



Маманға кеңес алу үшін неге көңіл бөлу керек?

И.Г.: 

Біріншіден,  қоғамда  жаман  аты  бар  психиатриялық  кемсітушіліктен  құтылу  үшін 

ағартушылық жұмыспен айналысуымыз керек. Бұл шындық, әлем халқының 1% -ы, олардың 

әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан, шизофрениямен ауырады.

Туыстары  мен  жақын  адамдарына  ненәрсеге    назар  аударуы  керек?  Өйткені,  олар  бірінші 

болып  адамның  мінез-құлқындағы  қалыптасқан  өзгерістерді,  әдеттегі  өмір  салтын 

бұзушылықты байқайды. Мысалы, алғаш кездерде гигиеналық процедураларды елемеу. Яғни, 

айқын дөрекі бұзушылықтар галлюциноз түрінде басталмас бұрын қимыл жасау керек, адам 

жоқ субъектімен сөйлесе бастағанда ғана  туыстары дабыл қағады. Бірақ аурудың басталғанын 

ертерек  байқауға  болады.  Мәселе  туыстардың  бар  шындықты  қабылдауға  дайын  болу-

ында, адамдар көп жағдайда ол өзгерістерді басқаша түсіндіруге тырысады - жұмысындағы 

қиындықтарды,  мазасыздықты,  қоғамдағы  қақтығыстарды  және  т.б.  жаба  салады.    Біздің 

мамандықтан алыс адамдар жеке түсініктерін алға тартпаса дұрыс болар еді деп ойлаймын. 

Дереу кеңес алуға жүгіру керек. Себебі психиатр, психотерапевт, психолог, жұрт аңғармаған, 

адамның айналасындағылар байқамаған өзгерістерді бірден байқайды. 

«Менің  сүйіктіме  не  болған?» деген  сұраққа  жауап  бере  алмасаңыз,  қоңырау  шалу  керек,  

маманнан кеңес алуыңыз керек. Неліктен бір адам ұйықтамайтын, жуынбайтын болды,  бұрын 

сүйген нәрсесін ұнатпайтын болды, неге туыстарына суып кетті, сезімтал болып кетті? Яғни 

түсіндіруге болмайтын жағдай орнады. 

Неғұрлым тезірек мамандар бұл сұрақтардың жауабын іздеуді бастаса, бұл жерде біз ең ауыр 

ауру  туралы,  биполярлық  бұзылуларды  айтып  отырған  жоқпыз,  нәтиже  соғұрлым  табысты 

болады.


Яғни, сіз өзіңіз үшін нәрсені түсіндіре алмасаңыз, онда маманға барып, онымен байланысты 

мәселелерді талқылап «Не болып жатыр?» деген сұраққа бірге жауап іздуге тырысыңыз. Дәрігер 

кеңес  бергенде  ғана,  не  істеу  керектігі  түсінікті  болады.  Себебі  осындай  түсінбеушіліктер 

адамды емші кемпірлерді іздеуге, экстрасенстерге, әулие, бақсыларға баруға апарады. Бізге 




34 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



бірнеше рет қамшымен арқасына соққы жасалған ауруларды бізге алып келді. Біз, маман-

дар ретінде, мұндай әдістермен емдеуге күмәніміз зор. Егер бұл қарапайым невротикалық 

бұзылыс болса, онда бұл «сапар» кейбір жағдайларда уақытша жеңілдікті әкелуі мүмкін, бірақ 

ауыр сырқатқа қатысты мұндай тәжірибе өте қауіпті.

Көбінесе, адамдарды бақсы кемпірлер мен экстрасенстерге барудан бас тартқызу қиын, бірақ 

егер  бұл  «біздің»  бұзылулар  болса,  олардың  туған-туысқандары  мен  туыстары  жоғалған 

уақыттарына кейін өкінеді.

 

► Сұрақ: 



Туыстардың біреуіне психикалық бұзылыстың диагнозы 

қойылған жағдайларда, отбасы мүшелері бұл жағдайды трагедия 

ретінде қабылдайды. Жақын адамдары, көбінесе, бұл жағдайды дұрыс 

мінез-құлықпен қабылдай алмайды. Кейбір аурулардың жақындары 

өзін құрбан етуге дайын болса, екіншілері науқастан алыс жүруге, оны 

оқшаулатуға тырысады. Психикалық бұзылыстары бар туыстарына, 

отбасыларына, жақын достарына қандай кеңес берер едіңіз?

И.Г.: 

Мен өзім әрқашан білім мен ғылымға арқа сүйеймін. Әр науқастың жеке тарихы болады. 

Мәселе  жай  ғана  науқас  адам  жөнінде  емес,  ол  адамның  жақын  туыстарының  ажырамас 

бөлігі ретінде қаралуы керек, себебі оның жақындары бұл қайғылы жағдайды өз бойлары-

нан өткізеді, күйзеледі. Дәрігердің кеңестері мен ұсыныстарын тыңдау өте маңызды. Егер ол 

аурудың жағдайын ұстап тұратын емдеу болса, оған араласу қажет, пациент дәрігермен жақсы 

қарым-қатынаста болмаса, бұл жағдайды дәрігерге айту керек, талқылау керек.

Науқастың  туыстарының  әдебиетті  көбірек  оқып  қызыққаны  дұрыс.  Өзіңнің  де  психоте-

рапевтке  көрінгенің,  жүйке  саулығыңа  көңіл  бөлсең  артық  болмайды.  Дәрігермен  сенімді 

қарым-қатынас орнату, онымен барлық мәселелерді талқылау өте маңызды. Аурудың адамды 

өзгертетінін түсіну қажет, адамның ерік-жігері, сезімталдығы  нашарлауы мүмкін, адамның 

өз гигиенасына, қызметтік мансабына көзқарасы өзгеруі мүмкін. Осындайда жақын адамыңа 

күнделікті дағды істерін уақытында атқаруға, отбасының істерінен шет қалмауға көмектесуі 

қажет. 


Ешбір  жағдайда  ауру  мәселесіне  немқұрайлы  қарауға  болмайды. Аурудың  бар  екені  анық.  

Түсіну қажет – ауру үшін де, туыстары мен науқастары үшін енді басқа ешқандай өмір бол-

майды.  Сондықтан  мүмкіндігінше  ауру  жақынымызға  мүмкіндігінше  қалған  өмірін  тиімді 

де,  нәтижелі  өмір  сүруіне  көмектесуге  тиіспіз.  Егер  адамның  достары  болса  -  бұл  қарым-

қатынастарды  үзбеу  керек,  спортпен  әуесқойлықты,  музыканы,  сурет  салуды  қолдайтын 

достары, әріптестері болса оларды қатынаста ұстаған дұрыс. 

Яғни  адамның  өмірін  өз  жасына  лайықты  психикалық  диагностикалау  нормативімен  сай 

келетін істердің бәрін қолдаған жөн. Мен әрдайым туыстарыма айтамын: «Адам аттан құлап 

түсіп, оған қайтып мінсе, неғұрлым оған жақсы болғаны». 

Ең бастысы, біздің пациенттеріміздің туыстарына ғана емес, жалпы қоғам үшін де білім және 

ағарту маңызды болып табылады. Әрине, бұл мәселелерде жиі ескерілмейтін дәрігерлердің 

көзқарастарын өзгерту керек, олар көп жағдайды қолдары таза емес «мамандарға» басымдық 

беруге көне береді. Мен дәрігерлерге әрдайым айтып жүрмін:  біздің көмегімізбен науқастың 



жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау