Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Тағамдардың аттарын білдіретін сөздер



жүктеу 2,58 Mb.
бет11/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

Тағамдардың аттарын білдіретін сөздер
Өтпек (Гур., Маңғ.; Орал., Жән.) – пешке пісірілген бөлке нан. Татар тілінде икмәк деп аталады.
Кісе нан (Орал.,Жән.) – ішіне туралған ет салынып, табаға пісірілген нан. Бұл сөздің бірінші сыңарындағы кісе татар тіліндегі қалта дегенді білдіретін кәсе сөзіне ұқсайды. Нанның бұл түрінің тұрғындардың тілінде әуелде кісе нан аталуы оның ішінің қуыс болуымен байланысты болса ғажап емес.
Талқы шәй ( Түрікм.: Красн., Ашх., Тедж.; Гур., Маңғ.) – нансыз, қантсыз ішілетін құр шәй. Түскі шай талқы шаймен болды.
Іңкәл (Орал.: Орда., Казт., Жән.; Гур., Есб.; Ауғ., Иран.; Рес.: Сарат., Калм.) – етке салатын нан. Ішіне іңкәл салынып, балбырата пісірілген мол ет әкелді.
Қалаш (Орал., Орда.) – бөлке, наубайханада пісірілген нан (ақ нан). Дүкенде үнемі қалаш сатылып тұрады. Ноғайша қолаш, башқұрт тілінде қалас.
Салма
1. (Қ. орда: Сыр., Жал.; Орал: Чап., Жән.; Көкш.,Чкал.; Гур., Рес., Орын.) – кеспе. Қонақтарға салма жасап, берейін (Қ. орда, Жал.). Салма жасап беретін түйір жоқ (Орал, Жән.). Кемпір-шал қояр да қоймай дәмді етіп пісірген етті салмамен сыйлады.Тамақтың салма, кеспе деген түрлері бар (Көкш, Чкал.). Сіздерде кеспе десе, мұнда салма дейді (Гур., Есб.).
2. (Жамб., Жуа.) – жұқа етіп жайып, бұрыштап кесіп қайнатып, сүзіп алып үстіне май құйып жасайтын тамақ.
3. (Сем., Абай.) – қуырдаққа араластырылған қамыр нан. Қонақтарға салма жасау керек. Түрікше салма күріштен жасалған тамақ, чуваштарда салма қамырдан үзіп-үзіп пісірілген тамақ түрі.
Ағарған (Түрікм., Красн., Ашх.,Таш., Мары., Небид.; Гур., Маң., Жамб., Жам.) – сүттен жасалған сусындар. Түйенің сүтінен басқа ағарған жасалған жоқ (Түрікм., Красн.). Қара жоқ маңда жайылған, ағарған жүзін көрмедік, болмады бір мал сауылған (Аралбай ақын). – Рахмет, асығыспын. Ағарған ауыз тигізсеңіз болды, - деді... Кәлен. Түрікменше – агарган, қарақалпақша – агарган, әзербайжанша – агаранты. Ертедегі жазба ескерткіштерінің бірінде: ағарбак бидайды келіге түйіп, су қосып жасалған ішімдіктің түрі (боза).

жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау